Өлең, жыр, ақындар

Анекдот, әзілдер, қазақша анекдоттар

Жағажайда демалыс
Баласы жұмыстан келген әкесіне қарап: «Әке, бүгін дәрігерге қаралдым. Маған “денсаулығың жақсаруы үшін бір ай жағажайда демалуың қажет” деді. Бұған не дейсіз әке, қайда барамыз?» - дейді. Сонда әкесі: «Басқа дәрігерге барамыз» деген екен.

Ілмектер: Күлімдейік, дәрігер, жағажай

Адамның күні адаммен, маймылдың күні бананмен.

Ілмектер: маймыл

Қыздар шіркін штангист ау шетінен
Бес тоннаны көтеретін бетімен
"МЫСТАН КЕМПІР" елестейді көзіме
Баттастырған бояу көрсем бетінен

Ілмектер: Ардақ Жолдыбаева

Асықпаған арбамен қоян алар,
Еріккен тырнағын бояп алар

Ілмектер: асықпа өлеңі

Бір күні бір кісі, Технодом желі дүкенінен Iphone 7 сатып алыпты (ол кезде жаңадан шыққан кезі болатын), ұялы телефонды джинсый ның артқы қалтасына салып, жолға шығып такси ұстап тұрса, такси тоқтаған ғой енді, артқы есігін ашып отыра қалса бір нəрсе - қырт ете қалыпты, сүйтсе əлгі кісі қолын жайып "Я Алла, омыртқам болса екен", депті!

Ілмектер: Технодом, дүкен

Қожанасыр етікшіге барып, етік тіктіріпті. Дайын болғанында етікші Қожанасырға «бір аптадай аздап қысып жүруі мүмкін, одан кейін түсіп кетеді» дейді. Қожанасыр үйіне келіп, етікті әйеліне береді де: «Мынаны бір жерге сақтап қой, бір аптадан кейін бересің, әйтпесе аяғымды қысады екен» депті.

Ілмектер: Қожанасыр, етікші, етік

Астанадан Алматыға қатынайтын ұшақта бір кісі жанында отырған әйелге көп білетіндігін паш ете отырады. Көп білетіндігін көрсетем деп, мақтанудың ырқына кіріп кеткендігі соншалық, бірде жанындағы әйелге ойын ойнауды ұсынады. «Сізге сұрақ қоямын, жауабын таппасаңыз маған 500 теңге бересіз, содан кейін сіз сұрақ қоясыз мен жауабын таппасам сізге 5000 теңге беремін» дейді. Әлгі әйел келіседі. «Ай мен жер арасындағы қашықтық қанша км?» дейді. Әйел үндеместен әмиянынан 500 теңге шығарып береді. Енді сұрақ қою кезегі әйелге келеді. «Тауға 3 аяқпен өрмелеп шығып, 4 аяқпен жерге түсетін не?» дейді. Әлгі кісі ары ойланып, бері ойланып, таба алмайды. Әмиянынан 5000 теңге шығарып береді. Әйел ақшаны әмиянына салып жатқанда әлгі кісі «жаңағы сұрақтың жауабы не?» дейді. Әйел тағы да үндеместен әлгі кісіге 500 теңге беріпті.

Ілмектер: тапқырлық, сұрақ

Құлағына сырға таққан, аздап боянған, шашы ұзын жас жігіт автобусқа мінеді. Келесі аялдамадан түспекші болған қарт әже: «Қызым шетке тұрасың ба, өтіп кетейін» дейді. Әлгі жігіт: «Апа, мен қыз емеспін» дейді. Кәрі апаның сол сәттегі сөзі автобустағыларды ду күлкіге қалдырған екен: «Ойбу байғұс-ау, жастайыңнан жесір қалғанбысың?» деген екен.

Ілмектер: ақкөңіл, апа

Бір күні жануартану пәнінің мұғалімі оқушыларға сұрақ қояды.
- Африкада мекендейтін 5 жануарды атаңдар,- депті.
Сонда бір бала атып тұрып «2 піл, 3 жираф» деген екен.

Ілмектер: жануар, Мұғалім, жануартану, сабақ

Тiс дәрiгерi емделушiге күмiлжи қарап:
- Кешiрiңiз, мен сiздiң сау тiсiңiздi жұлып тастаған сияқтымын. Ендi ауру тiсiңiздi тағы жұлуға тура келедi, -дейдi.
Емделушi қан түкiрiп тұрып, қуанғанын жасыра алмай:
- Көз дәрiгерi болмағаныныз қандай жақсы болды! – депті.

Ілмектер: Көз дәрiгерi, Тiс дәрiгерi, Көз, Тiс, Дәрiгер

Суық шай
Қожанасыр бір күні шайханаға келіп «суық шай бар ма?» дейді. Шайханашы таңырқап қарап «жоқ» дейді. Қожекең екінші күні тағы келіп «суық шай бар ма?» деп сұрайды. Шайханашы «жоқ әрине, бізде үнемі шай ысып тұрады» дейді. Үшінші күні шайханашы Қожекеңнің келетінін ойлап, оған арнайы шай суытып қояды. Қожекең келіп «суық шай бар ма?» дегенінде, шайханашы «бар, сізге арнайы дайындап қойдым» дейді. Сонда Қожекең «Онда ысытып әкел, шай ішейік» деген екен.

Ілмектер: Суық шай, Қожанасыр

Французша сабақтан қиналып жүрген оқушысын жігерлендірмек болған мұғалімі: «Сабаққа бұрынғыдан көбірек ден қойып, құлшыныс көрсетсең, сенің бұл сабақты жақсы меңгере алатыныңа сенімдімін, тіпті көретін түстеріңе дейін французша болған күні бес алатын боласың» дейді. Ертеңіне оқушысы аласұрып, ентігіп мұғаліміне жүгіріп келеді: «Апай бүгін түс көрдім, адамдардың бәрі французша сөйлеп жүр екен» дейді. Мұғалімі күлімдеп: «Тамаша, олар не деп жатыр екен?» деп сұрайды. Иығын жоғары көтерген бала: «Білмедім, бірде-бір сөздерін түсінбедім» деген екен.

Ілмектер: сабақ, оқушы, Мұғалім, французша

2-сынып, қазақ тілі сабағында мұғалім ішінде «п» әрпі бар сөз айтыңдаршы депті. Арт жақтағы парталардың бірінен қолын көтерген бала: «қазан» дейді. Мұғалім: «қазанның қай жерінде п әрпі бар еді?» дейді. Сонда оқушы: «қақпағында» деген екен.

Ілмектер: қазан, Мұғалім, сөз, П әрпі, қақпақ

Бір кісі базарда сауда жасап тұр:
- Мынау не?
- Алма.
- Маған бір келісін беріңіз және әр талын жеке-жеке орап беріңіз.
- Мынау не?
- Жаңғақ.
- Бұдан да бір келі беріңіз және әр талын орап беріңіз.
- Ал мынау не?
- Мейіз ғой, бірақ ол сатылмайды.

Ілмектер: базар, сауда

- Ата, осы сіз ғой феодализм кезінде де, енді, міне, капитализм де өмір сүріп келесіз. Шыныңды айтыңызшы, қай заманда өмір сүрген жақсы екен?
- Е, несін айтасың балам, бай болсаң - феодализмде, кедей болсаң - социализмде, ұры болсаң - капитализмде өмір сүрген жақсы депті атасы.

Ілмектер: заман, ата, бала, анекдот, күлдіргі әңгімелер

Екі жынды кино көріп отыр.
- Мына киноны бұрын көріп пе едің?
- Жоқ. Бірінші рет көруім.
- Ал мен төртінші рет көріп отырмын. Бірақ алдыңғы үшеуіне қарағанда, бұл жолы актерлер өте тамаша ойнады.

Ілмектер: жындылар, жындылар туралы анекдот

Ауыл әкімі кабинетінен атып шығып, хатшы қызға дүрсе қоя береді:
- Менің үстелімнің үстіндегі шаңды саған кім сүрт деді?
- Не болып қалды, ағай?
- Онда өте бір маңызды телефон жазылған болатын, - депті.

Ілмектер: әкім, шаң, телефон

Қожа керілдесіп тұрған екі жігіттің үстінен шығып қалып, арашаға түсіп, бірін жетектеп ол жерден алып кетеді.
Ызадан қалшылдап келе жатқан жігіт былай шыға бере:
- Қожеке, сен арашаламағанда әлгінің жағын айырып жіберетін едім, - дейді кіжіне сөйлеп.
- Пайданы білмейді екенсің, - деп ұрсыпты Қожа сонда әлгі жігітке, - оның жағын жұдырығыңды ауыртып айырғанмен ол саған бір теңге де бермейді. Сен одан да менің отынымды жарып, балтамен-ақ айырып бер. Шайлық ақша таппағаныңды көрейін.

Ілмектер: Қожанасыр, Қожеке, Қожа

Өзімнің қандай инженер екенімді ойласам болды, дәрігерге қаралуға қорқамын.

Ілмектер: инженер, дәрігер, мамандық, сапа, білім сапасы

Емтиханнан кейін:
- Тапсырдың ба?
- Тапсырған сияқтымын.
- Не сұрады?
- Өзім түсінбедім. Ағылшын тілінде сұрады ғой.

Ілмектер: Ағылшын тілі, емтихан, ағылшын