Бұл жасқа келгенше жақсы өткіздік пе, жаман өткіздік пе, әйтеуір бірталай өмірімізді өткіздік: алыстық, жұлыстық, айтыстық, тартыстық - әурешілікті көре-көре келдік. Енді жер ортасы жасқа келдік: қажыдық, жалықтық; қылып жүрген ісіміздің баянсызын, байлаусызын көрдік, бәрі қоршылық екенін білдік. Ал, енді қалған өмірімізді қайтіп, не қылып өткіземіз? Соны таба алмай өзім де қайранмын.
Ел бағу? Жоқ, елге бағым жоқ. Бағусыз дертке ұшырайын деген кісі бақпаса, не албыртқан, көңілі басылмаған жастар бағамын демесе, бізді құдай сақтасын!
Мал бағу? Жоқ, баға алмаймын. Балалар өздеріне керегінше өздері бағар. Енді қартайғанда қызығын өзің түгел көре алмайтұғын, ұры, залым, тілемсектердің азығын бағып беремін деп, қалған аз ғана өмірімді қор қылар жайым жоқ.
Ғылым бағу? Жоқ, ғылым бағарға да ғылым сөзін сөйлесер адам жоқ. Білгеніңді кімге үйретерсің, білмегеніңді кімнен сұрарсың? Елсіз-күнсізде кездемені жайып салып, қолына кезін алып отырғанның не пайдасы бар? Мұңдасып шер тарқатысар кісі болмаған соң, ғылым өзі - бір тез қартайтатұғын күйік.
Софылық қылып, дін бағу? Жоқ, ол да болмайды, оған да тыныштық керек. Не көңілде, не көрген күніңде бір тыныштық жоқ, осы елге, осы жерде не қылған софылық?
Балаларды бағу? Жоқ, баға алмаймын. Бағар едім, қалайша бағудың мәнісін де білмеймін, не болсын деп бағам, қай елге қосайын, қай харекетке қосайын? Балаларымның өзіне ілгері өмірінің, білімінің пайдасын тыныштықпенен керерлік орын тапқаным жоқ, қайда бар, не қыл дерімді біле алмай отырмын, не бол деп бағам? Оны да ермек қыла алмадым.
Ақыры ойладым: осы ойыма келген нәрселерді қағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым, енді мұнан басқа ешбір жұмысым жоқ.

Мухамет али
Маааа недеген керемет соз
кенесхан
жақсы жасылған
Салимбек Әуез
керемет
Айкүміс
Маған бұл өте ұнады, мен осы қарасөзді 100рет оқыдым. Өте күшті екен! Меен осы қара сөзді жаттап алдым уже. Уау ғой!!!!
пас
керемет
Назерке
Маған ұнады мен уже оны жаттап алдым күшті екен!
Азамат урумбаев
Керемет
Айдын
Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзі супер!!!!!
Динара
Абайдың 1 қара сөзі
Мирас
Абайдың бірінші қара сөзі
Алаш
Супер
Тун Тун сахур
.
molodoy077
Күшті жазылған
Айым
Керемет маған ұнады біз осы сабақты оқып жатырмыз күшті
Нұргүл
өте керемет
LoL
Ұнамады
Lol
Ну ну
К.А
Темаа
Қанат
Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзі – өмірдің мәнін іздеудің шынайы көрінісі! Ел бағу, мал бағу, ғылым бағу... бәрі әурешілік... Сөз ермек ету – ең жақсы жол! Қазақ даналығының інжуі, оқыңыздар!
Назерке
Керемет
Дастан
Абай Құнанбайұлының 1 ші қара сөзі өмірдің мән‑мағынасы, адам бойындағы ізденіс пен ой‑толғанысты көркем түрде жеткізетін терең философиялық прозасы.
Фазылхан
Абайдың 1-ші қара сөзі — терең философиялық ойға толы, өмірдің мәні мен адам болмысын іздестіруді үндейтін керемет көркем шығарма. Бұл қара сөзде Абай өмірдің өткінші табиғатын, адамның өз жайына шүбәмен қарап, ішкі дүниесін талдап, мәнді жұмысқа бағытын табу қажеттігін айшықты түрде жеткізеді. Әрбір жолы адамға ой салып, бойға үміт пен жаңа көзқарас ұялатады. Осындай ұлттық әдеби мұраларды оқу — қазақтың рухани байлығын түсініп, қазіргі заман талабына сай өзін жетілдіруге жол ашатын баға жетпес тәжірибе.
Надыр
Бұл — қазақ әдебиеті мен философиясының алтын қазынасы — Абай Құнанбайұлының бірінші қара сөзі. Абай бұл қара сөзінде адам өмірінің мәнін, болмыстың өткінші табиғатын терең оймен ашады және әрбір адамды өз өміріне, ісіне қайта үңілуге шақырады. Ол «елді бағу», «малды бағу», «ғылымды бағу» сияқты тұрмыстық әрекеттердің сыртында адам болмысының шынайы мәнін іздеу қажеттігін ұқтырады. Осы қара сөзді оқыған сайын адам ойы кеңейіп, өз жолын әрі қарай қалай дамытуға болатыны туралы терең ойға батасың. Абайдың қара сөздері қазақ руханиятының темірқазығы саналып, ұрпақтан-ұрпаққа берілетін рухани мұра болып қала береді.
Маржан
Бірінші қара сөзде ақын өмірдің өткені мен бүгінгісін салыстыра отырып, адам баласының іс‑әрекеті, өмірді қалай өткізу керектігі, ізденіс пен өзін‑өзі жетілдіру туралы маңызды ойлар айтады.
Шынар
Абайдың адамгершілік пен өмірдің мәні туралы терең ойларына толы шығарма. Осы секілді материалдарды оқып, үлкен әсер алдым — мағыналы әрі ойландыратын туынды!
Нарынқоли
Абайдың қара сөздері — тек прозалық ойлар емес, адамгершілік, білім мен рухани даму туралы ұлттық философияның айнасы.