Ыржияды, күледі,
Басқан ізді біледі.
Таусылмайтын шабысы,
Жұртқа мәлім жүрісі.Түлкі
Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.
Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?
Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?
Ұша алмайтын көкте,
Жүзе алатын суда,
Тік жүретін жерде
Құсты көрсең, қума!
Ол қандай құс?
Ұстай алсаң, бұлтылдап,
Ішін бассаң, былқылдап,
Терісі де тайғанақ,
Қолда тұрмас жылпылдап.
Қазақ жұмбақтарының тағы бір асылын оқып, таңғалып қалдым! Bilim-all.kz-те мұндай қазақ жұмбақтарын жинап, тегін қолжетімді етіп қойғаныңызға үлкен алғыс! Жануарлар тақырыбындағы осындай жұмбақтар балалардың табиғатты, үй жануарларын тануына, сөз байлығын арттыруына өте пайдалы. Мектептегі әдебиет сағаттарында, отбасылық ойын-сауықта, достармен жарысып шешу үшін керемет ресурс. Осындай жұмбақтарды оқып, қазақ фольклорының қаншалықты бай екенін тағы бір сезінесің. Қазақ жұмбақтары – мәңгілік қызық! Миыңызды жаттықтырыңыз, шешіңіз, күліңіз! Рақмет сіздерге, осындай асыл жинақтарды жалғастырыңыздар! Жұмбақтарыңыз көп болсын, жауаптары тез табылсын!