Қазақша есімдер және олардың мағынасы

Бұл бөлімде қазақша есімдердің толық тізімі алфавит бойынша берілген. Мұнда ұл және қыз есімдері, адам аттары және олардың мағынасы ұсынылған.


Абай

қазақ есімі, ел ағасы. Абай есімінің мағынасы әр түрлі: абайлағыш, байқағыш, ойшыл деп түсінігі бар. Бұл есім қазір халық арасында жиі қойылады.


Есімге сілтеме: Абай

Аббас

араб тілінен алынған — қатал, қатыгез, жауынгер. Түрлері - Ғаббас, Қаппас, Қапбас.


Есімге сілтеме: Аббас

Абзал

араб тілінен алынған - ардақты, аса қадірлі, ең құрметті.


Есімге сілтеме: Абзал

Абира

Тәжік тілінен алынған. Абера — шөбере, шөбере қыз.


Есімге сілтеме: Абира

Абыз

араб тілінен алынған — күтуші, қорғаушы, сақтаушы. Жаңа мағынасы — ғалым, білімпаз. Түрлері — Хафиз, Қапыз. Біріккен тұлғалы есім — Абызбай.


Есімге сілтеме: Абыз

Абылай

араб тілінен алынған есім - абыл, әбіл — ата, әке. Әбділмәмбет деген есімнің қысқарған түрі.


Есімге сілтеме: Абылай

Абылғазы

араб тілінен ғазы — жауынгер, әскер, яғни жауынгердің, әскердің атасы, әкесі.


Есімге сілтеме: Абылғазы

Ағабек

көне түркі тілінен алынған аға + бек. жас жағынан немесе лауазым жағынан үлкен, жоғары бек.


Есімге сілтеме: Ағабек

Ағанияз

қазақ тілінен алынған ата + иран тілінен алынған нияз - өтініш, тілек, үміт, сый, тарту. Бала ата тілегі, ата үмітін ақтасын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ағанияз

Ағзам

араб тілінен алынған — зор, ең ұлы.


Есімге сілтеме: Ағзам

Ағила

Араб және парсы тілдерінен алынған. Агиля — ақылды, парасатты.


Есімге сілтеме: Ағила

Ағлия

Грек тілінен — сұлулық, көркемдік, салтанат.


Есімге сілтеме: Ағлия

Ағын

қазақ есімі - ағыны қатты, лек, екпін.


Есімге сілтеме: Ағын

Адай

көне түркі тілінен алынған - балапан. Бала, сәби, перзент деген ауыспалы мағына береді.


Есімге сілтеме: Адай

Адам

көне еврей тілінен - қызыл, жирен түсті ер адам (балшықтан жасалған кісі, пенде). Біріккен тұлғалы есімдер — Адамбек, Адамбай.


Есімге сілтеме: Адам

Адлия

Тәжік тілінен алынған адл — әділдік, ақиқаттық.


Есімге сілтеме: Адлия

Адырбай

қазақ есімі — адыр — биік, дөң, қыр + бай.


Есімге сілтеме: Адырбай

Ажар

Көрікті, келбет, нұрлы; түр, өң.


Есімге сілтеме: Ажар

Ажарбек

қазақ есімі - ажар — әдемі, шырайлы, көрікті, келісті + бек. Яғни аса көрікті, өте әдемі, келбетті.


Есімге сілтеме: Ажарбек

Ажаргүл

Гүл сияқты әдемі, сұлу, көрікті.


Есімге сілтеме: Ажаргүл

Ажархан

Көрікті, ажарлы, әрлі, нұрлы.


Есімге сілтеме: Ажархан

Аза

Тәжік тілінен алынған азза — қымбатты, сүйікті, сүйкімді.


Есімге сілтеме: Аза

Азамат

араб тілінен алынған - ұлылық, даңқ, нағыз ер жігіт, саналы адам.


Есімге сілтеме: Азамат

Азат

иран тілінен алынған - ерікті, еркін, тәуелсіз адам. Біріккен тұлғалы есімдер - Азатбай, Азатбек.


Есімге сілтеме: Азат

Аида

Араб тілінен — пайда, сый.


Есімге сілтеме: Аида

Айәділ

қазақ тілінен - ай + араб тілінен - әділ. Әділ, адал, шыншыл.


Есімге сілтеме: Айәділ

Айбала

Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпей қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айбала

Айбар

қазақ есімі — айбат, айбын. Бұл есім сәбиге айбатты, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады. Сыйлап, құрметтеп айту түрі — Айаға, Айеке, еркелетіп айту түрі — Айбаржан, Айке, Айкеш, Айкен.


Есімге сілтеме: Айбар

Айбарша

Қазақ тілінен алынған ай және барша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бұның барша сыңары тіліміздегі «алтын мен күмістен безелген мата» деген сөз.


Есімге сілтеме: Айбарша

Айбас

қазақ есімі — ай + бас, ай сияқты ашық, жарқын жүзді адам.


Есімге сілтеме: Айбас

Айбат

қазақ есімі - айбар, қаһар, айбын. Бұл есім сәбиге батыл әрі батыр, айбынды болсын деген мақсатпен қойылады.


Есімге сілтеме: Айбат

Айбек

қазақ есімі - ай + бек — берік, мықты. Сәби ғұмырлы, беделді болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айбек

Айбибі

қазақтың сөзі ай + тәжік тілінен алынған биби — әйел, ханша деген мағынаны білдіреді. Бұл есім қыз бала сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылады. Түрлері — Бүбіш, Бүбіхан, Айбүбі, Бүбі.


Есімге сілтеме: Айбибі

Айбике

Екі сөзден бірігіп жасалған есім, сыңарындағы бике сөзі араб тілінде әйел деген сөз. Яғни Айдай сұлу әдемі, көркем деген ұғымды білдіреді.


Есімге сілтеме: Айбике

Айбол

қазақ есімі - ай + бол — айдай айқын, жарық бол деген мағыналы есім.


Есімге сілтеме: Айбол

Айболат

қазақ есімі - ай + болат - болады — менің айым болады.


Есімге сілтеме: Айболат

Айбын

қазақ есімі. мағынасы айбар, айбат, батылдық.


Есімге сілтеме: Айбын

Айгүл

қазақтың сөзі ай — тәжіктің сөзі гул. Гүл сөзі тәжік тілінде роза деген мағынаны береді. Бұл есім қыз бала айдай сұлу, гүлдей жайнаған көрікті болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айгүл

Айғали

қазақ тілінен алынған - ай + араб тілінен - ғали — биік, жоғары. Бала әрдайым жоғары мұратқа ие болсын деген тілекпен қойылған болса керек.


Есімге сілтеме: Айғали

Айғанша

Қазақ тілінен алынған ай және ханша сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Айдай сұлу деген мәнді білдіреді.


Есімге сілтеме: Айғанша

Айғыз

Айдай сұлу, көркем қыз бала.


Есімге сілтеме: Айғыз

Айдай

Айдай сұлу, көркем.


Есімге сілтеме: Айдай

Айдан

қазақ тілінен алынған ай + дан — қосымша. Бұл есім бала айдан да жарық, көркем болсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айдан

Айдана

Қазақтың сөзі ай және тәжік тілінен алынған дана, білгір, данышпан, ғалым.


Есімге сілтеме: Айдана

Айдар

қазақ тілінен алынған есім. Балалардың төбесіне қойылған шашы. Ал айдарлы сөзі «мықты, күшті, зор» деген мағынада қолданылады. Біріккен тұлғалы есімдер — Айдархан, Айдарлы, сондай-ақ синонимдік есімдер — Кекіл, Тұлымхан.


Есімге сілтеме: Айдар

Айдарғали

араб тілінен айдар — күшті + ғали — биік, жоғары. Бұл есімнің бірінші нұсқасы Хайдарғали болу керек. Бұл есімнің бірінші сыңарын хайдар «арыстан» деп білсек, екінші сыңары араб тілінен — ғали - Әли. Сонда Хайдарғали арыстан Ғали, батыр Әли деген мағынаны білдіреді. Түрі — Айдаралы.


Есімге сілтеме: Айдарғали

Айдария

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған дәриа, теңіз, үлкен өзен.


Есімге сілтеме: Айдария

Айдархан

қазақ сөзі - айдар, араб сөзі - хайдар + қазақ сөзі - хан, яғни арыстан, жаужүрек хан деген мағынаны береді.


Есімге сілтеме: Айдархан

Айдос

қазақ есімі - Айдың досы.


Есімге сілтеме: Айдос

Айдын

қазақ есімі — айбат, айбын, каһар, күш-қуат, айқын, ашық, жарық. Біріккен тұлғалы есім - Айдынғали.


Есімге сілтеме: Айдын

Айжамал

қазақтың сөзі ай + араб тілінен алынған жамал — әдемі, сұлу, яғни айдай сұлу, әдемі болсын деген мәндегі есім.


Есімге сілтеме: Айжамал

Айжан

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған жан, айдай сұлу, әдемі.


Есімге сілтеме: Айжан

Айжарқын

қазақ есімі. ай және жарқын сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім.


Есімге сілтеме: Айжарқын

Айжарық

ай және жарық, қазақтың сөздерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Бала ай жарығындай болып, шапағаты басқаға тисін деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айжарық

Айжас

ай және жас, қазақ сөдерінен жасалған біріккен тұлғалы есім. Өмірге жана келген сәбиді жаңа туған жас айға теңеп қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айжас

Айзада

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зада — перзент, бала. Айдай перзент, бала.


Есімге сілтеме: Айзада

Айзат

қазақтың сөзі ай + иран тілінен алынған зада — «бала» сөздерінен жасалған есім. Ай сияқты аса әдемі, көрікті бала деген мағына береді.


Есімге сілтеме: Айзат

Айзере

Қазақ тілінен алынған ай және зере парсы тілінен зер — алтын. Алтынай есімінің синонимі.


Есімге сілтеме: Айзере

Айзиба

Қазақтың сөзі ай және парсы тілінен алынған зиба - сұлу, көркем. Ай сияқты сұлу.


Есімге сілтеме: Айзиба

Айзия

Қазақтың сөзі ай және зия - араб тілінен алынған, зийна - жарық, сәуле, шұғыла, яғни ай сәулелі сұлу.


Есімге сілтеме: Айзия

Айкүміс

Қазақтың сөзі ай және күміс - сұлу, әдемі, көркем.


Есімге сілтеме: Айкүміс

Айқын

қазақ есімі. мағынасы әйгілі, белгілі, нақты.


Есімге сілтеме: Айқын

Аймағамбет

қазақ сөзі - ай + араб сөзі мохаммад — мақтаулы. Айтмақамбет, Аймухамбет деп те айтыла береді. Қысқарған түрі — Аймаған, Аймат.


Есімге сілтеме: Аймағамбет

Аймақ

қазақ есімі — өлке, қиыр, атырап, айнала, маңай, төңірек.


Есімге сілтеме: Аймақ

Айман

Қазақ тілінен — белгілі, әйгілі, даңқты; араб тілінен - ант, серт. Біріккен тұлғалы есімдер — Айманай, Аймангүл.


Есімге сілтеме: Айман

Аймира

жана есім ай + орыс тілінен мир — бейбітшілік, тыныштық. Бейбіт, тыныштық болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Аймира

Аймұрат

қазақ сөзі ай + араб сөзі морад - мақсат, тілек. Ай сияқты айқын, жарық тілегім, мақсатым деген ниетпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Аймұрат

Айна

Араб тілінен алынған аин — көз, қарақ, жүз көретін шыны, әйнек.


Есімге сілтеме: Айна

Айнабек

біріккен қазақ сөздері айна + бек. Пәктіктің, тазалықтың, адалдық пен шынайылықтың бейнесі.


Есімге сілтеме: Айнабек

Айнагүл

Тәжік тілінен алынған айна — жүз көретін қалың шыныдан жасалған зат. Пәктіктің, тазалықтың, адалдықтың символы ретінде көбіне қыз балаларға қойылатын есім. Біріккен тұлғалы есімдер — Айнажан, Айнанұр, Айназия.


Есімге сілтеме: Айнагүл

Айнан

араб тілінен алынған гайнан — шын, дұрыс, тура.


Есімге сілтеме: Айнан

Айнаша

Айна сияқты жарқыраған, әдемі, сұлу.


Есімге сілтеме: Айнаша

Айнұр

Қазақ тілінен алынған ай және араб тілінен алынған нур — жарық, шұғыла. Ай сипатты, ай келбетті.


Есімге сілтеме: Айнұр

Айпара

Қазақ тілінен алынған ай және парсы тілінен алынған парә — пари — періште, сұлу; яғни Ай періштесі, Ай көрікті. Айрықша, ерекше, бөтенше.


Есімге сілтеме: Айпара

Айрат

араб тілінен алынған - құрметті, қадірлі.


Есімге сілтеме: Айрат

Айсауыт

ай және сауыт қазақ сөздерінен біріккен көне есім. Айдай айқын, ай сияқты жарқырап мәңгі тұрсын деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айсауыт

Айсәуле

Екі сөзден құралған қыз есімі. Айдың сәулесі сияқты жарық болсын деген үмітпен қойылады.


Есімге сілтеме: Айсәуле

Айсүгір

қазақ есімі. ай және сүгір — әскер, жауынгер сөздерінен жасалған көне есім.


Есімге сілтеме: Айсүгір

Айсұлу

Екі сөзден құралған қыз есімі. Ай сияқты сұлу, көркем болсын деген тілекпен қойылған көне тұлғалы, дәстүрлі есім.


Есімге сілтеме: Айсұлу

Айтақын

араб тілінен алынған эйдь — айт мейрамы, иран тілінен алынған акун — өлең шығарушы, жыршы. Айт мейрамы күні туған балаға осындай ат қойылатын. Біріккен тұлғалы есімдер - Айтбай, Айтжан, Айтбек.


Есімге сілтеме: Айтақын

Айтан

қазақ сөздернен біріккен ай + тан. Таң сөзінің дыбыстық тұрғыдан өзгерген нұсқасы, яғни жарық, жарқыраған ай.


Есімге сілтеме: Айтан

Айтас

ай + тас қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала өмірі ай сияқты жарқын және тас сияқты мықты, берік болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айтас

Айтемір

ай және темір қазақ сөздерінен жасалған есім. Бала айдағы темірдей мықты әрі берік болсын деген тілекпен қойылғаны байқалады.


Есімге сілтеме: Айтемір

Айтолды

Бақытым толды, бағым жанды, балам айдай көркем, сұлу болсын, деген тілекпен қойылған.


Есімге сілтеме: Айтолды

Айтуар

қазақ ай және туар сөздері арқылы жасалған есім. Балаға бақыт, ырыс тілеуге байланысты қойылып отырған.


Есімге сілтеме: Айтуар

Айтуған

қазақ есімі. ай туған мезгілде дүниеге келген балаға осылай ат берілген.


Есімге сілтеме: Айтуған

Айтуды

(қараңыз: Сарман).


Есімге сілтеме: Айтуды

Айша

Араб тілінен алынған гайшә — көне еврей тілінен айше - ұзақ әмір сүруші, өмірге құмар, құштар. Түрлері — Ғайша, Қайша.


Есімге сілтеме: Айша

Айшайым

Айша және айым сөздерінен қысқарған есім.


Есімге сілтеме: Айшайым

Айшолпан

Ай мен Шолпан сияқты жарқыраған, жайнаған сұлу деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айшолпан

Айшуақ

қазақ есімі. ай сияқты сәулелі, жарық, көңілі шуақты болсын деген тілекпен қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айшуақ

Айшық

қазақ есімі. туған ай бейнесіндегі өрнек, сән.


Есімге сілтеме: Айшық

Айым

Менің бақытым, ырысым, айдай сұлуым деген мәнде қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айым

Айымгүл

Менің ай мен гүлім деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымгүл

Айымжан

Айымдай жаным деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымжан

Айымша

Ай сияқты жарық, ашық деген мағынада қойылған есім.


Есімге сілтеме: Айымша

Ақай

қазақ ақ және ай деген екі сөзден бірігіп жасалған есім. Ата-ана баласын айдай аппақ, таза, кіршіксіз, адал болсын деп ырмандап қойған есім.


Есімге сілтеме: Ақай

Ақайша

Аппақ, жарық айдай деп айға балап қойылған есім.


Есімге сілтеме: Ақайша

Ақан

иран тілінен алынған аһен — темір.


Есімге сілтеме: Ақан

Ақару

Жаңа есім – аппақ, адал, жарық, сұлу, әдемі қыз болсын деп берілген есім.


Есімге сілтеме: Ақару

Жиі қойылатын сұрақтар

Қазақша есімдерді қайдан табуға болады?

Бұл бетте толық тізім берілген.

Есімдердің мағынасы бар ма?

Иә, барлық есімдердің мағынасы көрсетілген.