Екі көрші сөйлесіп отыр. - Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр. Ілмектер: ит, борщ Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Екі көрші сөйлесіп отыр. - Менің итім топастың топасы. Кеше кешке аяқ киімімді әкел деп бұйырсам тыңдамайды. Өзінше ас үйде борщ пісіріп жүр.
Бір ауылда бір шал бәрін мазақтап, бәрімен қалжыңдасады екен. Бір күні сол шалдың Ақтөс деген иті өліп қалады. Ауылдағы жігіттер жиналып: - Біз де барып қалжыңдайық. Иті өлгеніне көңіл айтып барайық - дейді. Жігіттер жиналып барса, шал есік алдында отыр екен. - Ата, итіңіздің арты жақсы болсын! - деп жігіттер шалды құшақтап көңіл айтыпты. Сонда шал: - Әй, кемпір, шай қой, Ақтөстің достары келді! - депті. ит, шал
Нью-Йоркта бір банктің алдына соңғы модельді люкс класты көліктен түскен адам жылдам қадамдармен банкке кіріп келіп шұғыл түрде кредит алғысы келетінін айтады. Банк қызметкеріне өте шұғыл шаруалармен Еуропаға кетуі керектігін және осы себепті 1 апта көлеміне бес мың доллар кредит алуы керектігін айтады. Банк қызметкері клиент турасында қысқаша анықтама жинағаннан кейін: «Финанциялық және материалдық жағдайыңызды қарадық. Бұл кредитті алуыңызға ешқандай кедергі жоқ. Бірақ біздің банкімізбен бұрын соңды жұмыс істемеген екенсіз. Банк ретінде сізді танымаймыз. Осы себепті кредитті бере алуымыз үшін сізден кепілдік сұрауға мәжбүрміз» дейді. Әлгі адам стол үстіне көлігінің кілті мен құжаттарын қойып: «Өте асығыс едім, ұшаққа үлгеруім керек. Кепілдікке есік алдындағы люкс көлігімді алсаңыздар болады» дейді. Кредит рәсімдері тез арада бітіп, банк қызметкерлері көлікті банк гаражына кіргізеді де әлгі кісіге бес мың доллар береді. Банк қызметкері бір апта бойы бұл кісі туралы ақпарат жинап, оның өте бай адам екенін анықтайды. Бір аптадан кейін әлгі адам келіп бес мың долларлық қарызы мен 9,5 долларлық апталық пайызын төлейді. Банк қызметкері клиентінен таңдана сұрайды: - Сіз өте бай кәсіпкер екенсіз ғой. Айтыңызшы, сіз үшін арзымаған сома болатын бес мың долларлық кредитті не үшін алдыңыз?- дейді. Бай кәсіпкердің жауабы: - Мынадай люкс көлікті Нью-Йоркта қай жабық гаражға 9,5 доллармен 1 аптаға қалдыра алар едім?! Бай болу үшін ақыл да керек :) паркинг, бай
Төбет күшігін шақырып алып: - Мектепке сабаққа жақсы дайындаласыңдар ма? – деп сұрайды. - Әрине, жақсы дайындаламыз. - Оқуды үйрендің бе? - Жоқ. - Санауды ше? - Жоқ. - Түбің түскір–ау, мектепте не үйретеді? - Біз шет тілін үйреніп жүрміз? -Жақсы екен. Шет тілінде бірдеңе айта қойшы? - Мияу –у! күшік, ит
Білгім келген сұрақ: — Социализм деген не? — Бұл — капитализмге апаратын ұзақ жол. Социализм, капитализм
Бір байдың әйелі күтуші қызды жұмысынан босатып жібереді. Әлгі қыз есіктен шығып бара жатып, босағадағы жатқан екі итке біраз тиын-тебен тастап кетеді. — Мұныңмен не айтпақсың? — Бұлар мен жуып үлгермеген ыдыс-аяқты жалап, маған үнемі көмектесіп тұрды... бай, әйел
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. қойшы, келін
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі