Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) шығармалары

Абай Құнанбайұлы (Құнанбаев) шығармалары мен негізгі мәліметтері осы бетте берілген.

Автордың жарияланған шығармаларын осы жерден оқуға болады.

Автор туралы

Абай Құнанбайұлы (Абай Кунанбаев / Абай Құнанбаев (1845–1904) – өмірі, шығармашылығы және нақыл сөздері.

Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, композитор, аудармашы, қоғам қайраткері және қазақ жазба әдебиетінің негізін қалаушы. Ол қазақ әдеби тілін қалыптастырып, ұлттық мәдениетті жаңа деңгейге көтерген реформатор тұлға.

Абай шығармашылығы қазақ халқының әлеуметтік, моральдық, рухани мәселелерін терең қозғап, бүгінге дейін өзектілігін жоғалтқан жоқ. Оның еңбектері арқылы қазақ қоғамы білімге, еңбекке, адамгершілікке бет бұрды.

Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.