Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (51) Өлеңдер (21) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (136) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (4)

"ит" туралы Әзіл, анекдоттар

"ит" туралы қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "ит" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді.
— Мұныңмен не айтпақсың?
— Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды...

Ілмектер: бай, әйел, ит, күтуші
WhatsApp Telegram

Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып:
- Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық - дейді.
Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен.
- Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! - деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал:
- Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! - депті.

Ілмектер: ит, шал, кемпір, қалжың
WhatsApp Telegram

Екі көрші сөйлесіп отыр.
- Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.

Ілмектер: ит, борщ
WhatsApp Telegram

Төбет күшігін шақырып алып:
- Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды.
- Әрине, жақсы дайындаламыз.
- Оқуды үйрендің бе?
- Жоқ.
- Санауды ше?
- Жоқ.
- Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді?
- Біз шет тілін үйреніп жүрміз?
-Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы?
- Мияу –у!

Ілмектер: күшік, ит, оқу
WhatsApp Telegram