Білімдіден шыққан сөз
Бұл бетте «Білімдіден шыққан сөз» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Білімдіден шыққан сөз
Талаптыға болсын кез.
Нұрын, сырын көруге,
Көкірегінде болсын көз.
Жүрегі - айна, көңілі - ояу,
Сөз тыңдамас ол баяу.
Өз өнері тұр таяу,
Ұқпасын ба сөзді тез?
Әбілет басқан елерме,
Сөзге жуық келер ме?
Түзу сөзге сенер ме,
Түзелмесін білген ез?
«Айтшы айтшылап» жалынар,
Ұққыш жансып шабынар.
Ұқпай жатып жалығар,
Ұйқылы-ояу бойкүйез.
Жас баладай жеңісқой,
Байлаулы емес ақыл, ой.
Ойлағаны - айт пен той,
Ыржың-қылжаң ит мінез.
Сұлу қыз бен я батыр
Болмаған соң , тәңірі алғыр,
Шығып кетер, я қалғыр,
Оған ақыл - арам без.
Жақсыға айтсаң, жаны еріп,
Ұғар көңіл шын беріп,
Дертті ішіне ем көріп,
Неге алтынды десін жез.
«Ой, тәңір айшыл» кер есек,
Қулық, сұмдық не өсек
Болмаған соң, бір есеп -
Мейлі қамқа, мейлі бөз.
Керемет
сиздерге коп коп рахмет олендеризге олендериниз аскактай бкрсин
отте керемет танмал
Өте керемет
Коп пайдасы тиды
Өте керемет өлеңдер
Керемет
Недеген көп
Пах шіркін! Осындай өлендерді оқысан бір серпін қаласын!
Маған білімдіден шыққан сөз өлеңі қатты ұнады һ
Өте керемет
Жақсы
Абай туралы әндер шығару керек
Керемет????
Абай Құнанбайұлының Білімдіден шыққан сөз өлеңі ұнады
Абай Құнанбайұлы жазган өлеңнің бәрі кереметқой пахх шіркін
Керемет
Өте керемет өлең, мағынасы ұққан адамға терең.
Кринж
Керемет
Күшті екен
Абай атамыздың өлеңі керемет қой!!
Өте күшті
Керемет
Әдем
Абай Құнанбайұлының «Білімдіден шыққан сөз» өлеңі — білім мен парасат туралы терең ой салатын көркем шығарма. Бұл өлең оқырманды білімді, ойлы болуға шабыттандырып, сөз бен іс арасындағы үйлесімділіктің маңызын айқын көрсетеді. Ақынның тілі көркем әрі мағыналы, қазақ поэзиясының ең құнды туындыларының бірі ретінде оқырманға рухани бай әрі тәрбиелік мәні зор материал ұсынады. Осындай асыл әдебиетті бөліскендері үшін алғыс!
«Білімдіден шыққан сөз» өлеңі — ақ пен жаманды, дұрыс пен бұрысты саралай білуге шақыратын көркем шығармалардан.
Өте керемет өлең