Бұл бөлімде 4 073 жұмбақ жауабымен жинақталған. Мұнда логикалық, математикалық және басқа да жұмбақтарды онлайн оқуға болады.
Жауаптары бірге берілгендіктен, мазмұнды тез қарап шығуға ыңғайлы. Жұмбақтар балаларға да, ересектерге де ойлау қабілетін дамытуға көмектеседі.
Дауыл дәнді ұшырып,
Шарлар жауды аспаннан.
Шекемізді ісіріп,
Қаштық үйге сасқаннан.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір ғана есігі бар,
Жүздеген тесігі бар.
Ішіне түскендердің
Ұсағы жол табады,
Ірісі тор қабады.Санаты: Ыдыс-аяқтар туралы жұмбақтар
Екі тас беттесіп,
Жұтады бидайды.
Бір дәнін бірақ та,
Жеуге өзі қимайды.
Майдалап қайтадан
Адамға сыйлайды.
Ортасында діңгегі бар,
Толып жатқан ілгегі бар.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Іші егіс,
Сырты тегіс.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Төбесіне тігіп көк шатыр,
Көлеңкесінде көп тамыр,
Көгілдір болып доп жатыр.
Шөп үстінде қалтырап,
Моншақ жатыр жалтырап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Пар аттың қосағы,
Қалың қарды осады.
Бес туыс қалмастан бірі де,
Суықта тығылар бір інге.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Қысы-жазы пішінін
Өзгертпейтін кісі кім?
Торсылдақты іліп ем,
Жадыратты нұрымен.Санаты: От пен жарық туралы жұмбақтар
Кисең – қампияды,
Шешсең – жалпияды.Санаты: Киім-кешек туралы жұмбақтар
Сауырында – нар тісі,
Тұтасты бөлу – бар ісі.
Зырылдаса айналып,
Беліне шар байланып,
Алғандай бір тон киіп,
Шыға келер томпиып.
Тау түбінде іні бар.
Қос көрші кім, біліп ал!
Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.
Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?
Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?
«Қ» әрпінің мәні көп,
Жарасымды сәні көп.
Бұл әріптен басталған
Сөздердің де саны жоқ.
Басталып бір әріппен,
Бітетін сол әріппен,
Кең даланың қожасы,
Таныс болғын халықпен.
Ол кім?
Дәптерде жоқ,
Қаламда бар.
Өткелде жоқ,
Пеналда бар.
Баста жоқ,
Бетте бар,
Шашта жоқ,
Етте бар.
Үйде жоқ,
Қыста бар.
Түзде жоқ,
Тыста бар.
Картада жоқ,
Далада бар.
Арқада жоқ,
Қалада бар.
Көлікте бар,
Арбада жоқ.
Өрікте бар,
Дорбада жоқ.
Арзанда бар,
Қымбатта жоқ.
Маржанда бар,
Сымбатта жоқ.
Күректе бар,
Суретте жоқ.
Жүректе бар,
Тілекте жоқ.
Сағатта жоқ,
Секундта бар.
Минутта жоқ,
Екі ұртта бар.
Үйректе жоқ,
Тауықта бар.
Бүйректе жоқ,
Сауықта бар.
Құланда жоқ,
Бестіде бар.
Бұланда жоқ.
Ешкіде бар.
Пойызда жоқ,
Вагонда бар.
Жағада жоқ,
Погонда бар.
Алдымен жұмбақты өзіңіз шешіп көріңіз. Кейін жауабын ашып, дұрыс-бұрысын тексеруге болады.
Жұмбақтар балаларға да, ересектерге де арналған. Олар ойлауды және тапқырлықты дамытуға көмектеседі.
Әр жұмбақтың астындағы «Жауабы» батырмасын басу арқылы дұрыс жауапты көруге болады.
Жұмбақ– адамның ой-өрісін, алғырлығын, білімін сынау мақсатында нақты бір зат немесе құбылыс тұспалдап сипатталатын шағын әдеби жанр.
Жұмбақ жанры дүние жүзі халықтары әдебиетінің көпшілігінде бар. Бұл жанрға Аристотель “Жұмбақ – жақсы жымдасқан метафора” деп анықтама берген. Жұмбақ әдебиеттің ежелгі үлгілерінде, ауыз әдебиетінде жиі кездесетіндіктен оны ғылымда “фольклорлық жанр”, “халықтық поэзияның шағын түрі” деп санау орын алған. Алайда, қазіргі заман әдебиеті өкілдерінің, әсіресе, балалар әдебиеті авторларының шығарм-ғында Жұмбақтар топтамасы жиі кездеседі. Сондықтан оны тек фольклорлық жанр аясында шектеуге болмайды.
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі