Бұл бөлімде аңшылық туралы жұмбақтар ұсынылған. Тақырыптық сұрақтар арқылы балалар мен оқушылар жаңа сөздер мен ұғымдарды меңгереді. Жұмбақтар қызықты әрі танымдық бағытта құрылған. Әрқайсысының жауабы бірге көрсетілген.
Құрығы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?Жылқышы
Қармағы бар қолында,
Кімді айттым ойымда?Балықшы
Қара күшігім қаңқ етті,
Дауысы Бұхарға жетті.Мылтықтың даусы
Өмір-өмір өмірден,
Жаққан оты көмірден.
Шыңырау деген бір құс бар,
Жұмыртқасы темірден.Мылтық, оқ
Судыр-судыр жүрегім,
Судыр қара дөненім.
Желіп кетсе жеткізбес,
Түсіп кетсе таптырмас.Ор
Су ішінде өрмек құрдым,
Ала жаздай ермек қылдым.Ау
Тұрса түйедей,
Жатса қояндай.Ертоқым
Сүмбелі теректі,
Қызыл желекті.
Ерден қалмайды,
Жауда керек-ті.Найза
Құрт іліп, суға малып алдым,
Тереңнен балық алдым.Қармақ
Білетін бар жұмысы:
Әлемнің төрт бұрышы —
Оңтүстік пен солтүстік,
Батыс пенен шығысы.
Компас
Көліксіз өмір сүрмейді,
Ғұмыры жаяу жүрмейді.Ер-тоқым
Пайдаланып тұрғанда
Тастайсың суға лақтырып
Пайдаланып болған соң,
Арқалайсың сорғытып.Ау
Жалғыз бағыт білері,
Бұрғаныңа көнбейді.
Жол көрсетіп береді,
Бірақ өзі көрмейді.Компас
«Бөрік» емес десем,
Баста ғана тұрағы.
«Бөрік» дейін десем,
Көзді жауып тұрады.Томаға
Бір денеде үш ін,
Бір інде өткір жұқасы.
Келесі екі қос әлібін –
Сақтайды отағасы.Қын, пышақ, сақпы
Денесі жоқ, аузы қас,
Аузына түскен құтылмас.Қақпан
Қос құбыр,
Аузына іліккен,
Тез құрыр.Мылтық
Бүтін дейін десем бүтін емес,
Жыртық дейін десем ұстағанын жібермес.Ау
Бүтін дейін десем бүтін емес,
Жыртық дейін десем жыртық емес.
Жануармен ұрыс салады,
Өне бойы тыртық емес.Ау
Бір нәрсе жұдырықтай іші қуыс,
Адамға әр уақытта болар туыс.
Бір ердің мақұлығы тоқтатады,
Адамға мұны таппақ қиын жұмыс.Томаға
Аңшылық туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.
Аңшылық туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.
- Төлепбек Жантай
- Есбол Бозан
- Виктор Франкл
- Оразбай Сарыбаев
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі