Білім-ғылым үйренбекке талап қылушыларға әуелі білмек керек. Талаптың өзінің біраз шарттары бар. Оларды білмек керек, білмей іздегенмен табылмас.
Әуелі - білім-ғылым табылса, ондай-мұндай іске жаратар едім деп, дүниенің бір қызықты нәрсесіне керек болар еді деп іздемекке керек. Оның үшін білім-ғылымның өзіне ғана құмар, ынтық болып, бір ғана білмектіктің өзін дәулет білсең және әр білмегеніңді білген уақытта көңілде бір рахат хұзур хасил болады. Сол рахат білгеніңді берік ұстап, білмегеніңді тағы да сондай білсем екен деп үміттенген құмар, махаббат пайда болады. Сонда әрбір естігеніңді, көргеніңді көңілің жақсы ұғып, анық өз суретімен ішке жайғастырып алады.
Егер дін көңілің өзге нәрседе болса, білім-ғылымды бір-ақ соған себеп қана қылмақ үшін үйренсең, ондай білімге көңіліңнің мейірімі асырап алған шешеңнің мейірімі секілді болады. Адамның көңілі шын мейірленсе, білім-ғылымның өзі де адамға мейірленіп, тезірек қолға түседі. Шала мейір шала байқайды.
Екінші - ғылымды үйренгенде, ақиқат мақсатпен білмек үшін үйренбек керек. Бахасқа бола үйренбе, азырақ бахас көңіліңді пысықтандырмақ үшін залал да емес, көбірек бахас адамды түземек түгіл, бұзады. Оның себебі әрбір бахасшыл адам хақты шығармақ үшін ғана бахас қылмайды, жеңбек үшін бахас қылады. Ондай бахас хусідшілікті зорайтады, адамшылықты зорайтпайды, бәлкім, азайтады. Және мақсаты ғылымдағы мақсат болмайды, адам баласын шатастырып, жалған сөзге жеңдірмекші болады. Мұндай қиял өзі де бұзықтарда болады. Жүз тура жолдағыларды шатастырушы кісі бір қисық жолдағы кісіні түзеткен кісіден садаға кетсін! Бахас - өзі де ғылымның бір жолы, бірақ оған хирслану жарамайды. Егер хирсланса, өз сөзімшіл ғурурлық, мақтаншақтық, хусідшілік бойын жеңсе, ондай адам бойына қорлық келтіретұғын өтіріктен де, өсектен де, ұрсып-төбелесуден де қашық болмайды.
Үшінші - әрбір хақиқатқа тырысып ижтиһатыңмен көзің жетсе, соны тұт, өлсең айрылма! Егерде ондай білгендігің өзіңді жеңе алмаса, кімге пұл болады? Өзің құрметтемеген нәрсеге бөтеннен қайтіп құрмет күтесің?
Төртінші - білім-ғылымды көбейтуге екі қару бар адамның ішінде: бірі - мұлахаза қылу, екіншісі - берік мұхафаза қылу. Бұл екі қуатты зорайту жаһатінде болу керек. Бұлар зораймай, ғылым зораймайды.
Бесінші - осы сөздің он тоғызыншы бабында жазылған ақыл кеселі деген төрт нәрсе бар. Содан қашық болу керек. Соның ішінде уайымсыз салғырттық деген бір нәрсе бар, зинһар, жаным, соған бек сақ бол, әсіресе, әуелі - құданың, екінші - халықтың, үшінші - дәулеттің, төртінші - ғибраттың, бесінші - ақылдың, ардың -бәрінің дұшпаны. Ол бар жерде бұлар болмайды.
Алтыншы - ғылымды, ақылды сақтайтұғын мінез деген сауыты болады. Сол мінез бұзылмасын! Көрсеқызарлықпен, жеңілдікпен, я біреудің орынсыз сөзіне, я бір кез келген қызыққа шайқалып қала берсең, мінездің беріктігі бұзылады. Онан соң оқып үйреніп те пайда жоқ. Қоярға орны жоқ болған соң, оларды қайда сақтайсың? Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегенінде тұрарлық мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын! Бұл беріктік бір ақыл, ар үшін болсын!
Абайдың қара сөздері:
- Қара сөздер (01-қара сөз)
- Қара сөздер (02-қара сөз)
- Қара сөздер (03-қара сөз)
- Қара сөздер (04-қара сөз)
- Қара сөздер (05-қара сөз)
- Қара сөздер (06-қара сөз)
- Қара сөздер (07-қара сөз)
- Қара сөздер (08-қара сөз)
- Қара сөздер (09-қара сөз)
- Қара сөздер (10-қара сөз)
- Қара сөздер (11-қара сөз)
- Қара сөздер (12-қара сөз)
- Қара сөздер (13-қара сөз)
- Қара сөздер (14-қара сөз)
- Қара сөздер (15-қара сөз)
- Қара сөздер (16-қара сөз)
- Қара сөздер (17-қара сөз)
- Қара сөздер (18-қара сөз)
- Қара сөздер (19-қара сөз)
- Қара сөздер (20-қара сөз)
- Қара сөздер (21-қара сөз)
- Қара сөздер (22-қара сөз)
- Қара сөздер (23-қара сөз)
- Қара сөздер (24-қара сөз)
- Қара сөздер (25-қара сөз)
- Қара сөздер (26-қара сөз)
- Қара сөздер (27-қара сөз)
- Қара сөздер (28-қара сөз)
- Қара сөздер (29-қара сөз)
- Қара сөздер (30-қара сөз)
- Қара сөздер (31-қара сөз)
- Қара сөздер (32-қара сөз)
- Қара сөздер (33-қара сөз)
- Қара сөздер (34-қара сөз)
- Қара сөздер (35-қара сөз)
- Қара сөздер (36-қара сөз)
- Қара сөздер (37-қара сөз)
- Қара сөздер (38-қара сөз)
- Қара сөздер (39-қара сөз)
- Қара сөздер (40-қара сөз)
- Қара сөздер (41-қара сөз)
- Қара сөздер (42-қара сөз)
- Қара сөздер (43-қара сөз)
- Қара сөздер (44-қара сөз)
- Қара сөздер (45-қара сөз)

Маган кара соз унады
керемет
керемет қара сөз
Мазмуны бар ма
Керемет
Оте кушты адеми
Абайдың қара сөздерінің мағынасы бар. Керемет
өте керемет көңіді ғажап өмірге деген баиланысы зор
өте керемет
Нағыз,қазргі жастарға арналған сөз
Мазмұны болса
Өте керемет
Оте керемет создар
Рахмет
ӨТЕ КЕРЕМЕТ
ТАМАША
ДАМИ БЕРІҢІЗДЕР
Керемет айтылған сөздер
Рахмет
32-ші қара сөздің мазмұны барма
Өте керемет жазылған екен
Өте күшті керемет зор
Абай атамыздың барлық қара сөзі күштіғой өз басым барлығын оқып шыққам
Күшті
Өте керемет!
Жақсы айтылған,бірақ тусінбедім
Өте мағыналы
Ей балаларым оқындарр
Өте керемет осы сөзден үлгі алуға болады
Керемет
Қанағаттанарлық сөздер екен!Орыс тілінде бір сөз барғой:-“Семуи сое ремия”????????????????????
Канагаттанарлык сездер екен!Орыс тілінде бір сез бартой: "Семуи сое ремия" ????????????
Всему свое время?
Абай Құнанбайұлының 32‑қара сөзі — білім мен ғылымды үйренудің мәні, танымдық ізденіс пен адамгершілік туралы терең философиялық ой. Бұл қара сөз оқырманды шынымен білудің маңызы туралы ойлануға, ғылымды мақтан үшін емес, ақиқатқа жету үшін қолдануға шақырады. Абайдың тұжырымдамасы бойынша білім‑ғылымды ғана жинау жеткіліксіз — оны түсініп, мінезімен, өмірлік ұстанымымен ұстай білу керек. Осы сөз арқылы Абай адамды жан‑жақты ойланып, ізденуге, сабыр мен табандылыққа үйретеді. Бұл шығарманы оқыған адам білімге деген көзқарасын тереңдетіп, өзінің рухани дамуына үлкен серпін алатыны сөзсіз.