Міржақып Дулатұлы туралы өмірбаяндық мәлімет осы бетте берілген.
Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер көрсетілген.
Міржақып Дұлатұлы (1885—1935) — қазақтың аса көрнекті ағартушысы, қоғам қайраткері, ақын, жазушы, жалынды көсемсөз шебері.
Туған жері — Торғай уезінің, Сарықопа облысының бірінші ауылы(қaзipri Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі — Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Өмірбаяны
Арғын тайпасының Мадияр руынан.
Туған жері — Торғай облысының, Сарықопа өзенінің бірінші ауылы (қaзipгi Қостанай облысының Жанкелді ауданына қарасты "Қызбел" ауылы). Әкесі — Дулат аймағына аты шыққан шебер кісі болған, ер тұрман жасап, етік, мәсі тіккен. Шешесі ;— Дәмеш ойын тойдың базары, әнші кісі болған. Әкесі балаларын жастайынан оқуға береді. Алғашқыда бала Міржақып ауыл молдасынан оқып, хат таниды. Молдадан екі жыл оқығаннан кейін, 1897-1902 жылдары, ауыл мектебінде орысша оқытатын Мұқан мұғалімнен дәріс алады. Бұл мектеп Міржақыптың білімін толықтырумен қатар, азамат ретінде қалыптасуына да аса зор ықпал жасайды, Мұқан мұғалім ұлы ағартушы Ыбырай Алтынсарин іргетасын қалаған оқу орнының, дәлірек айтқанда, Торғай қаласындағы уездік орыс-қазақ мектебінің түлегі болатын. Өз шәкірттеріне де ол осы рухта тәлім-тәрбие, терең білім береді.
Міржақып анасынан екі жасында, әкесінен он екі жасында айырылып, ағасы Асқардың қолында тәрбиеленеді. Асқар әкесі Дулаттың Міржақыптың оқып, білімді азамат болып, өсуін армандаған тілегіне сай, інісінің оқуын әрі жалғап, білім алуына ерекше көңіл бөледі. Ауылда туып, ауылда өскен, ауылда оқып, ауылда қызмет етіп, «ауыл мұғалімі» атанған зерделі жас ауыл тұрғындарының ауыр тұрмысын, теңдігі жоқ аянышты хәлін көріп, түңіле түршігіп, тебірене толқиды.
Бұл кезең патша өкіметінің отаршылдықты қазақ даласында күрт күшейтіп, қалың елге тізесін қатты батырып тұрған шағы болатын. Бұл жағдай сол кездегі қазақтың көзі ашық, оқыған, зиялы азаматтарына қозғау салды. Наразылық туды. Күресудің жолдары қарастырылып жатты. Оның негізгі жолы ретінде оқуға, білім алуға ұмтылыс күшейді. Бірте-бірте халық саяси құбылысқа айналып, ел ішінде отаршыл саясатқа қарсы ұлт-азаттық идеялары туындады. Патшалық Ресей де бірінші буржуазиялық-демократиялық дүмпудің қарсаңында болатын.
Езілген еліне ес болуға, жоғын жоқтап, мұңын мұңдауға серт байлайды. Халық ісіне бар болмысымен бүтіндей беріліп, «Қалғанша жарты жаңқам мен сенікі, Пайдалан шаруаңа жараса, алаш!» деп бар даусымен жар салады.
Өз бетінше талпынып, білім жинап, орыс тілін жетік меңгерген Міржақып орыстың озық ойлы азаматтарының еңбектерімен танысуы арқасында замана тозаңын суырып, дүниені дүр сілкіндірер дауылды күндердің тақап келе жатқанын өзгелерден бұрын сезеді.
Міне, осындай күрделі кезеңде, 1904 жылы Міржақып Омбы қаласына келеді. Осында ұлт зиялыларының ұстазы Ахмет Байтұрсынұлымен кездеседі. Бұдан кейінгі уақытта бірi — ұстаз, бiрi — ізбасары ретінде жұптарын жазбайды. 1905 жылы Міржақып Ахмет Байтұрсынұлымен бipre Қарқаралыдағы саяси-бұқаралық жұмыстарға қатысады. 1905 жылы патша өкіметіне қазақ халкының атынан петиция жазушылардың қатарында болады.
Кең даласында алаңсыз өмір сүріп, мал бағып жатқан бейқам халқын: «Көзіңді аш, оян, қазақ, көтер басты, Өткізбей қараңғыда бекер жасты» деп жырымен жұлқылап оятып, оларды білімге, ел үшін пайдалы іс әрекетке шақырады. Бүкіл халықтың еркіндікке жетуінің басты шарты түнек болып торлаған қараңғылық ұйқысынан ояну, дүр сілкініп, надандықтан арылу деп білген ол: «Оян, қазақ!» деп ұрандаудан танған жоқ. Сондықтан да оның үні қалың ұйқыдағы қазағын құлағының түбінен «маса» болып, маза бермей ызыңдап оятуды мұрат тұтқан өзінен он екі жас үлкен рухани ағасы Ахмет Байтұрсынұлының үнімен қатар естіліп, қазақ даласын қатар шарлады. Сол егіз үн тарих мінбесінен қатар көрінген екі алыптың қашан соңғы демдері таусылғанша, тағдыр талқысымен екеуі екі жақта жүрсе де, қуғынға түсіп, қамауға алынса да үзілмей, қатар естіліп тұрды. Ол екеуі екі атадан туса да, бір туған бауыр еді, екі баспен ойласа да, қорытар ойы бір еді, екі ауызбен сөйлесе де, шығар сөзі бір еді. Өйткені оларды туыстырған халқының мүддесі, ойландырған халқының қамы, сөйлеткен халқының мұң зары болатын. Сондықтан да халқы оларды жанашыр жақыным деп білді, олардың жұбын жазбай, «Ахаң, Жахаң» деп бірге атады. Пенделік бар қазақтан бастап, халқының бақыты үшін күрескен есіл ерлерді өз халқының жауы атандырып, кешегі күні Қызылдың қызылкөз жендеттері екеуін еріксіз айырып, екі жерде атып өлтіріп, атын өшіреміз дегенде де халқы олардың асыл есімдерін есінен шығарған жоқ, аялап жүрегінде сақтады, ардақ тұтты.
1906 жылы Петербургке барып қайтады. Бұл сапарынан ол саяси күрескер ғана емес, шабытты ақын болып оралады. 1907 жылы Петербургте шыққан "Серке" газетіне “Жастарға" деген өлеңін, бүркеншік атпен "Біздің мақсатымыз" деген мақала жариялайды. Мақалада Міржақып қазақ халқының басындағы қиын жағдайдың анық себептерін саралап, отарлық саясатты әшкерелейді. Патша өкіметі мақала авторын тұтқындамақ болғанмен, бүркеншік аттың иесін таба алмайды. 1909 жылы Петербургте М. Дулатұлының "Оян, қазақ!" атты өлеңдер жинағы жарық көреді. Жарияланымдарының арқасында ол жандармериялық полицияның бақылауына және патша күзетінің назарына түседі. Қара тізімге енгеннен кейін ол қалада ұзақ уақыт жұмысқа тұра алмайды. Ал 1911 жылы ол Семей қаласында "Жұмбақ" өлеңі үшін қамауға алынды. Осы шығармасында ол Николай II-ні Мемлекеттік думаны таратқаны үшін аллегориялық түрде мазақ етті деп екі жылға бас бостандығынан айырады, бірақ кейінірек жаза 2 мың рубль айыппұлмен ауыстырылады.[1]
1913 жылы ол Ахмет Байтұрсынұлымен бipге "Қазақ" газетін шығарып, басылымның бұдан кейінгі жұмысына белсене араласады. 1920 жылы Ташкентке келіп, сондағы “Ақ жол" газетінде қызмет атқарады. 1922 жылы жазықсыз қамауға алынады. Түрмеден шыққан соң, 1922-1926 жылы Орынбордағы ағарту институтында оқытушы болады. 1928 жылдың аяғында бip топ қазақ зиялыларымен бipre қамауға алынады да, он жылға сотталып, 1935 жылы тұтқында қайтыс болады.
Маусым жарлығына қатынасы
1916 жылы Дулатов Байтұрсынов пен Бөкейхановпен бірге қазақтарды тыл жұмыстарына шақыру туралы 25 маусымдағы патша жарлығына жайлы Қазақ газетінің 190 нөмірінің бірінші бетінде:
«...Жарлықты жұрт сөзсіз орындайтындығын һәм орындауға тиістігін бұрын да жазып едік. Әлі де айтатынымыз сол. Патшамызға шын көңілмен қызмет ету парыз екендігін жайландырып түсіндірсе бас тартушы болмайтындығына көзіміз жетеді... Ресейге бағынадан бері қазақ халқы патша жарлығына қарсылық қылып көргені жоқ. Мұнан кейін де қылмас».[2]
-деп жазыпты. Ал Қазақ газетінің 192 нөмірінде:
«Біз естідік, мына қазақтан соғыс майданына жұмыскер алады деген хабар шыққаннан бері ел арасында кейбіреулер біздің атымызды сатып, Ахмет, Ғали хан, Міржақып хат жазыпты, солар соғысқа кісі берме депті деп, жұртқа сез таратып жүр дейді. Бұл бекер. Біз ешкімге ондай хат жазғанымыз жок..».[3]
-деп жазады.
Аманкелді Имановтың өлтіруі
Дулатовтың тергеу кезіндегі берген жауабында ол Амангелді Иманов пен Павел Таранды өлтіруге қатысқанын мойындаған.
"Имановтың, Таранның өлімі үшін моральдық жауапкершіліктен мен, әрине, кете алмаймын"[4]
Бірде бізге Иманов бізді тұтқындағалы жатқаны жайлы, оның пәтерінде Қостанай жағынан қандай да бір отрядтың жанында барлаушы бар екендігі туралы ақпарат келді. Осы мәліметтерді алғаннан кейін, біз сол күні Иманов пен оның пәтерінде тұрған белгісіз адамды тұтқындадық, отрядтың бір бөлігімен бірге торғайға бара жатқан отрядқа жолға шықтық: қауесет шын екен, бұл Таранның тизан отряды болып шықты, ал Имановатың үйінде болған бейтаныс адам Таранның өзі болып шықты. Отрядпен біз Торғайдан 30 шақырым жерде ешқандай қақтығыссыз кездестік және оларды казак полкі қуып бара жатқанын білдік. Біз алашордалықтар бұл отрядпен не істеу керектігін талқыладық: егер оны торғайға жіберіп алсақ, Имановтан қорқатық, бұл отряд бізге емес, оған сенер, ал Иманов өз ойларын орындар, бұл бір нәрсе, ал екінші жағынан, егер біз оны Шалқарға қарай жарақатсыз және ұрыссыз өткізсек, онда оны қуған казак полкі жергілікті халықты құртып, бірінші кезекте бізден кек алады. Осының бәрін ескере отырып, біз отрядты қарусыздандыруға шешім қабылдадық және адамдарды бос жіберуге шешім қабылдадық. Бұл мәжбүрлі әрекетті сол кезде отрядқа да түсіндірдік. Басқа күні кешке Торғайға оралғанда, Торғайдағы отрядтың қалған бөлігі Иманов пен Таранды дүрбелеңмен кезінде өлтіргені белгілі болды.[5]
Алайда Дулатовтың бұл сөзіне Асфендияров өзінің 1916 жыл жайлы жазған кітабында былай дейді:
“1919 жылдың жазында Торғай уездік әскери комиссары болған Амангелді алашордалықтармен (Дулатов, қ.Тоқтабаев) атылып өлтіріледі. Дулатов отряды кеңестердің жағына өтуге толық дайын деп алдап, Торғайға кіріп, онда контрреволюциялық төңкеріс жасап, Амангелді басып алады”[6]
Айса Нурманов, Султан Ақтамақов, Оспан Қасенов, Зафир Садықов, Ахмет Омаров, Сейдахмет Байсейітов, Аманкелді Иманов отрядының және басқа да қызыл жауынгерлерінің естеліктері бойынша Дулатов Амангелді ату кезінде ешқайда кетпеген, одан әрі ол Таран отрядымен соғысып, Торғайға оралып үлгерді деп мәлімдейді.[7]
Жауап алу кезінде Теміров-Қырғыз съезінің басқарушысы да, 1919 жылы Жангелдинге берген айғағында Дулатов Аманкелді атылуы кезінде қалада болғанын нұсқайды.[8]
Шығармалық мұрасы
Міржақып Дулатұлы — әдебиеттің әр түрлі жанрына қалам тартқан қаламгер. Алғашқы кітабы — "Оян, қазақ!" деген атпен Петербург қаласындағы жарық көрген өлең жинағы. Одан кейін 1913 жылы Орынборда "Азамат", ал 1915 жылы "Терме" атты өлеңдер кітаптары басылып шығады. Ақын өлеңдерінің басты тақырыбы — ел тағдыры болды. Алғашқы кітабы "Оян, қазақ!" жұртшылық арасында ауыздан-ауызға, қолдан-қолға тез тарап кетеді. Қайта басылады. Кітаптың нeгiзгi мазмұны халықты оятуға, әділетсіздікпен күресуге шақырған өлеңдер құрады. Сол себепті де кітап тұтқындалып, авторы қуғынға ұшырайды.
Өзінің шығармашылық жолын ә дегеннен өлеңнен бастаған Міржақып проза жанрына да қалам сілтейді. 1910 жылы оның осы жанрдағы туындысы "Бақытсыз Жамал" романы Қазан қаласында басылып шықты. Бұл - кейбір зерттеушілердің пайымдауынша қазақ әдебиетіндегі таза көркем проза үлгісінде туған тұңғыш роман еді. Кітап 1914 жылы екінші peт басылды.
Бұл жылдары Міржақып бірқатар мақалалар мен фельетондар жазады. 1922 жылы Ташкентте екі бөлімнен тұратын "Есеп кұралы" оқулығын бастырады. "Балқия" пьесасын жазады.
М. Дулатұлының шығармалары қазақ елінің тәуелсіздік алған кезінен бастап кеңінен жариялана бастады. 1991 жылы "Жазушы" баспасында шығармаларының бip томдық, ал 1996-1997 жылдары "Ғылым" баспасында екі томдық, 2002‐2004 жылдары "Мектеп" баспасында (2020 жылы сол баспада екінші жаңа басылыммен) 5 томдық жинақтары жарық көрді. М. Дулатұлы шығармашылығы жөнінде ғылыми зерттеулер жүргізіліп, бірқатар кітаптар мен мақалалар жарияланды.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі