Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (17) Өлеңдер (68) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (32) Ұлағатты сөздер (5) Әзіл, анекдоттар (2)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"ай" тақырыбына байланысты Әзіл, анекдоттар

"ай" тақырыбына байланысты қазақша әзілдер мен анекдоттар жинағы. Мұнда "ай" ілмегіне қатысты қызықты әзілдер мен күлкілі оқиғалар ұсынылған.

Бір күні Қожанасыр түнде шөлдеп құдыққа барып су ішейін депті. Құдықтың түбіне қараса айдың бейнесі суға түсіп тұр екен. Ол ай құдыққа түсіп кеткен екен деп шелекті құдықтан қатты тартқаны соншалық тіпті өзі шалқасынан түсіпті. Аспанға қараса ай тұр екен. Сонда Қожанасыр қуанып "Айды аспанға бір шығардым ау" депті.

Ілмектер: Қожанасыр, ай, құдық
WhatsApp Telegram

Қожанасыр бір күні әбден шөлдеген соң су алып ішпек болып, түнде құдыққа барады. Құдыққа қауға салып тартса, шықпайды. «Бұған не болды?» - деп, Қожанасыр үңіліп қараса, құдықтың түбінен ай көрінеді. «Ә, қауғам айға ілініп қалған екен ғой», - деп, Қожа жұлып тартып қалғанда, қауғасы шығып кетеді, өзі шалқасынан түседі. Жерге басын соғып, есеңгіреп қалған Қожанасыр әлден уақытта көзін ашса, ай аспанда тұр. Сонда Қожекең қуанып:
- Не болса, о болсын, айды аспанға бір шығардым-ау! - депті.

Ілмектер: Қожанасыр, ай, құдық
WhatsApp Telegram