Сайтта техникалық жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қате байқалса, назар аудармауыңызды сұраймыз.

Отбасы туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде отбасы туралы жұмбақтар жинақталған. Отбасы мүшелері мен адамға қатысты сұрақтар балалардың ойлауын және сөздік қорын дамытады. Жұмбақтар жеңіл әрі тәрбиелік мәнге ие. Жауаптары бірге ұсынылған.

Ең көп қаралған жұмбақтар

Жаңа жұмбақтар


Басы «ш» мен басталып,
Жалғанады «е» менен.
Қайталасаң осыны,
Болар сенің неменең?

Шеше



Көтеріліп қампияр қиыстырсаң,
Майдаланар қимылсыз жиыстырсаң.
Мұның да шешімі бар келісімді,
Ойланып ақылыңа сиыстырсаң.

Адамның ойы



Атқа мінбейді, жаяу жүрмейді.
Күніне мың шақырым жерге,
Барып қайтып келеді.

Көңіл



Сен жүрмесең, ол да сірә жүрмейді,
Күнде жаңа, ескіріп көнермейді.
Көлге түсіп, қуаңға аунасаң да,
Тәніне шық, етіне шөп енбейді.

Көлеңке



Алам аяқ, алам аяқ,
Жүгірсем жеткізбейді жалаң аяқ.

Көлеңке



Күніне бір өліп, бір тіріледі,
Ақырында тұра алмай кідіреді.
Ойланғанға келісімді шешуі бар,
Ойланбаса мұны да кім біледі.

Адамның ұйықтағаны, оянғаны



Аппас жұмбақ,
Адам басын таппас жұмбақ,
Қыз тілесе, бермес жұмбақ,
Қызыл алтынға батпас жұмбақ.

Адамның тәрбиесі



Табаққа түспес,
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес.

Ана сүті



Сақыр-сақыр сақасы,
Ішіндегі бақасы.
Екі торсық азығы,
Діңкілдейді қазығы.

Бесіктегі бала



Онда әкем-шешем тұрады,
Ата-әже бауырым.
Бәрі бірге қосылып,
Бір ұғымды құрады.

Отбасы


Отбасы туралы жұмбақтар туралы

Отбасы туралы жұмбақтар бөлімінде қазақша жұмбақтар жауабымен жинақталған. Бұл беттен балаларға, оқушыларға және ересектерге арналған қызықты, логикалық және танымдық жұмбақтарды онлайн оқуға болады. Жұмбақтар ойлау қабілетін дамытып, тапқырлықты арттыруға көмектеседі.

Жиі қойылатын сұрақтар

Отбасы туралы жұмбақтар деген не?

Отбасы туралы жұмбақтар – ойлауды дамытуға арналған қазақша жұмбақтар жинағы.

Отбасы туралы жұмбақтар кімдерге арналған?

Бұл бөлімдегі жұмбақтар балаларға, оқушыларға және ересектерге де арналған.

Жұмбақтарды жауабымен қайдан оқуға болады?

Бұл бетте жұмбақтарды жауабымен онлайн оқуға болады.

Жұмбақ бөлімдері