Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде:
Ілмектер: Қожанасыр, шапан
- Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып:
- Же, шапаным, же! - деп, отыра береді.
Үй иесі:
- Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді.
Сонда Қожа:
- Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді.
Өлген қазан Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының...
Толық оқу (пікір жазу)
Қожанасыр етікшіге барып, етік тіктіріпті. Дайын болғанында етікші Қожанасырға «бір аптадай аздап қысып жүруі мүмкін, одан кейін түсіп кетед...
Толық оқу (пікір жазу)
Қожанасыр қыстың күні арықтағы суға мысығын жуып отыр екен. Оны көрген көршісі, күн суықта жуғаның не өледі ғой депті. Көршісі бір айналып к...
Толық оқу (пікір жазу)
- Нарша Булгакбаев
- Марғұлан Сейсембай
- Әлкей Марғұлан
- Әлкей Марғұлан
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі