Қатындар жас баласын күтеді...
- 1
- 1
Қатындар жас баласын күтедi,
Аямай қолдан келген шамасын.
Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi,
Ержетiп eci кiрген баласын.
Бұл бетте «Мал жимақ» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.
Шәкәрім Құдайбердіұлы — осы өлеңнің авторы.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.
Бұл өлеңде Шәкәрім Құдайбердіұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.
Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.
Қатындар жас баласын күтедi,
Аямай қолдан келген шамасын.
Емiзбей, ұрып-соғып, түртедi,
Ержетiп eci кiрген баласын.
Өмiр сырын көздесең,
Жарға шоқын, жаннан без.
Сыр қаласын iздесең,
Сырлы сұлу тамнан без.
Анық асық – әулие,
Кереметке сол ие.
Жаны құрбан жарына,
Керексiз өзге дүние.
Шыңғыс
Көмектестіңдер
Әли
Еңку керек сонда тез жатталады екен
Әли
Ойнап айтам
Жамбыл Қасым
3 күнде жаттап стау керек
Жамбыл Қасым
Күшті
Әли
Адамдық борышың –
Халқыңа еңбек қыл.
Ақ жолдан айнымай
Ар сақта, оны бiл.
Талаптан да бiлiм мен өнер үйрен,
Бiлiмсiз,
Өнерсiз,
Болады ақыл тұл.
Мақтанға салынба
Мансаптың тағы үшiн.
Нәпсiңе билетпе
Басыңның бағы үшiн.
Өмiрiңдi сарп қыл өлгенiңше,
Жоба тап,
Жол көрсет,
Келешек қамы үшiн.
Қайтадан қайрылып
Қауымға келмейсiң.
Барыңды,
Нәрiңдi
Тiрлiкте бергейсiң.
Ғибрат алар артыңа iз қалдырсаң –
Шын бақыт‚
Осыны ұқ,
Мәңгiлiк өлмейсiң!
Жамбыл Қасым
Не істегенсің әли
Әбіләз
Керемет
Қасым
Күшті