«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады. Ілмектер: қойшы, келін, шай, мақал Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
«Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген мақалды қалай түсінуге болады? - Дұрыс қой, қойын ұрласаң, қойшы таяғымен ұрады. Таңертең шай қой десең келін аяғымен ұрады.
Апа, неге осы қазақтың келіндері орамалсыз жүрмеуі керек? – Е, жарығым! Əйел орамал тақпаса – арын ұмытады. Күйеуінің барын ұмытады! Шашы – тамаққа түседі, өзіне келген қонақтың назары түседі. – Ал, сəлем салмаса ше? – Сəлем салмаса – өзін сыйлайтын қайын ата, қайын ағадан айырылады, тегін батадан қайырылады! – Келін міндетті түрде униформа (халат, ұзын көйлек, орамал) киіп, келін боп шауып жүруі керек пе? – Қыз қалыптан əйел болуға көндіретін ол – сəлемі, жат жұрттың алдындағы əдебі! Қыз күнін қиып, қыдыруын тиған – қатын болады! Қатын болған адам – қазанға, отқа жақын болады. Құрсағын кеңітіп, бала тапқан – кең болады! Алпыс екі тамырын иіткен ана болады! Басқа салғаннан ой түйіп, тағдырына бас игенге құдай өзі пана болады! Үлкеннен көргенін бойына сіңіріп, өзі де сол əулетке сіңген келін – дана болады! – Ой, қазір жастарды емес үлкендерді тəрбиелеу керек сияқты ғой! – Бүркіт көзіне көрінгенді алмайды, көңілдегісін алады. Ақылды атаның баласы ерегіспей, тектілігіне салады. Көргеніңе көз жұм да, көңілдегіңді істе! – Бəрін бір келін байғұсқа жүктейді қазақ! – Е, балам! Жақсы келін ата-енесін бағады. Ата-анасы ұнатқанды – отағасы жылатпайды! Кемінде алты бала тапқанның не айтса да сөзінің құнары болады, қамықса – қарайтын “шырағы” болады. Аз бала тапқанның тыпыршып айтар “ұраны” болады. Көп баласы бардың – шөлдетпейтін бұлағы болады. Əйел – келін болмаса, керім болмайды. Ана болмаса, ене болмайды. Ене бола алмаса – əдепті келіні жəне болмайды! – Бəрі əйелге байланысты емес қой. Ер азамат та жəрдем беруі қажет! – Дұрыс! Азамат таппаса – ақшада береке болмайды! Дүние тапқанмен, баққаны көше болса – екі дүниеде сорлайды! Еркегі үйіне қонбайтын үйдің – қызы етегін жаппайды, еркіндік сақтайды. Қылық сақтап, қымсынбайды. Айналасын жинайын деп ұмсынбайды! Ұлы – ұсақтау, бəдік болады, қатындардың тірлігіне қанық болады! Əйелі ашынып жүреді, бір ысып, бір суып, басылып жүреді. Көршімен əңгімешіл боп, үйі бықсып, шашылып жүреді. Ондай əйелден – əдеп сақтар жар, салиқалы ана шықпайды. Еркекті ерітетін де – əйел, жерітетін де – əйел! Беделін биік қып, абыройын кемітетін де – əйел! Əйел жұмсақ болмаса – ер далаға қашады. Далада жүріп көп былыққа араласады. Араласқан соң – тапа тал түсте сөз таппай сасады, əрнəрсені сылтау ғып, өтірік ғайбат шашады. Əйелі жақсының ағайыны айналасында жүреді. Ұрпағы ізетті болады. анекдот, адамның өмірі
Шалмен кемпірдің жаңа түскен келіні есік алдын сыпырмайды екен. Шалмен кемпір өзара келісіп екеуміз таласайық сен “мен сыпырамын” де, мен “жоқ мен сыпырамын” дейін мүмкін келін ұялғаннан мен сыпырамын дейтін шығар депті. Сөйтіп шалмен кемпір сыпырғыны алып таласа бастапты. Мұны көрген келіні келіп “не болды неге таласып жатырсыздар, бір күн сіз сыпырыңыз, бір күн енем сыпырсын” деген екен. келін, шал
Беделді бір кісінің келіні қыз туады. Бұған көңілі толмаған әлгі кісі перзентхана басшысына телефон шалады: — Мен немерем ұл болсын деп едім ғой. Сонша ақшаны сізге не үшін бердім? — Ашуланбаңыз, ауыстырып береміз... перзентхана, бала
Бір тойда асаба былай деген екен: Құрметті той қонақтары, алдарыңызға ас қойдық, екі қолды бос қойдық. Алдарыңыздағы асты кезінде ата-бабаларымыз немісті қалай қырса солай жапыра жеп отырыңыздар! Содан той бітеді. Бір кемпір қолында тырсыйған екі көк пакет шығып бара жатыр дейді. Асаба: - Әже,мынауыңыз не? Кемпір: - Е, қарағым, бұлар пленге түскен немістер ғой-депті )) асаба, әже
Асықпаған арбамен қоян алар, Еріккен тырнағын бояп алар асықпа өлеңі
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
Бір күні қазақ,орыс, өзбек келе жатып бір байға кезігеді. Бай оларга кімде кім менің койымды мәәә дегизсе соған бар байлығымды берем депти. Сомен орыс пен өзбек мәәә дегізе алмай койыпты, ал қазақ барып койдың котіне ине тығып алады сол кезде кой мәәә дейді екен, бай тағы енди қойымды ыыі дегізіп беріңдер депті. Орыс пен өзбектен ештеңе шықпайды қазақ барып кешегідей артыңа ине тығып алайын ба дегенде қой ыыі депті, сөйтіп бар байлық қазаққа калады қазақ туралы анекдот, қазақ өзбек орыс
Баяғыда бір бай болыпты. Қорасы қойға толы, шарасы майға толы екен. Бір күні байдың қорасындағы малына ұры түседі. Ұрыны ұстап алып. - Атың кім? - деп сұраса Ұры: - Әрине - деп жауап береді. - Не істеп жүрсің? - десе, тағыда әрине деп жауап беріпті. - Елің қайда? - десе "Әрине" - деп айта беріпті. Сонда бай: - Мынаның есі дұрыс емес шығар жіберіңдер. - деп босатады. Сонда ұры: - Қойға келген ұры едім, әринемен құтылдым деп қашып кетіпті. әзіл, ұры
Хабарлама
INFO
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі