Ж-дан егер бастасақ,
Желбіреймін төбеңде
П-дан егер бастасақ
Сүйкімді аспын жегенде.Жалау-палау
Ж әрпінен бастасақ
Жатарыңда керекпін.
Ж-ны алып тастасаң
Дүйім елге қорекпін.Жастық-астық
"Қ"-дан бастап, аяқтасаң,
Бес әріпті думанмын.
"Қ" орнына "с" қойсаң,
Нүктелерді қосамын.Қызық - сызық
Әуелгі үш әріп —
Дәмге нәр тілді үйірген,
Кейінгі қос әріп —
Мақтаның түсі үйілген.
Қосылса бес әріп —
Темір жіп созып иірген.Тұз - Ақ - Тұзақ
Ешкіден көп табылса,
Түсі болам қойдың да.
Соңғы дыбыс жоғалса,
Ораламын мойнына.Жағал - Жаға
«Ар» мен «ал»-ды қосқанда,
Судағы құрлықпын.
Алдына «М»-ны қосқанда,
Нудағы түлікпін.Арал - Марал
Қуанғанда мақтанып,
Қол соғасың шаттанып.
Ең алдына «Қ» қойсаң,
Қолыңды өтер от қарып.Алақай - Қалақай
Моншағы көп тізілер,
Шуағын төксе күліп күн.
Соңғы әріп «К» болса,
Әжем сынды кісілер,
Қолға тағар мүлікпін.Жүзім - Жүзік
Ұнтағым бал, жерде өсем,
Бар халыққа әзірмін,
Соңғы «Н»-ді «М» десең,
Дастарқанда мәзірмін.Дән - Дәм
Піскен жеміс қосымын,
Құстың жақын досымын.
«К» орнына «Ж» жазсаң,
Жамбыл ата жасымын.Күз - Жүз
Ақтан көрпе жамыламын,
Көктемде сайға ағыламын.
Өзгерсе егер алғашқы әріп,
Жер қойнынан табыламын.Қыс - Мыс
«Т»-дан бастап оқысаң,
Төлі болам пырақтың.
«Т»-ны сызып тастасаң,
Көкте қалған орақпын.Тай - Ай
Екі сөзден тұрады,
Құстың аты — құрамы.
Сызсаң егер «Бір» сөзін,
Ас пісірем, көр өзің.Бірқазан - Қазан
Қыста суды қаптаймын,
Бірақ жазда жатпаймын.
Алғашқы әріп ауысса,
Онсыз тамақ татпаймын.Мұз - Тұз
Аспан көгі жамылды,
Қара мақпал бүркеніп.
«Т» орнына «К» қойсаң,
Жылытып жон, шағылды,
Тұрам елге нұр төгіп.Түн - Күн
Жазда өсіп, піседі,
Дәмі тәбет ашады.
«Қ» орнына «Ж» қойсаң,
Көктен тамып түседі,
Жердің шаңын басады.Қауын - Жауын
Шуақты мол төгемін,
Гүлге бөлеп беремін.
Бас әріпті өшірсең,
Көкіректі керемін.Көктем - Өктем
Жайнаған жер үсті,
Мекенмін келісті.
Бірінші әріп ауысса,
Айдынға ұшып қонамын.Жаз -Қаз
Алғашқы буыным,
Көшті бастар ұлымын.
Сосын тоғай нуының
Жыртқышының бірімін.
Екеуін қоссаң ірімін –
Көп аңдардың дүрімін.Жол - Барыс - Жолбарыс
Бір құлаштай матамын,
Жуынғанда аласың,
Сая жермін,
Тұратын
Құстар әні естіліп,
Сөз соңына «А» қоссаң,
Сауық сайран құрамын,
Шалшық көлде кешкілік.Бақ - Бақа
- Сағи Жиенбаев
- Шоқан Уәлиханов
- Шоқан Уәлиханов
- Рәбиға Сыздықова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі