Барлығы: 236
Қазақша әзілдер – көңіл көтеретін, күлкі сыйлайтын ең қызықты анекдоттар мен қысқа әзілдер жинағы. Бұл бөлімде күнделікті өмірден алынған қазақша анекдоттар, жеңіл әзілдер, достарға жіберуге болатын күлкілі мәтіндер және жаңа әзілдер топтастырылған.
Егер сіз анекдот қазақша, қазақша анекдоттар өте күлкілі, әзілдер қазақша немесе қысқа да нұсқа күлкілі анекдоттар іздесеңіз, осы беттен табасыз. Бөлім тұрақты түрде жаңарып, жаңа әзілдер үнемі толықтырылып отырады.
Ең күлкілі әзілдер жинағы
Ілмектер: күлкілі әзілдер, қазақша әзілдер, қысқа әзілдер, анекдоттар, күлкілі оқиғалар, қазақша анекдот, әзілдер жинағы, ең күлкілі әзілдер
1.
Бір кішкентай бала екі қабат әйелден сұрап тұр:
— Сіз балаңызды жақсы көресіз бе?
— Иә, жақсы көремін, — деп ішін сипайды.
Сонда бала:
— Онда неге оны жеп қойғансыз?!
2.
Сенің аван алтын!
Менің авам алтын!
Аваларға лайк бас дегенді қояйықшы, халқым!
3.
Көмектесіңдер!
Мектеп өртеніп жатыр.
Бәрі көмектесті:
Біреулер бензин алып келді,
Біреулер отын алып келді.
4.
Қожадан «жасың нешеде?» десе:
— Отыздамын, — депті.
Он жылдан кейін тағы сұраса:
— Отыздамын.
— Он жыл бұрын да отызда едің ғой?
— Жігіт екі сөйлемейді!
5.
Бір ұры автобуста дәу адамның қалтасын қарап жатады.
Анау қолын ұстап алады:
— Ей, бейшара! Менің қалтамда не бар?
— Өзім де бейшарамын, үшінші қалтаңызды қарап жатырмын, көк тиын жоқ...
6.
— Жаным, не ойлап отырсың?
— Сен не ойласаң, соны ойлап отырмын.
— Ұялмайсың ба, ұятсыз?!
7.
Бір қыз бен жігіт диванда отыр. Астында ит жатыр.
Қыз байқамай газ шығарып қояды.
Жігіт:
— Ақтөс, кет деймін!
Қыз иттен көріп жатыр екен деп тағы қайталайды.
Жігіт тағы:
— Ақтөс, кет!
Үшінші рет:
— Е, Ақтөс, кетесің бе, жоқ па? Қазір мынау басыңа бәле болады!
8.
— Кеше жігітім екеуміз саябақта балмұздаққа тойдық!
— Неше балмұздақ жедіңдер?
— Бір-бірден...
— Ой, сен де!
— Иә, біз нан қосып жедік.
9.
Ауруханада:
— Ояныңыз! Ояныңыз!
— Не болды?
— Мен сізге ұйықтататын дәрі әкелдім...
10.
Бір ұмытшақ шал таңертең тұрып, бетін жуып жатып:
— Ойбу, бетімді жумаппын ғой!
11.
Бала әкесіне күліп келеді:
— Әке, мен бір таксисті алдап кеттім!
— Қалай?
— Ақшасын беріп, өзім мінбей қашып кеттім!
12.
— Әже, кеше 120 жасыңызды тойладыңыз. Қалай өтті?
— Той болмады... кластастардан ешкім келмеді.
13.
— «Я не знаю» дегенді аудара аласыз ба?
— Білмеймін.
— Сіз де білмейсіз бе? Енді кімнен сұрасам екен...
14.
Әйелі күйеуіне:
— Сен бірінші орынға футболды қоясың!
— Жоқ, қателесесің. Екінші орында бокс.
15.
— Мама, мен автобуста бір апкеге орын бердім!
— Жарайсың, балам!
— Бірақ ол отырмады, сосын қайтадан папамның алдына өзім отырып алдым...
Аң және балық аулауға қатысты әзілдер
Ілмектер: аң, Балық, Балық аулау, әзілдер, анекдот, анекдоттар, аңшылық, аңшылар, балықшылар
Қарт адам алтын балық ұстап алыпты.
— Қария, мені босатшы! Кез келген үш тілегіңді орындаймын.
— Не дейді, құрғыр!
Сол кезде балық көзден ғайып болып, қалған екі тілекті орындай алмай қалыпты.
***
Аңшыны көрген ұрғашы қоян көжектеріне былай депті:
— Ал балалар, құлақтарыңды жабыңдар! Қазір ол бәрібір тигізе алмайды.
***
Аңшы кісі аюды өлтіреді. Ол етін өзіне қалдырып, терісін әйеліне береді, ал цирк велосипеді ұлына бұйырды.
***
— Балық аулау спорт па әлде өнер ме?
— Балық ауланса - спорт, ал бұл туралы әдемілеп айтылса - өнер.
***
Әйелі күйеуін балық аулауға шығарып салады:
— Маған үлкен алабалық аулап әкел! Егер ол дүкенде болмаса, үлкенірек тұқы әкелсең де болады.
***
Үйрек аулауға шыққан аңшы оғын тигізе алмағанына ызаланады. Ал аюға тигізе алмаған аңшының ашулануға уақыты жоқ.
***
Екі балықшы балық аулап отыр.
— Балық аулау кезінде шыдамдылық маңызды! - дейді бірі.
— Мен таңертеңнен бері шыдап отырмын, енді шыдай алмаймын, маған бұранда бер!
***
Қысқы және жазғы балық аулаудың айырмашылығы не? Сол баяғы мас күйде боласың, тек пимамен жүргенің болмаса.
***
Балықшының қорқынышты түсі: өзі қайтыс болыпты, ал әйелі оның құрал-саймандарын жұрттың айтқан бағасына сатып жатыр екен.
***
Аңға шығу, балық аулау тақырыбымен байланысты күлкі сыйлайтын әзіл көп. Ал күлкі өмірді ұзартады.
Балаларға қатысты әзілдер
Ілмектер: ең қызықты анекдоттар, Балаларға қатысты әзілдер, әзілдер, анекдоттар, бала
Тәрбиеші:
— Арман, қазір сені бұрышқа тұрғызып қоямын!
— Ал мен онда желдетіп тұрамын.
***
Ерлі-зайыпты мамыр мерекелерін қалай өткізу туралы ойланып жүрген еді. Арман мектептен ішек вирусын жұқтырып келіп, бұл сұрақтың жауабын тауып бергендей.
***
— Бас киіміңді ки!
— Апаааааа!
— Апалай бермеші!
— Шешееее!
— Ой, сұмдық-ай! Одан да апа дей берші!
***
Мәрия әкесіне сұрақ қойып тұр:
— Әке, сіздің анаңыз бір кездері сізді ұрып-соқты ма?
— Жоқ, тек сенің анаң болмаса!
***
Ертегінің қорқынышты болғаны сонша, тәрбиеші бірінші бөлімнен кейін бүкіл топты сыртқа шығарып жіберді.
***
Ақымақ Иван патшаға келеді:
— Мен уәдемді орындадым, міне, айдаһардың басы. Сіз сөзіңізде тұрасыз ба?
— Иә, міне, ханшайымның қолы.
***
Карлсон шатырды паналағысы келген үйсіз-күйсіз адаммен төбелесіп қалыпты.
***
Баланың болмысы езуге еріксіз күлкі үйіреді. Күлкілі анекдоттардың негізін өмірдегі оқиғалар, ертегілер мен мультфильмдер құрайтыны содан болар.
Әдебиет сабағы. Оқушылар шығарма жазып отыр. Мұғалім:
Ілмектер: оқушылар, Мұғалім
- Асан, сен неге қайта-қайта Гүлсімнің дәптеріне үңілесің?
- Жазуын тани алмай жатырмын, апай!
Мұғалім оқушыдан:
Ілмектер: Тарих, Мұғалім, оқушы, Шыңғыс хан
— Шыңғыс ханның алғашқы жеңіске жеткен жері қайда?
Оқушы:
— «Тарих» оқулығының 92-бетінде.
Биология сабағы.
Ілмектер: биология, сабақ, Мұғалім
— Өмірбаев, қаңқа не үшін қажет?
— Тері түсіп қалмау үшін, апай.
Қожанасырдың күнде әр нәрсені сұрай беретін бір көршісі бар екен. Бір күні көршісі есегін сұрап келіпті.
Ілмектер: Қожанасыр, көрші, есек
Сонда Қожанасыр ашуланып:
— Есек жоқ, — депті.
Көршісі кетіп бара жатқанда, қорадағы есек ақырып қоя береді.
Көршісі сонда:
— Ау, Қожанасыр, «есек жоқ» дегенің қайда? Есегің қораңда аңырап тұр ғой, — депті.
Қожанасыр оған:
— Шыншыл көршіңе сенбегенде, ақымақ есекке сеніп тұрсың ба? — депті.
Мұғалім:
Ілмектер: Сабын, Мұғалім, Оқушы
— Табиғаттың негізгі төрт элементін ата! — деді.
Оқушы:
— Жер, ауа, от…
Мұғалім:
— Енді біреуі қандай? Білмейсің бе? Тамақтың алдында қолыңды немен жуасың?
Оқушы:
— Таптым, сабынмен!
— Қыс болса да жаңбыр жауып тұр, — деген әжесінің сөзін үш жасар Қайрат іліп әкетіп:
Ілмектер: қыс, бала, Жаңбыр
— Аспандағы қар еріп, содан кейін ағып тұрған шығар, — деді.
Бір адам киви алу үшін дүкенге келеді, бірақ қандай жеміс алатынын ұмытып қалады.
Ілмектер: киви, дүкен, жеміс
Сонда ол дүкеншіге:
— Маған жүн өсіп кеткен картоп беріңізші, — депті.
Бір студент емтихан тапсырып жатыр екен.
Ілмектер: Арыстан, емтихан, студент, Мұғалім
Мұғалім:
— Екі жыртқыш аңды ата, — депті.
Студент:
— Арыстан, жолбарыс.
Мұғалім:
— Енді бес жыртқыш аңды ата, — депті.
Студент:
— Екі арыстан, үш жолбарыс…
Баяғыда екі жалқау болыпты. Жалқаулықтары соншалықты — тіпті еріндерін қимылдатуға да ерінеді екен. Күндердің бір күнінде екеуі алма ағашының түбінде жатып, бірінің көзі көк алмаға түсіпті де:
Ілмектер: жалқау, еріншек, алма
— Алма, піс те аузыма түс! — депті.
Сонда екіншісі оған:
— Ерінбей-жалықпай соны қалай айттың? — депті.
Төсек тартып жатқан төреші өлер алдында патшаны шақырып:
Ілмектер: патша, тентек, ақылды
- Мен енді өлейін деп жатырмын. Төрешілікті саған тастап кетіп барамын.
- Мен қалайша дауларды шеше аламын?
- Еш уайымдама. Егер алдыңа ақылды адам мен тентек келсе, әуелі ақылдыны тыңда, сосын шешімін соған қарап бер. Егер екі тентек келсе, мәселесін сот төрағалары-ақ шешіп тастайды.
- Жарайды. Егер екі ақылды келсе ше?
- Өй, болмайтын әңгіме ғой. Қырық жылдан бері төреші болып, екі ақылдының келгенін көрмеппін.
Поэзияның туған жері – блакнот, өлген жері – интернет!
Ілмектер: #ЕсболБозан
Сіз үшін бәріне дайынмын – сүйіктім! Тіпті сізбен қоштасуға да.
Ілмектер: #сатира #есболбозан
Әйелі күйеуіне:неге үйленбей тұрып кедей екеніңді айтпадың?!
Ілмектер: Хахаха
Күйеуі:айттымғой, барым да нарым да сен деп
Білгір мен Дымбілмес емтихан тапсыруға келеді. Алдымен білгір кіреді. Оған қойылған сұрақтар:
Ілмектер: Білгір, Дымбілмес, емтихан
—Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— Арқан жіберіп, құтқарып қаламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде сүт сатып аламын.
Бұл жауаптардың бәрін Дымбілмес естіп, өзінше жаттап алады.
— Суға батып бара жатқан адамды көрсең, не істейсің?
— "Қош бол!" деп шығарып саламын.
— Досың пойызбен алыс жолға кетіп бара жатса, не істейсің?
— "Арқан жіберіп", құтқарып қаламын.
— Төбелесіп жатқан балаларды көрсең, не істейсің?
— Кезекке тұрып, кезегім келгенде төбелесемін.
— Сүт алуға кезекте тұрған адамдарды көрсең не істейсің?
— Татуластырып жіберемін.
— Әуре болмасаңызшы, шығарып салмай-ақ қойыңыз.
Ілмектер: қонақ
— О не дегеніңіз! Қонақ шығарып салғанда, мен сондай бір рахаттанып қаламын!
— Ескі пальтомның түймелері үзіліп бітті. Киюге ұят өзі!
Ілмектер: пальто, түйме
— Ештеңе жоқ, ертең сатып әперем.
— Пальто ма?
— Жоқ, түйме әперем.
— Қазір сіз қай газетті ең жақсы деп айтар едіңіз?
Ілмектер: газет
— Әрине, біздің аудандық газет. Ет жеген кезде қолыңды сүртсең, майын жақсы алады. Басқа аудандық газетпен қол сүртсең, қолыңа қара сиясы жұғады. Қол сүртуге біздің газет таптырмайды ғой, таптырмайды.
Бірде қазақ жігіті Францияға бармақшы болады. Бірақ ол француз тілін білмейді екен. Содан досына келіп ақыл сұрайды. Сонда досы:
Ілмектер: Франция, француз тілі
— Оның несі қиын, сөздің басына «ф» әрпін қойып сөйлей бер! — дейді.
Бірер айдан соң әлгі жігіт Франция ұшағынан түсіп жатыр дейді. Содан Париждің көшелерінде ал келіп адасады. Амал жоқ, алғаш кезіккен жігіттен қинала-қинала жөн сұрауына тура келеді:
— Фауырым, фұл фай фөше? — деген екен абдырап. Сөйтсе, әлгі жігіт:
— Фратан, фөзім де філмеймін! — деп жауап қайтарған екен.
Бір қожайын жаңадан алған үй қызметшісіне:
Ілмектер: бай, қожайын, қызметші, дәрігер, анекдот, прикол, әзілдер, Қазақша анекдот, анекдоттар
— Бақшаға барып шалқан жұлып әкел, — деп әмір етеді. Малай шығып кетеді де бірнеше түп шалқан жұлып әкеледі.
— Өй, кеще! «Шалқан жұл» дегенімді — «Шалқанды жұлып әкелсем болды» деп түсінгенің бе?! Жұлған соң оны тазалап жуып, турап, одан соң оған қаймақ құйып, үстіне аскөк сеуіп әкелмейсің бе?!
Сол күні қожайын аяқ-асты ауырып қалады да, малайын дәрігер шақыруға жұмсайды. Кешке қарай бір-ақ оралған қызметші:
— Тапсырмаңыз түгел орындалды. Дәрігер шақырдым. Дәрі-дәрмек алдым, табыт жасауға тапсырыс бердім, зираттан қабір қаздырып қойдым! — депті.
Әрбір шеккен темекі өмірімізді екі сағатқа қысқартады, әрбір ішкен арақ өмірімізді үш сағатқа қысқартады, ал әрбір жұмыс күні өмірімізді сегіз сағатқа қысқартады.
Ілмектер: өмір, темекі, арақ, сағат, жұмыс, анекдот, прикол, әзілдер, Қазақша анекдот, анекдоттар
Бастықтың қабылдауында:
Ілмектер: бастық, жаз, қыз, демалыс
— Мен жазды сондай жек көремін. Күн ысып, терлей бересің, шөлдей бересің....
— Қорықпа, еңбек демалысына сені қыста бірақ жібереміз.
Бір еркек базарда сауда жасап тұр:
Ілмектер: базар
— Мынау не?
— Алма.
— Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
— Мынау не?
— Жаңғақ.
— Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
— Ал мынау не?
— Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.
Бір бай кешке үйіне келеді. Әйелі:
Ілмектер: бай, адалдық
— Тамақ ішесің бе?
— Не бар?
— Қара уылдырық, бұлғар шарабы, қазы-қарта, жал-жая...
— Шіркін, баяғыдай қара нан мен шай болса ғой...
— Ол үшін елдің еркектері сияқты адал жұмыс істеу керек!
Екі жігіт әңгімесінен:
Ілмектер: жігіт, ағаш, үй
— Білесің бе, ер жігіттің бірінші — ұлы болу керек, екіншіден — үй салу керек, үшіншіден — ағаш отырғызу керек. Сен болсаң, әлі жүрсің.
— Жоғары жақтан көмек болмай тұр.
— Қалайша, қазір Үкімет балалы болғандарға қаржылай қолдау көрсетеді, үй салам дегендерге несие береді дегендей...
— Оны білем, бірақ ондағылар ағаш отырғызғысы келгендерге ешқандай көмек бермейді ғой...
Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады:
Ілмектер: перзентхана, бала, немере, келін
— Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім?
— Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз...
Билік:
Ілмектер: билік, халық, өмір
— Біз жақсы өмір сүрдік, әлі сүреміз...
Халық:
— Ал біз ше?
Екі жігіттің әңгімесі:
Ілмектер: жігіт, құрылыс, үй
— Сен құрылыста жұмыс істепсің ғой.
— Иә.
— Онда қандай маман болдың?
— Бәрін істейтінмін... Кірпіш тасыдым, цемент тасыдым, құм тасыдым.
— Ол жерден неге шығып кеттің?
— Үйімді салып болдым ғой.
Қазақша әзілдер бөлімінде көңіл көтеретін қызықты анекдоттар, қысқа күлкілі мәтіндер және күнделікті өмірге байланысты әзіл сөздер жинақталған.
Бұл беттен жаңа қазақша анекдоттар, өте күлкілі әзілдер және достарға жіберуге болатын қысқа мәтіндер таба аласыз.
Бұл бөлімде қысқа әрі қызықты қазақша әзілдер, анекдоттар және көңіл көтеретін мәтіндер жинақталып жарияланады.
Иә, бөлім тұрақты түрде жаңартылып, жаңа қазақша анекдоттар мен күлкілі мәтіндер қосылып отырады.
Бұл бөлім көңіл көтергісі келетін оқырмандарға, достарымен бөлісетін қысқа әзіл іздейтіндерге және қазақша қызықты мәтін оқығысы келетіндерге пайдалы.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі