Математикалық жұмбақтар

Бұл бөлімде 33 жұмбақ бар.

Бұл бетте есептеуді және логикалық пайымдауды қажет ететін математикалық жұмбақтар берілген. Әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар ойлау жылдамдығын арттырып, есеп шығару дағдысын жетілдіреді. Жауаптары тексеру үшін бірге ұсынылған.


Көлден ұшты жеті қаз,
Қайтып қонды екі қаз.
Қонбады оның нешеуі,
Қане, кім тез шешеді?



Буыршын мен атан бар,
Тайлағым мен ботам бар.
Үш інгенге иемін:
Санын айтшы түйенің?



Алдында үш балапан,
Артында үш балапан.
Ақ тауық пен балапан
Айтшы санын, балақан.



Жетпісті қуып жетем десең,
Мөлшерлеудің жөні бұл.
Жетіні қанша еселесең,
Жетесің?
Соны біл!



Алпыс ала қарға,
Қырық қара қарға,
Таласты жемге
Жатқан ақ қарда.
Ала қарғалар ала қашады.
Қара қарғалар алдын тосады.
Қайта айналып жерге қонады.
Барлығын қоссаң, қанша болады?



Ала шапан киініп,
Қарбыз жатыр үйіліп.
Қарбыздарды шетінен
Санап шықтым екіден.
Бесеу болды жүп саны,
Нешеу болды түп саны?



Онжан тапқан
Он жаңғақтан
Екіден-ақ
Еппен санап,
Балжан алды,
Әлжан алды,
Қалжан алды,
Қанша қалды?



Бір-бірімен жарысқан - 4 аю, 1 арыстан, 2 қой мен 1 түлкі.
Бәрі нешеу кім білді?



Портфелімде әуелі, 13 жаңғақ бар еді,
Науат пен Сағатқа, Самат пен Маратқа, Апасына Қанаттың,
Екі-екіден тараттым.
Қанша жаңғақ қалғанын, айта қойшы шешімін?



11 түйе, 5 жылқы, 2 сиыр, 2 ешкі, 2 қоян, 3 түлкі, таба алмасаң, бол күлкі.
Барлығы қанша болды?



Биік терек алда тұр
Басында көп алма тұр
Бұтақ сайын 5 алма
5 бұтақта неше алма
Қане ойлап бағайық
Шешімін тез табайық.



2 бала көзін басты
5 бала тұра қашты
Үшеуі сайға тығылды
2-уі ойға тығылды
Қанша бала тығылмақ
Ойнайды екен, жылдам тап?



Аулада 5 үйрек, қорада 3 үйрек.
1 үйрек тығылды,
1 үйрек жығылды,
Қалғаны неше үйрек?



Мұрат мектепке жаяу барады. Жолдың төрттен біріне келгенінде мешіттің жанынан, үште біріне келгенінде балабақшаның жанынан өтеді. Мешіттің жанына келгенде сағат 7.30, ал балабақшаға келгенде 7.35 болады. Әли үйден сағат нешеде шығады және мектепке нешеде барады?



Дастархандағы ыдыста бірнеше алма бар еді. Анасы мұның үстіне бірнеше алма қосып 2 есеге көбейтіп қойды. Үйге кірген үлкен баласы 8 алма алып кетті. Алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп алма қосып қойды. Даладан келген екінші баласы да 8 алма алып кетеді. Дастархандағы алманың азайғанын көрген анасы тағы 2 есеге көбейтіп қояды. Үшінші баласы келіп, 8 алма алып кетеді. Нәтижеде дастарханда ешқандай алма қалмайды. Ең бастапқыда дастарханда қанша алма бар еді?



Қыр басындағы үйіне 9 минутта барып келетін велосипедтегі адам төбеге көтерілу үшін, төменге түсетін уақытынан бес есе артық уақыт жұмсайды. Бұл адам төбеге қарай қанша минут жол жүреді?


Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?
Сөредегі кітаптар
Үш дос сөреде тұрған кітаптар санын болжамдап айтады: 43, 34, 41. Барлығы қате айтады. Біреуі 6 санға, біреуі, 3 санға, ал біреуі 1 санға жаңылысады. Сөреде қанша кітап тұрғанын таба аласыз ба?



2017 жылы жасы жыл сандарының қосындысына тең болған адам қай жылы туылған?



Екі бүтін сан табыңыз олардың көбейтіндісі бірлік сан, ал қосындысы ондық сан болсын.



Өзеннің бір жағасында 10 метр, арғы жағасында 15 метр биіктікте екі ағаш тұр. Екі ағаштың төбесінде бір-бір құстан қонып тұр. Өзеннің ені 25 метр. Екі құс бір уақытта өзенде жүзіп жүрген бір балықты көріп, тез ұшып балыққа бірдей уақытта жетіп барады. Құстардың жылдамдығы тең болуына қарағанда, балық ұзын ағаштың түбінен қанша метр қашықтықта жүзіп жүр?



Атамыздың туылған жылын сұраған едік. Туылған жылын 131-ге бөлсе 112, 132-ге бөлсе 98 шығады деді, атамыз қай жылы туылды?



Төмендегі теңдеудің сол жағындағы 6-лардың арасына +, -, х, :, (қосу, алу, көбейту, бөлу) таңбаларын қойып, қажет болса жақша қолданып оң жағындағы нәтижені шығара аласыз ба?
6 6 6 6 = 5
6 6 6 6 = 6
6 6 6 6 = 8
6 6 6 6 = 24
6 6 6 6 = 30
6 6 6 6 = 48
6 6 6 6 = 66
6 6 6 6 = 180



3 адам ортадан ақша шығарып 30 теңгеге нан алдырмақшы болыпты. Әр қайсысы 10 теңгеден шығарып, кішкентай баланы нанға жұмсап жібереді. Бала нанды 25 теңгеге сатып алады. Наннан артылған 5 теңгенің 2 теңгесін өзіне алып, қалған 3 теңгені үш адамға бір-бір теңгеден бөліп береді. Бұл кісілер басында 10 теңгеден берген еді. 1 теңгені қайтарып алғанда 9 теңге берген болады. 3 адам 9 теңгеден бергенде үшеуінің қосындысы 27 теңге болады. Баладағы 2 теңгені де қосқанда 29 теңге болады. Сонда бір теңге қайда кетті?



1) Бір сан ойлаңыз!
2) Бұл санды 4-ке көбейтіңіз!
3) Оған 18-ді қосыңыз!
4) Шыққан санды 2-ге бөліңіз!
5) Нәтижеден 7-ні алыңыз!
6) 3-ке көбейтіңіз!
7) 6-ға бөліңіз!
8) Баста ойлаған санды алып тастаңыз!



Төмендегі есепте әрбір әріп 1ден 9 ға дейінгі санды білдіреді. Әріптерде жасырынған сандарды таба аласыз ба?
A B C + D E F - G H I = 1 0 0


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері