Эссе және өлең-жыр байқауы

Қара сөздер (19-қара сөз)

Адам ата-анадан туғанда есті болмайды: естіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады. Әрбір естілік жеке өзі іске жарамайды. Сол естілерден естіп, білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, сонда іске жарайды, сонда адам десе болады. Мұндай сөзді есіткенде шайқақтап, шалықтанып не салбырап, салғырттанып есітсе, не есіткен жерде қайта қайырып сұрап ұғайын деп тұшынбаса, не сол жерде сөздің расына көзі жетсе де, шыға беріп қайта қалпына кетсе, естіп-есітпей не керек? Осындай сөз танымайтұғын елге сөз айтқанша, өзіңді танитұғын шошқаны баққан жақсы деп бір хакім айтқан екен, сол секілді сөз болады.


Пікірлер (9)

алина

жаксы жазылган

SuperGirls

Осы неге ақындар айналасындағы адамдардан өздерін жоғары ұстайды онымен қоймай ел қамын ойлаймыз дейді пфф

Анелья

мен ештене тусенбедим

Абайтанушы

Абай өзінің басынан өткеніне байланысты қорытындылап, осы қара сөздерін жазды. Осыны жазған себебі өзін жоғары сезінгеннен емес, өзгелерге өсиет ретінде көрсетуде.

Абайтанушы

Есті адамдар естиді, естігенді түсінбесе есті болу үшін талпынады.

Макс

Мүлдем тісінбедім

Ангелина

Оте керемет жазган базар жок мен орыс болсамда тусындым не ужели вы не понимаете своей язык смешно мен тусындымго

Ангелина

Мен тусындым не ужели казак бола тура тусынбеисндер мен орыспын но я понила смешно казахи не понимает своей язык

Айдана

Иәә... қазақ қазақша түсінбесе сол қайғы!

Пікір қалдырыңыз

Басқа сайттағы жаңалықтар:

Жүктелуде...