Өлеңдер Бөлімі

Абай Құнанбайұлы – қазақ тарихындағы ұлы тұлға

Баймағамбетов Ерлан Русланұлы
Елеусинов Руслан Теміртасович

Қазақстан Республикасы, Атырау қ.

Аннотация. Бұл мақалада қазіргі заманға кеңінен керек Абайдың қара сөздері  айтылады. Абайдың өмір туралы, заманымызға жетіспей жүрген имандылық туралы, ар-ұят мәселесі қарастырылады. Абай еңбегі мен шығармаларына үңіле отырып Абайдың қара сөздерін халқымызға насихаттау. Әрбір қазақ Абай шығармаларын білуі тиіс. Абай шығармалары ешқашан өлген емес. Оны одан әрі дамытып келер ұрпаққа жеткізу біздің міндетіміз.

Негізгі сөздер: Абай, қара сөздері, ақын, адамгершілік, ұлылық.

Абайдың өміріне, туып-өскен ортасына шолу жасай келіп, ақынның бітім-кескінін, тарихтық тұлғасын танытатын ерекше қасиеттеріне тоқталайық.Бірінші ерекшелігі - әкенің ұлы болмай, халықтың ұлы болып, адамгершілік, гуманистік жолды таңдады. Мұны ісінде де, өлеңдерінде де ақтап шығуды арман етті.Екінші ерекшелігі - ел билеген жуандардан іргесін аулақ салып, бірден халықты, соның мұңын тапты, жоғын берер жаңалықты іздеді, сондай үлгіні өнерлі елден, орыс халқынан іздеді, тапты. Оған туған халқының қолын жеткізуді мақсат тұтты.Үшінші ерекшелігі - биік ақындығын әлеуметтік тартысқа, тарих құралынаайналдырды. Соқыр надандықты табандап ұрып, тура нұсқап, көзіне шұқып, жермен-жексен етіп, батыл шабуыл жасады. Қазақтың қоғамдық тарихында, әдебиет дуниесінде осындай ерекше жан бурын-соңды болған жоқ.Ұзақ жылдар бойы асыл ойдың үздіксіз жемісі болған ақын мұрасы - Қазақ халқының көп ғасырлық қасиетін бойына жиған, ерекше бір қазынасы сияқты деп, дана Абайдың рухани мұрасының үш үлкен түп-төркіні барын атап көрсетеді.Алғашқысы - қазақ халқының ғасырлар бойы жинаған ауызша әдебиет қоры. Абай осы қордан көп нәр алып, өз өлеңін көркейтті.Екінші - араб, парсы, түркі тіліндегі Шығыстың классикалық көркем поэзиясынан сусындады.Үшінші - үлкен нәр, мол азық алған зор саласы - орыс халқының мәдениеті, сол арқылы қолы жеткен Еуропа мәдениеті. Әуезов бұдан соң Абайдың бұл үш қазынаға еліктеп бармай, оларды ой елегінен өткізіп, қорытып пайдаланды дейді. Кезінде А. Пушкин ескі антик әдебиетінен, орта ғасыр мәдениетінен, Батыс әдебиетінен үлгі алған еді, ендеше Пушкин де, Абай да өз елінің әрі ұлттық, әрі халықтық ақындары болды деп ой қорытады зерттеуші.

Абай өлең жазуды 10 жасында («Кім екен деп келіп ем түйе қуған...») бастаған. Кім екен деп келіп ем түйе қуған,Қатын ғой күлдәрімен белін буған.Төркініңнің бергені жауыр айғыр,Бауырыңды... бірге туған. Одан басқа ертеректе жазылған өлеңдері — «Йузи-рәушән», екіншісі — «Физули, Шәмси». «Сап, сап, көңілім», «Шәріпке», «Абралыға», «Жақсылыққа», «Кең жайлау» өлеңдері 1870 — 80 жылдар аралығында жазылған. Ақындық қуатын танытқан үлкен шығармасы — «Қансонарда» . Алайда жасы қырыққа келгеннен кейін ғана көркем әдебиетке шындап ықылас қойып, көзқарасы қалыптасып, сөз өнерінің халық санасына тигізер ықпалын түсінеді. Шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы;үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады. Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады

Аудармашыға екі қасиет қажет. Бірі талғампаздық, екіншісі ой тереңдігі. Талғампаздық деп отырғанымыз Абайдың хакімдігінің бір қыры. Абай бас салып кім көрінгенді аудармағаң ол аудармақшы болған автормен өзі бәсекеге түскен. Абайдың аудармалары, шын мәнінде, ой жарыстыру. Сондықтан Абай жасаған аудармаларын оның ой кеңістігінің өрісі деп қабылдаған жөн. Абай тілін еркін меңгерген орыс халқынан таңдап, талғап, әсіресе екі ақынды аударған олар Александр Пушкин және Михаил Лермонтов. Абайдың талғампаздығына таң-тамаша қаласың. Орыс елімен, оның мәдениетімен мәңгілік қалатын, ешқандай өзге құндылық өлшемдеріне түспейтін екі ғалымды Абай бұлжытпай таныған және қазақ халқына таныстыру мақсатында, олардың шығармаларын қазақтіліне аударған.Абай орыс ақыны Александр Пушкиннің өлеңмен жазылған "Евгений Онегин" деген романын толық аудармағаң одан үзінділер тәржімалағак Абай: "Онегиннің сипаты," "Татьянаның Онегинге жазған хаты," "Онегиннің Татъянаға жауабы," "Онегин сөзі," "Онегиннің Татьянаға жазған хаты," "Татьянаның сөзі," "Ленскийдің сөзінен" және "Онегиннің өлердегі сөзі" - деп жеке-жеке сегіз шығарма етіп аударған Неге Абай романды қазақ тіліне толық аудармаған, әрине оның себебін дөп басып айту қиың бірақ мен ойлаймың егер "Евгений Онегинді" толық аударса, оны қазақ оқырмандары қабылдамас еді, сірә, Абай соны түсінген, Қазақ оқырмандары махаббат, ғашықтық тақырыбына "Ләйлі Мәжнүннен" бастап өңкей классикалық ғажап туындылармен сусындап келе жатқан қауым, сондықтан болар Онегиннің Татьянаға шалажансар сезімін қалайша қабылдамақ. Әрине, қабылдай алмайды. Шығыстық дәстүрде ғашықтар құрбандыққа дейін барулары керек, айталық Қозы Көрпеш-Баян сұлу сияқты. Осыны түсінген Абай "Евгений Онегиннен" үзінділерді таңдап алып аударып, олардың өзін қазақы ұғымдармен сөйлетіп қойғаң ол "Татьяна сөзін" "Тәңірі қосқан жар едің сен", деп бастайды.

Ұлы ақын, ағартушы Абай музыкалық саласында да айта қалғандай мұра қалдырды. Өзінің асыл өлеңдерін, қара сөздерін қағазға түсіріп, кейінгі ұрпаққа жазып қалдырса, музыкалық жөнінде оның мұндай мүмкіншілігі болмады. Өйткені, Абай өмір сүрген көзеңде қазақта музыканың жазба мәдениеті жоқ еді, халықтық музыка ауыз дәстүрлік қалыпта еді. Сондықтан Абай әндері де қазақтың басқа халықтық ән-күйлері сияқты, ауыздан-ауызға, заманнан заманға ауыса отырып жетті. Музыка саласында жазба мәдениеттің болмауына қарамастан, Абай әндерінің бізге толық жеткен себебі - олардың халықтың жүрегінде сақталуға сапасы сай келетін шығармалар болғандығында, халық санасынан өшпес орын алғандығында. Абай әндерінің өзгешелігі - мелодиялық, ырғақтық жақтарындағы жаңалықтарында, идеялық мазмұнының ашықтығында. Бұл өзгешелік алғашқы көзде тыңдағандардың бәріне бірдей тұсінікті бола қоймады, болмақшы да емес еді. Мәдениеттің дамуына кедергі болатын феодалдық жағдайда кейбіреулер үшін ол әндердің жаңа тілдері қазақтың халықтық ән дәстүрінен шығып кеткендік болып көрінуі де мүмкін еді. Бірақ жаңа, прогресшіл мәдениет күрескері болған Абай өз бетінен қайтқан жоқ. Сейтіп, Абай әндері алғашқыда оның өз айналасына - ауыл-аймағына, кейін жалпы қазақарасына тарай бастады. Абай әндері халықтық негізден нәр алғандықтан, халық әндерімен тамырласып жатқандықтан, нотаның жоқ кезінде-ақ, ауыздан ауызға көше отырып, қалың бұқараның игілігіне айналды. Бұған бұрын-соңды халықтың музыкалық салтында болмаған жаңа өткір тілмен өлең тексіне құрылуы да себеп болды.

Ұлы ойшыл, адам бойындағы ұят пен иман мәселесін қозғайды. Бұл екі ұғым адам мен хайуанның ара жігін ажыратады. Адам хайуаннан, ақ жүректігімен адамгершілік қасиеттерімен ерекшеленеді. Ұяты бар адам – иманды. Ойшыл Абай адамдық танымдағы ұяттың басымдығын сөз етіп тұр. Жиырма бесінші қара сөзінде: «Қарыны аш кісінің көңілінде ақыл, бойында ар, ғылымға құмарлық қайдан тұрсын? Ашап – ішуге малдың тапшылығы да ағайынның араздығына уа әртүрлі бәлеге ұрлық зорлық, қулық сұмдық секілді нәрселерге үйірлендіруге себеп болатын нәрсе» деп ой түйіндейді.Бұл пікірді мақұлдауымыз қажет. Өйткені, қай қырынан алсақта философия адам мәні, оның болмыстық мақсаты сынды мәселелерді айналып өте алмайтыны ежелден мәлім. Абайдың да дүниетанымындағы негізгі тұжырым, басты құндылық – адам болмысы.                                 

«Адамзат баласының алдында үш айғақты зор міндет тұр: бірі - бейбітшілікті, екіншісі - руханиятты, үшіншісі - табиғатты қорғау һәм сақтап қалу. Бұлардың қай - қайсысы да біздің тіршілігіміздің басты бағдары. Бір -бірін  толықтыратын  ұғымдар. Осы үш бастауға  Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің болашағы байлаулы» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтпақшы адамзат баласының өмір сүруіне қажет деп танитын осы үш фактор. Мұның ішінде, әсіресе «руханият» ең маңыздысы. Себебі, адам баласы рухани азықсыз өмір сүре алмайды. Жалпы, әлемдегі кез - келген халықты алып қарасақ та ең алдымен тәлім - тәрбиеге, білімге, адамгершілікке үндейді, болашақ ұрпақтың өн бойына рухани азық сіңіруге тырысады. Өйткені тәлім - тәрбиенің, адамгершілік қасиеттердің адам өмірінде алар орны ерекше. Атақты ғұлама ғалым, әлемнің екінші ұстазы Әл Фарабидің де «Тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың қас жауы» деген аталы сөзі бар. Осыдан - ақ тәрбиенің адам өміріндегі маңызын көруге болады. Осы тұрғыдан келгенде қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен қара сөздері халыққа ерекше тәрбие береді, адамгершілікке үндейді. Оңайдан қиынға қарай, жақыннан жыраққа қарай, қызықты, күлкілі жайдан үлкен толғаулы қорытындыға қарай біртіндеп жетектейді. Мұның барлығы адамзатты адамгершілікке жетелеу мақсатында еді. Енді ақынның бірнеше қара сөздеріне көңіл аударып көрелік. Абайдың қара сөздерінің кім үшін болса да, тәрбиелік мәні зор. Әйтсе де білімге ұмтылушы жастар үшін айрықша құнды. Өйткені ғылым да, өнер де жастар үшін. Адамның қолын бақытқа жеткізетін ілім - білімді игеру де жастардың ғана қолынан келетін іс. Қартайған адам қанша ұмтылса да, өндірері аз болмақ. Сондықтан білімге ұмтылған жастар ұлы ақынның бұл айтқандарын берік есте сақтауы қажет.

Абайдың «Алтыншы», «Сегізінші», «Он бірінші» сөздері жоғарғы ілім - білімге ұмтылуға бөгет жасайтын надандық, мақтаншақтық мінездерді шенеуге арналады. «Бірлік, тірлік» деген сөз ұғымдарының мәнін аша келіп, «Алтыншы сөзінде» Абай: «Бірлік - ақылға бірлік, малға бірлік емес», - десе, сол әңгімесінің екінші жерінде: «Ырыс - алды тірлік» дейді. Жанын қорғалап жаудан қашып, қорқақ атанып, еңбек қылудан, қызмет қылудан қашып, еріншек атанып, ез атанып, дүниеде әлгі айтылған ырысқа дұшпан болады...

«Кеселді жалқау, қылжақ бас,

Әзір тамақ, әзір ас,

Сыртың пысық, ішің нас,

Артын  ойлап  ұялмас, - болып  жүріп, тірімін деме, онан да Алла жіберген ақ бұйрықты өлімнің  өзі артық», - дейді. Ұлы ақын осы пікірін өзінің «Үшінші», «Он бірінші» сөздерінде  де  толықтырып, ұштай түседі. Мал үшін ар - намысын сату, бірінің үстінен бірі арыз беріп жала жабу, ауыз біршіліктің болмауы тәрізді мінездердің бәрі де надандықтан, мәдениетсіздіктен, жалқаулықтан, еңбексіздіктен келіп туатынын дәлелдей келе, ақын өзінің оқырмандарын бұл мінездерден қашық болуға тәрбиелейді. Бұл әңгімелердің идеялық мазмұны да, келешек ұрпақ үшін құндылығы да осында.Абайдың «Он жетінші сөзі» қайрат, ақыл, жүрек, ғылымға арналады. Алдыңғы үшеуі адам үшін өздерінің атқаратын жұмыстарын айта келіп, әр қайсысы  өзін  бірінші орынға қойып таласады да, ғылымға төрелікке жүгінеді. Ғылым үшеуінің де жақсылы, жаманды қасиеттерін дәл сипаттап, әділ сынайды. Жеке – жеке үшеуінде де кемшілік бар. «...Осы үшеуің басынды қос, оның ішінде жүрекке билет», - деп үкім шығарады. «Егер үшеуің ала болсаң, мен жүректі жақтаймын», - дейді оларға ғылым. Демек Абай жүректі, яғни адам – адамды сүю, адам үшін қызмет етуді бірінші  орынға қояды. Бірақ ғылым бойынша да, Абайша да ең идеал нәрсе – осы үшеуінің бірлігі. «Осы үшеуі ( ақыл, қайрат, жүрек ) бір кісіде менің айтқанымдай табылса, табанының топырағын көзге сүртерлік қасиетті адам сол», - дейді. «Ұят деген – адамның өз бойындағы адамшылығы, иттігіңді ішіңнен өз мойныңа салып, сөгіп, қылған қылмысының аты. Ол уақытта тілге сөз де түспейді, көңілге ой да түспейді. Көздің жасын, мұрынның суын сүртіп алуға да қолың тимейді, бір ит боласың. Көзің кісі бетіне қарамақ түгіл, еш нәрсені көрмейді. Мұндайлыққа жетіп ұялған адамға өкпесі бар адам кешпесе, яки оның үстіне тағы аямай өртендіріп сөз айтқан кісінің өзінің де адамшылығы жоқ десе болар», - дейді.

«Ұят кімде болса, иман сонда» деген қазақтың мақалынан да ұятқа үлкен мән бергенін көреміз. Сондықтан да ұлы ақынымыз Абай да бұл мәселеге аса көңіл бөліп, өскелең ұрпақтың ар – ұяттарын таза сақтауын арман еткен. Бұл қара сөздің  бүгінгі таңда да  тәрбиелік мәні зор.

Абай шығармашылығы дін адам қатынасы бойынша сыртқы зат ретінде болмайтынын куәландырады, сол себептен ол оның рухани әлемінің ішкі құрылысы болып қалады. Ол әрқашан жалпы қабылданған діни көзқарастарға, шіркеу уағыздарына сенімсіздікпен қарады, оның ішкі өмірінде дін қызметшісі оқытқан иманға деген күдігі болды және қарапайым адамның мүдделерінен өте алыс деп санады. Абай өзінің бүкіл ғұмырында шариғат дінінің түсінігі негізінде иманды таянбай қорғады.    Абай шын иман сыртқы қолдауды қажет етпейтіні туралы діни ізденулерге сүйінді. Ақиқат иман – бұл сана жарығымен құрметтелген және жалған сенімге қарсылық білдірген иман. Абай былай жазған: «Енді бұл иман дерлік инануға екі түрлі нәрсе керек. Әуелі - не нәрсеге иман келтірсе, соның хақтығына ақылы бірлән дәлел жүргізерлік болып, ақылы дәлел - испат қыларға жараса, мұны якини иман десе керек».  Ары қарай ол тәрбие, дәстүрлер, кітап оқу, молла сөздерінің әсерінен адамда қалыптасқан дәстүрлі иманды бөліп шығарады.  Осы иман адам жанында өзіндік ойлаулар нәтижесінде қалыптаспай, ал дайын ақиқаттарды игеру нәтижесінде қалыптасатындықтан, бұл иман еліктіру мен қызықтырғыштарға берілмеу үшін адамнан қаттылықты, жан қайраттылығын талап етеді, адамның үлкен рухани толғауларын және оның ішкі бостандығының жетілуін талап етеді. Ол Аллаға соқыр ұрпақпен еш қатысы жоқ адам жанының саналы қажеттілігі болып табылады. Абай иман адамның өзіне қажет екенін сендіреді: «Сен иман келтірмесең де, алла тағалаға келер ешбір кемшілік жоқ еді. Өзің үшін иман келтірсең, жә инандың. Ол инанмақтығың құр ғана инанмақтықпен қалса, саған пайда бермейді».  Дінге сенген адам қарыз үшін құдайға көпес ретінде қараған кезде, Абай иманға деген пайдакүнемдік-сындарлы қатынасты қолдамайды: «тапқаным осы, біттім деп, алсаң — ал, әйтпесе саған бола жерден мал қазам ба?». Ақиқат иман құдайшыл рухтың мәнін ғана түсінбей, адамдар арасындағы қатынастарда жақсылық, мейірімділік, әділдікті орнатады. Ақиқат иман – ізгілік өмірдің негізі және оның құндылығы мен маңыздылығы осында жатыр. Абай адам өмірінің мәнін сенімнен тікелей басыбайлығына қояды. Адамның барлық қайғы мен тауқымет, азаптарын ол иман мен оның жалғандығымен түсіндіреді. Иман адам өмірін толық, бақытты, көңілді етеді, себебі ол өмір мәнімен келіседі. Ол оған сенушілікті береді, қосарлағандықты, жан алаңдығын жеңуге көмектеседі. Жан тыныштығы, жан жарасымы имансыз мүмкін емес.   Абай Құнанбаев адамның өнегелі өмірінде иманның жоғары тағдырын белгілеп көрсетеді. Оның жоқтығы мен қате түсінуі зұлымдық және қайғының басты дереккөзі болып табылады, игілік пен жақсылықты көрсететін иман қажет. Осындай ойды Абай «Қара сөздер» кітабында айтқан: «Құдай тағала әрбір ақылы бар кісіге иман парыз, әрбір иманы бар кісіге ғибадат парыз деген екен. Әрбір рас іс ақылдан қорықпаса керек... Ақыл тоқтамаған соң, діннің өзі неден болады».  Иман жақсылық пен әділдік дереккөзі болып табылады, ол адам жүрегіне жолды ашады, адамгершілікті көрсетеді. Аллаға деген имандылық адам қатынасының қағидасы бола алатын адамзатты күнделікті өмірде көрсетеді. «Адамшылықтың алды - махаббат, ғадаләт, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ» немесе «Әділетсіз иман да жоқ, адамгершілік те жоқ» – деп Абай жазған.  Адамды өзінің мүдделеріне қарсы шығу үшін не мәжбүр етеді?  Жақсылықтың сөзсіз құндылығындағы иман ізігілкті өмірдің негізі болып жүретініне Абай сенімді.   Бірақ ол иманның өзі өсиет пайымдауына кепілдік бермейтіні туралы бірнеше рет айтқан. Жақсылық адамның өзіндік рухани күштерінің жолдарымен пайымдалады. Дәл осы жерде рақымшылықтың қажетті жолындағы сенімділігі керек.Күдіктер, өмірдің рухани негіздердің іздеулерімен бірге жүретін ауыр жол, ішкі жан дүниесінде ақиқат иманы бар адамдар ғана өтеді. Бірақ «Мұндай иман сақтауға қорықпас жүрек, айнымас көңіл, босанбас буын керек екен» - деп Абай жазған.  Иманға күш беретін дереккөздер адамның ішкі жан дүниесінде. Абай подчеркивает: «иман өзінен өзі пайда болмайды, ол әділет пен әдептілік арқылы пайда болады».  Ары қарай Абай тек іждағатты намаз бен діни әдет-ғұрыптарды қатал ұстану ақиқат иман үшін жеткіліксіз деп көрсеткен. Адам әрқашан өзінің рухани  әлемімен жұмыс істеген жағдайда ғана  иман пайда болады: «Күзетшісіз, ескерусіз иман тұрмайды, ықыласыменен өзін-өзі аңдып, шын діни шыншылдап жаны ашып тұрмаса, салғырттың иманы бар деп болмайды». /8/ рақымшылықты ұстануы адамнан сирек ерлікті, рухани қажымайтындықты талап ететінін, жақсылық және жамандық, пайда мен махаббат арасындағы таңдаумен байланысты екендігін, күдік және қасіретпен бірге жүретінін Абай жақсы біледі.   Сонымен, Абайдың иман және дін туралы философиялық толғаулардың ерекшелігі –  Құдайды онтологиялық аспектіде қарамай, ал оны адамның субъективті әлемі арқылы бүгейтінін анықтайды. Ол адамның діни ұғынушылықтың арнайылық пен бірегейлігін зерттейді және адамның бүкіл тұрмыс өміріне әсер ететін зерделі адам санасындағы мәнін көреді. Осы ойшылдың шығармашылығына мұндай жақындауы діни ілімнің ерекшелігі мен жаңашылдығын ашуға көмектеседі. Бұдан басқа оның дінге деген көзқарастары Абайға Л.Н.Толстой әсер еткенімен ғана түсіндірлмейді, сонымен қатар басқа ойшылдар әсер еткенін атап өту керек. Абай өз толғауларында өзін дербес және бірегей ойшыл ретінде көрсетті. Бұл философиялық идеялардың даму логикасы ілімдер жалпығы мен үндестігін туындыратын үлгі болып табылады.

Абайдың "Жетінші сөзінде" ұшырасатын "жанның тамағы" деген күрделі философиялық ұғым бар. Оны Абай біздің санамыздан тыс өмір сүретін объективті дүниенің санада сәулеленуі нәтижесіңде пайда болатын ғылым, білімнің жинақталған қоры ретінде қарайды. Осы себептен де Абай:«... құмарланып, жиған қазынамызды көбейтсек керек, бұл жанның тамағы еді,— деп қайыра түсінік беріп отыр... Абайдай ұстаз ақынның бұл "Жетінші сөзде" көздеген мақсаты адамның бойыңда туа пайда болатын жан құмары арқылы өз ұрпағының санасына тек қана жанның пайдалы тамақтарын сіңдіру еді. Міне, Абайдың ағартушылық көзқарасының тамыр алған бір саласының қайнар көзі осы жақта жатыр. Абай бұл бағыттағы ойларын өзге сөзбен "Ғылым таппай мақтанба" т.б. өлеңдерінде айтқан. Мұнда ол "жанның тамағы туралы" ұғымды өз заманынын тұрғысынан келіп, "адам болу" үшін қажет көп керектермен ауыстырады. Ақын толық адам болу туралы өзінің жүйелі де қалыптасқан көзқарасының тезисін ұсынады. Онысы:«Адам болам десеңіз...Бес нәрседен қашық бол...,Бес нәрсеге асық бол,»- деген жолдарда жатыр. Ақынның бүкіл шығармаларындағы негізгі бір тұтас тақырыпта өзекті идея болған. Абайдың пікірінше, ішкі рухани казынамыздың молығуы тікелей өзіміздің қолымыздағы іс. Осы реуішті пікір Абайдың "Он тоғызыншы сөзінде" де қайталанады. Абайдың дүние танымы бойынша сананың, ақылдың пайда болуы күнделікті өмір тәжірибесінің нәтижесінен ғана туындайтын табиғи құбылыс. Соңдықтан да Абай "Он тоғызыншы сөзінде":«Адам ата-анадан туғаңда есті болмайды: есітіп, көріп, ұстап, татып ескерсе, дүниедегі жақсы, жаманды таниды-дағы, сондайдан білгені, көргені көп болған адам білімді болады. Естілердің айтқан сөздерін ескеріп жүрген кісі өзі де есті болады... Сол естілерден есітіп білген жақсы нәрселерді ескерсе, жаман дегеннен сақтанса, соңда іске жарайды, сонда адам десе болады,»— деп жоғарыдағы өлең үзіндісендегі ойын осы сөзіңде одан ары кеңіте отырып дамытатынын көруге болады.

Қорытындылай келе, біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбайұлының дәуірінде айтып кеткен атама сөздерінің әлі күнге дейін өз өмірімізге қажеттілігін ұғындық. Оның адамгершілікке баулыған, тәрбиеге негізделген қара сөздері арқылы  рухани азық алдық, адамдық сипатта бой түзеуге тырыстық. Демек бұл ақынның халықпен бірге жасағандығы. Ақын мұрасы – халықтың сарқылмас асыл қазынасы. Әр қазақта тәлім алар ғибратты сөздер көп болғай...

ПАЙДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

 Мұхтар Әуезов энциклопедиясы — Алматы, «Атамұра» баспасы, 2011 жыл. 

1. Абай Құнанбаев өлеңдер жинағы.Алматы, «Жазушы» 1976.147б.

2. А.Құнанбаев  2т. 162 б.

3. Абай. Қара сөз  А. 1993ж. 76. б

4. А. Құнанбаев: шығ. Қазақ Ағарту. фил. 10т. Астана 2007ж.380б.

5. Абай Қара сөз. Халықаралық Абай клубы. Семей, 2007

6. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.26 2. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.62 3. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.29 4. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.47 5. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.68  6. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.26 7. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.67 8. Абай «Книга слов» // Абай «Книга слов». А., 1992, с.25  9. С. Кьеркегор «Страх и трепет».// С. Кьеркегор «Страх и трепет»,  М., 1993, с.52 10. Л.Н.Толстой «Круг чтения». // Л.Н. Толстой «Круг чтения»,  М.,1991,т.2,с.182 11. Абай «Книга слов» // Абай«Книгаслов».А.,1992,с.47 

7. Источник: https://e-history.kz/kz/contents/view/1653 e-history.kz


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×