Егіс пен өсімдіктер өлкесі туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде 343 жұмбақ бар.

Бұл бөлімде өсімдіктер, гүлдер және егіс тақырыбына қатысты жұмбақтар берілген. Табиғат туралы білімді кеңейтуге көмектеседі.


Өзі күннен бір аумайды
Шұғыладан нұр аулайды.



Қадау-қадау, қадауыл,
Күні-түні қарауыл
Қарап тұрған бір ауыл.



Жасыл боп ұйқыдан ояндым,
Ұйықтарда сарыға бояндым.



Жарып жарғақ жөргегін,
Қызыл моншақ тергенің.



Төбесіне тігіп көк шатыр,
Көлеңкесінде көп тамыр,
Көгілдір болып доп жатыр.



Гүл секілді,
Құлпырады, көктейді,
Күн секілді,
Бірақ, нұрын төкпейді.



Көктемде –
Түрлі-түске малынған,
Қыста –
Ақ жамылғы жамылған.



Теңіз дерсің,
Толқып жатқан,
Ару дерсің,
Сырға таққан.



Жасыл желекті,
Жүзін жел өпті.
Көктемнің құшағына құлап
Тұрады қуанғаннан жылап.



Сыздардай сымбатты
Көңіліңді бұрады.
Күнмен тілдесіп
Ән салып тұрады.



Бір кезде қыз, келіншек болған мырза,
Өзінің көркемдігіне болып ырза.
Біраздан соң түрін көрсең,
Қалады бөлек-бөлек болып сайда.



Алыстан қарасаң, қара,
Жақындасаң, бала.
Ұстаған таяқ,
Жесең, тамақ.



Онда барып, ондай болдым,
Мұнда келіп, мұндай болдым,
Белін буған қындай болдым.



Сәл иіліп, сәнденіп,
Бақшада тұр сары бөрік.
Күзде жинап жаншысаң,
Сорғалайды май болып.



Жүзін орап гүлменен,
Күнге қарап телмірер.
Тіспен шағып, тілменен
Дәмін татқан ел білер.



Шөлде гүлдейді, құлпырады,
Суда өмірі қырқылады.



Қыс болса, ұзын бойлы жалғыз тұрған,
Жаз болса, түрлі құстар келіп қонған.
Қысты күні киімсіз, жазда киімді,
Жыбырлап түрлі жәндік соған толған.



Шақырсаң, өздігінен бара алмайды,
Сұрасаң, бірде жауап бере алмайды.
Егер де отқа салсаң, өліп кетер,
Бір жерін кесіп алсаң, қанамайды.



Кіргенде жерге сыңар-ды,
Ұрпағын ертіп ол шығарды.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері