Жануарлар мен құстар туралы жұмбақтар

Бұл бөлімде 646 жұмбақ бар.

Бұл бөлімде жануарлар мен құстарға арналған жұмбақтар жинақталған. Табиғат әлемін қызықты түрде танып, әртүрлі тіршілік иелері туралы білімді кеңейтуге болады.


Тұмсығымен соққылап,
Зиянкесті іздейді.
Ағаш діңін бақылап,
Тұмсығымен емдейді,
Сосын көңіл демдейді.



Қарап тұрсаң түріне,
Буып қойған дорбадай.
Сүңгіп мұхит түбіне,
Мұзда жүрер жорғалай.
Тап, мақұлық бұл қандай?



Қанатында саусағы,
Қараңғы түн аусары.
Жабысатын жар тасқа
Бұл қандай нар қасқа?



Ұша алмайтын көкте,
Жүзе алатын суда,
Тік жүретін жерде
Құсты көрсең, қума!
Ол қандай құс?



Ұстай алсаң, бұлтылдап,
Ішін бассаң, былқылдап,
Терісі де тайғанақ,
Қолда тұрмас жылпылдап.



Көзі – тамшы секілді,
Өзі – қамшы секілді.



Білем оның сырын мен,
Бойы бірдей құлынмен.
Жасы бірдей, бірақ-та,
Бес жастағы ұлыммен.



Тұрған кезде дамылдап,
Құйрық, сирақ, мойын да,
Омыртқа мен қабырға
Түгел қисық, мойында!



Жемсауында сүті бар,
Бұл қандай құс құты бар?



Тұмсығы – қатқан мүйіз,
Терісі – құрым киіз.



Жылқыға да ұқсайды,
Есекке де ұқсайды,
Кең далада ол өзін
Емін-еркін ұстайды.



Ұзын мойын, түйе емес,
Төрт аяқты, бие емес.
Теңбіл-теңбіл терісі,
Жапырақта – өрісі,
Мүйізі бар екі тал,
Бұл не деген жануар?



Бұл жануар жаны асыл,
Көзің көрсе, нанасың.
Қалтасына тастамай
Салып алар баласын.



Жоқ тігетін жейдесі,
Жоқ үзілген түймесі.
Жібі де жоқ, алайда,
Толып жатыр инесі.



Туа сап жүріп кеткен,
Енесін қуып кеткен.



Тарағым бар –
Таранбаймын.
Орағым бар –
Ора алмаймын.
Сақалым бар, ал бірақ
Мен ақсақал бола алмаймын.



Ну орманда құйғытады,
Көтеріп ап қу бұтаны.



Жүргенде – байпаң,
Тұрғанда – маңғаз,
Кеудесі қайқаң,
Мен болам паң...



Ағаштың бүрін
Талшық қып жүрмін.
Қар астын үңгіп
Үй қылған...



Өмір бойы түренін
Өңгеріп ап жүреді.
Жерді жыртып күн ұзын
Түк сеппейді, қызығы.



Басы «е» де, соңы «к»,
Ортасында «с» мен «е».
Бәрін қоссаң бір көнпіс,
Көлік шығар кішкене.
Кішкенеңіз шаршамас,
Нағыз мықты міскене.
Байлаулы тұр сөреде,
Ол көлігім немене?



Жорықшыдай баяғы,
Таусылмайды аяңы.
Белі нәзік, қомақты –
Басы менен аяғы.
Басып өткен жеріне,
Өз иісін жаяды.
Қастығы жоқ кісіге,
Қол қоясың ісіне.
Көтеретін жүгі ауыр,
Таңғаласың күшіне.
Өте құмбыл жұмысқа,
Ол кәдімгі?



Болғанымен кішкене,
Нағыз пәле – міскене.
Талғамайтын күйіңді,
Бүлдіретін үйіңді.
Тұрақтамай көшеді,
Қаптың түбін теседі.
Мүлде тыныш тұрмайды,
Ас-тамақты ұрлайды.
Өзі сезгір «мыстан»,
Ол кәдімгі?



– Тойып алса тамаққа,
Жоламайды табаққа.
Жылы жерде жатады,
Тәтті ұйқыға батады.
Шалқасынан жатпайды,
Сезгірлігін сақтайды.
Тез парықтап иісті,
Тез сезеді дыбысты.
Жайшылықта ұстамды,
Бірақ, көрсе тышқанды
–Түрегелер ұшып,
Ол кәдімгі?



– Астыңғы ерні салпиған,
Үстіңгі ерні жалпиған.
Кере қарыс құлағы,
Оңай тозбас тұяғы.
Мандымайтын шабысы,
Мезі қылар дауысы.
Жерге аунаса күш алар,
Сүті арам, күші адал.
Жүгені жоқ басында,
Мінем десең қасыңда –
Тұрар арқасын төсеп,
Ол кәдімгі...



Қос құлағы делдиген,
Құйыршығы ербиген.
Үстінгі ерні жыртық,
Тұяқтары быртық.
Тостағандай көздері,
Жау көреді өзгені.
Қорқақтығы аян –
Ол кәдімгі?



Арқалаған инесі көп,
Киім тіге білмейді.
Әуре болма ұстаймын деп,
Инесімен түйрейді.



Шырша саясы – күркесі,
Өзі – орман еркесі.
Қарғып жүрер жан-жаққа
Өте құмар жаңғаққа.



Көп, көп ине,
Бір сабағы жоқ ине,
Іс тікпейді әрине.



Секең, секең етеді,
Орман – оның мекені.
Отырғанда шоқиып,
Құманға ұқсап кетеді.


Жұмбақ бөлімдері мен түрлері