Пайда ойлама, ар ойла
Бұл бетте «Пайда ойлама, ар ойла» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл артық білуге.
Артық ғылым кітапта,
Ерінбей оқып көруге.
Военный қызмет іздеме,
Оқалы киім киюге.
Бос мақтанға салынып,
Бекер көкірек керуге.
Қызмет қылма оязға,
Жанбай жатып сөнуге.
Қалай сабыр қыласың,
Жазықсыз күнде сөгуге?
Өнерсіздің қылығы –
Тура сөзін айта алмай,
Қит етуге бата алмай,
Қорлықпенен шіруге.
Аз ақшаға жалданып,
Өнбес іске алданып,
Жол таба алмай жүруге.
Алыс та болса іздеп тап,
Кореннойға кіруге,
«Талапты ерге нұр жауар»,
Жүріп өмір сүруге.
Я байларға қызмет қыл,
Ерінбей шауып желуге.
Адал жүріп, адал тұр,
Счетың тура келуге.
Жаныңа жақса, соңынан
Жалқауланба еруге.
Қисық болса, закон бар
Судьяға беруге.
Ол да оязной емес қой,
Алуға теңдік сенуге.
Я өз бетіңмен тәуекел,
Занимайся прямотой.
Жеңіл көрме, бек керек
Оған да ғылым, оған да ой,
Калайынша қайда енуге?
Абайдың өлеңдерінің бəрін оқып шықамын маған қаты ұнайды осы мəтінді оқып шықтым өте күшті мағанасы бар маған қатты ұнады
Оте кушти ешкашан пайда ойлауга болмайды
Магынасы бар маган унады ешкашан пайданы ойлауга болмайды екен
Пайда ойлама, ар ойла созінің магынасы.
Пайда ойлама -ар ойла дегеннын түсіндірме барма?
Оте тамаша
Маған Абай Құнанбайұлының барлық өлеңдері ұнайды.Себебі өлеңдер өте әсерлі
Өте мағыналы Тамаша!
Мен тек қана Абай атамыздың өлеңдерін жаттаймын.
Абай Құнанбайұлының Пайда ойлама, ар ойла өлеңі керемет қой
Қу дүние жолдас болмас әлі ақ өтер
Өз күлкіңе өзің қарық болма бекер
Ұятың мен арыңды малға сатып
Ұятсызда иман жоқ түпке жетер
Киын
????????????????
Мынау жақсы керемет өлең
Өлеңдері өте керемет әсерлі❤️????
Өте керемет әсерлі ❤️
Өте керемет әсерлі
Керемет!
Өлеңдер өте керемет әсерлі мықты
Кушты
Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама, ар ойла» атты өлеңі — пайданың өтпелі екені мен ар‑азаматтықтың тұрақты құндылығы туралы терең ой салатын көркем шығарма. Ақынның философиялық ойы, көркем тілі мен нақылдығы оқырманға айрықша әсер етеді. Қазақ әдебиетін, Абай шығармаларын бағалайтын әр адамға бұл өлең — рухани бай әрі тәрбиелік маңызы зор, рақмет!
Абай Құнанбайұлының «Пайда ойлама, ар ойла» өлеңі — адамға материалдық пайдадан гөрі ар-ұят пен дұрыс өмір сүру жолын таңдауға үндейтін терең поэтикалық ой. Ақынның бұл туындысы бүгінгі күнде де өзектілігін жоғалтпайды, себебі ол әр адамды ойлануға, адалдық пен әділдікке сүйенуге шақырады. Осындай рухани бай өлеңдерді қазақ әдебиеті арқылы таныстырып, оқырманға жеткізген bilim-all.kz порталына алғысымды білдіремін!
Абай Кунанбаев