Бұл бөлімде әдеби жұмбақтар ұсынылған. Олар тіл байлығын, образды ойлауды және көркем сөзді түсінуді дамытуға көмектеседі. Әдеби мазмұндағы жұмбақтар оқушыларға да, мұғалімдерге де пайдалы. Жауаптары бірге көрсетілген.
Түп нұсқасы –
Халық аты.
Екі шеткі әрпін қысқартса –
Қазақтың қарты.Татар - ата
Жүздесесің,
Үлкенге де, кішіге.
Үнсіз күтсең,
Құрметсіздік ісі де.
Құрметіңді сезіндірер кісіге,
Не екенін білесің бе түсіне?!Сәлемдесу
Жел соқса,
Жайқалып толқиды.
Ел оқыса,
Тұла бойың балқиды.Өлең
Пешсіз піскен
Ыдыссыз ішкен.Ана сүті
Қашық жердің сәлемін,
Тез-ақ алып келемін.Телеграмма
Абылай айтқан жұмбақ,
Тоғай толған жұмбақ,
Біреуін бірі өлтірді,
Ақылды кісі шешкен жұмбақ.Мал сойған адам
Көзі — төбесінде,
Көлі — түбінде.Құдық
Ұшып түсер күн бiтсе,
Жоғалады жыл бiтсе.Күнтізбе
Қашық жердiң сәлемiн,
Тез-ақ алып келемiн.Телеграмма
Жаңалықты
Үн-түнсiз таратады,
Барша жұртты
Бiр өзiне қаратады.Газет
Мөлдiреп жатқан қос көлге,
Шыныдан тұттым қос перде.Көзәйнек
Өзi сырық,
Басқан жерi құдық.Таяқ
Әжем бұрымын,
Қазыққа кередi.
Жылжытам деп алға,
Қылышпен передi.Өрмек
Бесiкке iледi,
Әнiн де,
Дәмiн де,
Сәбилер бiледi.Сылдырмақ
Күндiз шырақтай,
Тұрады түгел жадырап.
Түнде, бiрақ та,
Түндiгi жабық шаңырақЖарық пен қараңғы
Шаруасы әр салалы,
Он екi балалы,
Бәйтеректей атам бар.
Әр баласың
Отыздан серiгi,
Өзiне лайық көрiгi бар.Жыл он екі ай
Жартысы
Жадыратып нұр себедi,
Қалғаны
Қара мақпал бүркенедi.Тәулік
Мөлдір судың түбінде қиял қабық,
Үміттенер қалың жұрт қиялданып.Маржан
Көлденең ілген ақ таяқ,
Тұтанар отпен жақпай-ақ.Күндізгі сәулелі шам
Қадалды бір ине
Нүктедей түймеге.Леп белгісі
Бұл бөлімде Әдеби жұмбақтар бойынша жұмбақтар жинақталған. Жұмбақтарды жауабымен бірге оқу ойлау қабілетін, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектеседі.
Әдеби жұмбақтар – ойлауды, тапқырлықты және есте сақтауды дамытуға көмектесетін қазақша жұмбақтар жинағы.
Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға, мұғалімдерге және ересектерге арналған.
Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен бірге онлайн оқуға болады.
Жұмбақ жауабымен: балаларға, логикалық, қызықты және тақырыптық бөлімдер.
- Азамат Төре (авторлық өңдеу)
- Шәкәрім Құдайбердіұлы
- Азамат Төре
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі