Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі: – Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа: – Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті. Ілмектер: кілт, Қожанасыр Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Қожанасыр бір күні кілтін жоғалтып алады. Бақшада іздеп жүргенінде әйелі: – Кілтті қай жерге түсіріп алған едіңіз?-деп сұрайды. Қожа: – Қай жерге түсіргенімді білсем іздеп жүрер медім?- депті.
өте керемет
Баяғыда біреу той жасапты, тойға көп кісі жиналыпты, Қожа да келіпті. Қожанасырдың үстіндегі киімі жаман екен. Қожанасырды ешкім елемепті. «Төрге шық, тамақ іш», - демепті. Қожа үйден шығып кетеді де үйіне барып, тәуір киімдерін киіп, қайта келеді. Бұл жолы үй иесі Қожанасырды құрметтейді, төрден орын береді, ет келгенде: - Қожеке, алыңыз, алыңыз! - деп, қошеметтейді. Қожа етті жемей, табаққа шапанының жеңін малып: - Же, шапаным, же! - деп, отыра береді. Үй иесі: - Сіздің бұ не қылғаныңыз? Шапан ет жейтін бе еді? - дейді. Сонда Қожа: - Сен кісіні сыйламайды екенсің, киімді сыйлайды екенсің. Сондықтан шапаныма жегізіп отырғаным! - деп, жауап береді. Қожанасыр, шапан
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға: - Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді. - Тамақтың иісіне де ақша төлене ме? - Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз. Екеуі бірге қазыға барады. Қазы: - Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді. - Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық... Қожанасыр, ақша
Қожекең басына сәлдесін орап, көшеде келе жатады. Біреу аптыға жүгіріп келіп: — Қожеке мына хатты оқып беріңізші! — деп өтініпті. — Мен хат танымаймын. — Ендеше неге басыңызға сәлде орап алғансыз? — Е, мәселе сәлдеде болса, мә, басыңа ора да, хатыңды оқып ала ғой, — депті оған Қожекең. Қожанасыр, сәлде
Қожанасыр жолда келе жатып жаңғақ ағашының астына көлеңкелеп отырады. Ағаштың маңында асқабақ бақшасы бар еді. Қожа: «Мына табиғаттың қызығын-ай асқабақтың сабағы кіп-кішкентай бірақ жемісі менің қапшығымдай үп-үлкен. Ал мына діңгегі қалың еңгезердей ағаштың жемісі болса есектің көзінен де кіп-кішкентай» деп іштей ойлайды. Ол осылай ойлап отырғанында басына тарс етіп бір жаңғақ түседі. Шекесі қызарып қалған қожа жаңғаққа бір, асқабаққа бір қарап: «Тәубә, сөзімді кері алдым. Астында отырған мына ағаш асқабақ ағашы болғанда қайтер едім» деген екен. Қожанасыр, ағаш
Өлген қазан Қожанасыр қонақ шақыратын болып көршісінен үлкен қазанын сұрап алыпты. Ертеңіне қазанын әкетуге келген көршісі жуулы қазанының қасында өзінікіне ұқсаған кіші қазанның да тұрғанын көреді. Қожанасыр қалжыңдап: «Түнде толғатып қазаның босанды» дейді. Көршісі еш кідірместен: «Ә бәрекелді, жақсы болған екен» деп екеуін де алып кетеді. Келесі жолы қонақ шақырғанында Қожанасыр әлгі көршісінің қазанын тағы сұрап алады. Бұл жолы қазанын әкетуге келген көршісіне Қожекең: «Қазаның жоқ, қазаның түнде толғатып жатып өліп қалды» дейді. Көршісі ашуланып: «Қазан өлуші ме еді, басымды қатырма, қазанымды бер» дейді. Сонда Қожекең: «Толғатып тағы бір қазан туғанына сенген адам, өлгеніне де сенуі тиіс» деген екен. Өлген қазан, Қожанасыр
Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып: - Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - депті. Қожанасыр, ай
Бір күні Қожанасыр түнде шөлдеп құдыққа барып су ішейін депті. Құдықтың түбіне қараса айдың бейнесі суға түсіп тұр екен. Ол ай құдыққа түсіп кеткен екен деп шелекті құдықтан қатты тартқаны соншалық тіпті өзі шалқасынан түсіпті. Аспанға қараса ай тұр екен. Сонда Қожанасыр қуанып "Айды аспанға бір шығардым ау" депті. Қожанасыр, ай
Қожанасырдың қолында өте әдемі жүзікті көрген саудагер досы Қожанасырға былай депті: - Қожеке екеуміз бұрыннан доспыз. Жақында қажылыққа барамын, сізді қатты сағынатын боламын. Сондықтан жүзігіңізді маған сыйға берсеңіз, сізді сағынған кезімде жүзікке қарап сізді көргендей болар едім. - Мен де сізді сағынатынға ұқсаймын. Ең дұрысы жүзік өзімде қалсын. Жүзікке қараған кезімде, досым сұрағанда бермеп едім деп сізді еске алып Қожанасыр, жүзік
Хабарлама
INFO
жайлааубай темірлан
өте керемет