Бұл бөлімде 64 жұмбақ бар.
Бұл бөлімде қолөнерге байланысты жұмбақтар ұсынылған. Шығармашылық пен ұлттық құндылықтарды танытады.
Өзі жып етеді,
Ізімен жіп өтеді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Əлемді 18 мың киіндіріп,
Дүниеден жап-жалаңаш өзі безді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Тұтқасыз таба жай,
Ұнатады көп апай.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Шым шиедей қотыр.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Жарға жаңқа жабысқан,
Екі үзеңгі қағысқан.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Құрап-құрап тон піштім,
Құлынды биеге бергісіз.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Мамық, шуаш иісті,
Шыр айналып жіп болар,
Тоқыса жылылығы күшті
Ағашқа құйындап оралар.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Ұзын-ұзын жолдар бар,
Үйрек қонар көлдер бар.
Ат үстінде шоқиып,
Отыратын күндер бар.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Өзен бойын өрледім,
Су таба алмай шөлдедім,
Оң қолымдағы найзаны,
Олай-бұлай сермедім.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Жыңғыл тақтым жұртыңа,
Жылпылдап бұтыңа,
Әне-міне дегенше,
Өте шықтым сыртыңа.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Міне, шашым, аллаға,
Бақан, қылыш, қолға ала,
Қолымда қамшы орама
Қылыш салдым тамақтан,
Тамшы да жоқ қан аққан,
Өлтіріп әбден болғанда
Көргеннің бәрі жаратқан.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Сөкі басын сөлкитіп соға берсең бітеді,
Екі бұтын талтайтып ұра берсең бітеді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Қосақтап серпе бердім,
Соңынан жорта бердім.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Жүріп келем, жүріп келем,
Екі етекті қусырып ұрып келем.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Қылмаң-қылмаң етеді,
Қаға берсең жарасар.
Екі жағын жапырып,
Ұра берсең жарасар.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Қыл-қыбыр да жүн қыбыр,
Жұла берсе жарасар.
Екі мұртын қайырып,
Ұра берсе жарасар.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бір атым бар өзі өте шабан,
Бірден артық мінбейді оны адам,
Қамшылап күні бойы тебінсем де
Япыр-ай жылжымайды төрт-бес қадам.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Адамға сонша пайдалы,
Басында сансыз көзі бар.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Мылжа басты,
Мың көзді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бір шұқырда мың шұқыр.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Екі темір бірігіп,
Кесіп, пішіп береді,
Екеуі бірге жүрмесе
Жоқ қой бізге керегі.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Сызылған жолға түседі,
Бойына шақ қып пішеді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Жарқылдаған қос қылыш,
Қолға тисе жоқ тыныш.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Қолымда бір құсым бар екі басты,
Аяғын басқан кезде нәрсе қашты.
Аузын аждаһадай ашқан кезде,
Өлектеп атып тастар ішкен асты.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бір нәрсе үш аяқты сүйір тұмсық,
Жейді екен бір жайынның басын қыршып.
Жесе де ол жайынның тояры жоқ,
Қарасаң ішін ашып шөп пен қылшық.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бір нәрсе өзі жансыз жоқ қой жаны,
Бір тарау ортасында байлағаны.
Өзі жансыз жандының себебімен,
Қалады жерге түсіп шайнағаны.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бар екен бір жансыз зат сиыр тұмсық,
Матаның күнде жейді басын қыршып,
Матаның жеген сайын басын қыршып,
Артынан түбіт тұрар қыл-қыбыршық.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Тіс деген жоқ, ерні өткір,
Қазықтаулы көмейі.
Қан шығармай өмірде бір,
Өлтіреді, жемейді.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Бір әйеки құс екі қанатының,
Ұшында екі көзі бар,
Анжал-манжалды өзі алып жей алмайды.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
Екі басты жалмауыз,
Кейіп аузын ашады.
Алдына түскен нәрселер,
Өзінен-өзі қашады.Санаты: Қолөнер туралы жұмбақтар
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі