Жұмбақтар жауабымен – 5-бет


Егер «Қ»-дан бастасаң,
Көмір түсі шығармын.
«Қ»-ны алып тастасаң,
Ағаш кесер құралмын.



Егер «Қ»-дан бастасаң,
Тағамның мен ағымын.
«Қ»-ны алып тастасаң,
Беттің ішкі жағымын.



Егер «Ж»-дан бастасаң,
Түнде болам басыңда.
«Ж»-ны алсаң, айналам,
Қырмандағы асылға.



Егер «Т»-дан бастаса,
Сан ғып мені санайды.
«Т»-ны алып тастаса,
Күйдіремін маңайды.



Өзі күннен бір аумайды
Шұғыладан нұр аулайды.



Тоқтаса, тік тұра алмайды,
Жүріп кетсе, жүгі аумайды.



Бояулары зер кілең
Зер-зер кілем, зер кілем.
Жер-жаһанды алдыңа
Жайып салар зор кілем.



Саннан тұрар көп тізбе,
Үйретері көп бізге.



Құраса да бір атау
Бүтін болып қос мұңлық,
Құра алмайды бір отау,
Әлімсақтан ол – шындық.



Шыр-шыр етіп безілдейді,
Көтерсең, “жылағаны” сезілмейді.



Күн көзінде тоқ болдым,
Күнмен бірге жоқ болдым.



Жинап тозаң, түйірді,
Аспан ұршық иірді.



Бес ағайын бірге өскен
Бір аққуға мінгескен.



Боз шудадай түр-өңі,
Қол-аяқсыз жүреді;
Аттап бассаң бір елі,
Көзді байлар түнегі.



Су ішсе де жем жемес,
Атыңнан бір кем емес;
Шылбыр тізгін білмейді,
Бірақ сенсіз жүрмейді.



Қадау-қадау, қадауыл,
Күні-түні қарауыл
Қарап тұрған бір ауыл.



Қос мұржалы төбесі,
Сары теңіздің кемесі.



Ішіне нулы төбенің
Жасырыды апам тебенін.



Жасыл боп ұйқыдан ояндым,
Ұйықтарда сарыға бояндым.



Тұнығынан көк көлдің
Сөнбей жатқан шоқ көрдім.



О әрібі аумаған,
Жара алмайды зәуде адам.



Қантқа ұқсас ақтығым,
Қыспен бірге шаттығым.
Күннің көзі жылынса,
Басылады аптығым.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері