Бұл бөлімде 505 жұмбақ бар.
Бұл бетте табиғат құбылыстары мен қоршаған ортаға қатысты жұмбақтар ұсынылған. Сұрақтар арқылы табиғатты түсіну және бақылау қабілеті дамиды.
Жер астынан су шығарып аспанға,
Мәз болады моншақтарын шашқанға.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қақпаларды ашады,
Жапырақты шашады.
Балалардың қалпағын
Жұлып алып қашады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түрлі сәуле төгілген,
Көпір көкте керілген.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Біреуі от болып жанып тұр,
Жарығы ғаламат – анық бұл.
Біреуі тек қана жарқырап,
Қуатты жарықтан алып тұр.
Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бір-біріне жете алмай,
Бірін бірі басып-озып кете алмай,
Екі мықты жағаласып келеді
Шекарадан өте алмай.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Алыстан «Айдын көл» дейсің,
Жақын барсаң, көрмейсің.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Санының жоқ есебі,
Көлемі тез өседі.
Ұстай қалса ашуы,
Түйдек-түйдек көшеді.
Кетпесе тек сұйылып,
Қара жерге шүйіліп.
Ақырады айбармен,
От қамшысын үйіріп.
Өңі қара түнектей,
Желкілдейді үлектей.
Түседі ақыр аспаннан,
Сансыз ұзын жібектей.
Кезсе дала – қаланы,
Қуанып ел қалады.
Сондай сәтте көз жасын,
Төгіп-төгіп алады.
Жердің шөлін қандырып,
Тірлік бағын жандырып –
Кетеді,
Бұл кәдімгі?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ақ көбелек секілді,
Жерге жылдам жетуді,
Аңсай ма екен?
Төпелеп.
Түсіп көктен төтелеп,
Қыстыгүні жауады,
Тазартады ауаны.
Көк аспанның еркесі,
Жердің аппақ көрпесі.
Жұмсақтығы мақпал,
Ол кәдімгі?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспан – атам егілді,
Қабырғасы сөгілді.
Жанарынан санақсыз,
Жас тамшысы төгілді.
Жердің беті әп-сәтте,
Ақ маржанға көмілді,
Күн шыққанда дидары,
Ғайып болды, не білді?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Жылт-жылт етіп жыланша сумаңдайды,
Қысы-жазы жортса да қиналмайды.
Күллі жанды, жансызды қандырса да,
Ешкімге де бәлсініп бұлданбайды.
Он сегіз мың ғаламда ол болмаса,
Адамзатта жасайтын күй қалмайды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Тамсандырып кіршіксіз келбетіне,
Қыс күндері қонады жер бетіне.
Көктем келсе елжіреп, қара жердің,
Кіріп кетер қойнына – кеудесіне.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Су ма десең су емес,
Бу ма десең бу емес.
Көшіп жатыр далада,
Толқын-толқын бір елес.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айдаһардың арқасына жатып ап,
Күн суыса шыға келер шатынап.
Бірақтағы, жоғалады зым-зыя,
Көктем келіп бусанғанда атырап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Қусаң мойын бұрмайды,
Қайрасаң да тұрмайды.
Қашан шаршап біткенше,
Ескеуілдеп тынбайды.
Ол келгенде теректер,
Бас шұлғысып шулайды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көзіңе көрінбейді, ысқырады,
Еліріп кейде қатты ышқынады.
Өзінің болмаса да қол-аяғы,
Жолыққан бар нәрсеге күш қылады.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Түнде сөнемін,
Таңертең қайтып келемін.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күмбірлетіп тау ішін,
Қайталанды дауысым.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Дауысынды қайталап жырақта,
Айнытпай жеткізер құлаққа.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Айтқаныңды айнытпайды,
Қайталайды өзіне.
Тіл қатқанмен қаймықпай,
Көрінбейді көзіне.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төгiлiп жерге ақ моншақ,
Ғайып болды сол шақта-ақ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
1 ағаштың 12 бұтағы бар, әр бұтағында отыздан жапырағы бар, жапырақтың 1 жағы ақ, 1 жағы қара?Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Аспандағы алып доп,
Жарқырайды жарық бопСанаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ағайынды бəрi:
Шықса – көк,
Түссе – сары.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Күндіз бар да, түнде жоқ,
Онсыз өмір мүлде жоқ.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Ғажап көпір аспалы
Айшықтап тұр аспанды.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Төбедегі сылдырмақ
Төмен түсті құлдырап.
Сылдыр-сылдыр сылдырмақ
Сынып қалды сыңғырап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Көкте туып,
Жерде өледі.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бұлт ішінде бурыл ат кісінейді.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Будақ түтін түсі аппақ,
Көк жүзіне тұзақтап.
Қойғандай-ақ жылжымай
Тауды өбеді құшақтап.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
Бірде селбір жабағы,
Бірде теңбіл жабағы.Санаты: Табиғат туралы жұмбақтар
-
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі