Барлығы: 8 125
Ұлағатты сөздер – адамға ой салатын, өмірге бағыт беретін, рухани әсері терең мағыналы сөздер жинағы. Бұл бөлімде өмір, тәрбие, білім, достық, махаббат және адамгершілік туралы нақыл сөздер, дана сөздер мен қысқа ойлар берілген.
Егер сіз әсерлі ұлағатты сөздер, қысқа да нұсқа нақыл сөздер, адамға мотивация беретін даналық ойлар немесе қазақша мағыналы цитаталар іздесеңіз, осы беттен табасыз. Бөлім үнемі жаңарып, жаңа сөздермен толықтырылып отырады.
Орыстың бетін тырнап жіберсең астынан татардың беті шыға келеді.
Ілмектер: орыс, татар, бет, тырнау Лев Шестов
Жазушы – апандағы күшіктеріне аласұрып жүгіріп жеткен жаралы жолбарыс тəрізді.
Ілмектер: жазушы, апан, күшік, жолбарыс Лев Шестов
Философтарға қатысты əлі ешкім де «жалдамалы ар» дегенді қолданып көрмеген екен. Неге?
Ілмектер: философ, ар Лев Шестов
Өте ешкімге ұқсамайтын адамның қарабайыр жазушы ғана болуы жиі кездеседі жəне керісінше де болуы мүмкін.
Ілмектер: адам, ұқсау, жазушы Лев Шестов
Кекірік адамның ең асқақ ойларын күрт үзеді. Бұдан қажет болса, белгілі бір қорытынды шығаруға болар еді, бірақ, қажет болса, ешқандай қорытынды шығармауға да болады.
Ілмектер: Кекірік, адам, ой, қорытынды Лев Шестов
Мазақ пен мадақтың арасы да – бір-ақ қадам.
Ілмектер: Мазақ, мадақ, қадам Лев Шестов
Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.
Ілмектер: Күдік, Өмір, шығармашылық, күш Лев Шестов
Адамды қалпын өзгертпеген жағдайда тыңдау керек.
Ілмектер: тыңдау, адам Лев Шестов
Қиындықтан да, жақсылықтан да жоғары тұрғанды іздеу керек: Құдайға жол табу керек.
Ілмектер: қиындық, жол, құдай, жақсылық Лев Шестов
Адамгершілігі зор адамдар – ең кекшіл адамдар.
Ілмектер: адамгершілік, кек, кекшілдік, адам Лев Шестов
Жаңа ойлар, тіпті өз ойларың болса да, бірден ұнамды бола кете қоймайды. Алдымен оларға үйренісу керек.
Ілмектер: ой Лев Шестов
Ешбір ғылым, ешбір өнер қараңғылық құшағындағыдай тылсым сыйлай алмайды.
Ілмектер: ғылым, өнер, қараңғылық, тылсым Лев Шестов
Не қажет екенін білмеу – ең ұятты жағдай болып саналады.
Ілмектер: қажеттілік, ұят Лев Шестов
Өшпенділікке – оң мен солдың бəрі бір: құрал таңдамайды.
Ілмектер: өшпенділік, құрал Лев Шестов
Байбалам салу арқылы адам жанының кез-келген қажетінің аузына уақытша құм құя тұруға болады.
Ілмектер: байбалам, үндемеу Лев Шестов
Адамға ойдағы бір ізділіктен гөрі, дауыс ырғағындағы бір ізділік көбірек əсер етеді.
Ілмектер: ізділік, ой, дауыс Лев Шестов
Іс жүзіңде жасампаз адамның көретіні – əдетте тек қорлық қана.
Ілмектер: қорлық, жасампаздық, адам Лев Шестов
Наполеон адам жанының білгірі саналған. Шекспир де – солай. Ал олардың білімдерінің арасында ешқандай байланыс жоқ.
Ілмектер: Наполеон, Шекспир, білгір Лев Шестов
Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.
Ілмектер: өмір, қиындық, сәт, ойлану, қалам, ерігу, жазу Лев Шестов
Біз күлкілі болғандықтан емес, өзіміз көңіл көтеріп, күлу үшін біреуді келемеждеп, қылжақ етеміз.
Ілмектер: күлкі, көңіл көтеру, келемеждеу, қылжақ Лев Шестов
Данышпандар ақымақтардан артық білмейді: олардың бойындағы ержүректік пен өзіне-өзі сенімділік қана артық.
Ілмектер: данышпан, ақымақ, ержүрек, сенімділік, артық Лев Шестов
Мүмкін, оқырмандардың көпшілігі мұны білгісі келмейтін де шығар, бірақ Достоевский мен Ницще шығармаларында жауап жоқ, сұрақ қана бар.
Ілмектер: сұрақ, жауап, оқырман, Достоевский, Ницще Лев Шестов
Шағын міндеттерді орындай алмасын сезген кезде кейбіреулер ұлы мақсаттарға ұмтыла бастайды. Бір ғажабы, олардың жолдары болатын кездері де аз емес.
Ілмектер: мақсат, міндет, жол, ғажап Лев Шестов
Адамдар аса ашқарақ һəм үнемшіл: олар барынша көп білгісі жəне сол білімді барынша арзанға алғысы келеді.
Ілмектер: ашқарақ, арзан Лев Шестов
Ғылымның маңызды екендігіне даусыз нəрсе, бірақ онда да шындық деген жоқ жəне болмайды да.
Ілмектер: ғылым, маңыз, дау, шындық Лев Шестов
Дəлелдеудің ең жақсы əрі ең сенімді əдісі – өз талдауыңды жұрттың бəрі мақұлдаған, ешкімге тиіп кетпейтін бейтарап пікірлермен бастау.
Ілмектер: дәлел, әдіс, жұрт, пікір Лев Шестов
Адам бойында ешбір əдіспен өзгерте алмайтын əлде бір кемшілік кездессе оны кемшілік емес, жетістік деп жариялаудан басқа жол қалмайды.
Ілмектер: адам, әдіс, жетістік, жол Лев Шестов
Нағыз қажеттілік туған кезде ақымақ адамның өзі ақылды болып кетеді.
Ілмектер: қажеттілік, ақымақ, ақыл Лев Шестов
Ең соңғы жетістігіңді қорғау кезінде құрал таңдамайсың.
Ілмектер: жетістік, құрал Лев Шестов
Өзіндік пікірсіз, өз сенімінсіз адам қалай өмір сүрмек?!
Ілмектер: пікір, сенім, адам, өмір Лев Шестов
Бұл бетте өмір, адам, тәрбие, білім және руханият туралы ұлағатты сөздер, нақыл сөздер мен терең ойлар жинақталған.
Оқырманға ой салатын, мағынасы терең, қысқа да әсерлі қазақша сөздерді осы бөлімнен оқуға болады.
Бұл бөлімде өмір, тәрбие, білім, достық, адамгершілік және руханият туралы ұлағатты сөздер мен нақыл ойлар берілген.
Иә, бетте қысқа да нұсқа, мағынасы терең нақыл сөздер мен оқырманға ой салатын әсерлі тіркестер жинақталған.
Бұл бөлім оқушыларға, мұғалімдерге, студенттерге және мағыналы қазақша сөз іздейтін барлық оқырманға пайдалы.
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі