Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес, Шашылған ризықты теріп татпай. Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?! Ілмектер: ризық, халық, қызмет, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Міржақып Дулатұлы Бөлісу WhatsApp Telegram Көшіру
Бой тежеу, жүрексіну дұрыс емес, Шашылған ризықты теріп татпай. Жігіттің несі жігіт босқа жүрген, Қызметпен пайда беріп, халыққа жақпай?!
Бай болсаң, халыққа пайдаң тисін; Батыр болсаң, дұшпанға найзаң тисін. Бай болып пайдаң тимесе, Батыр болып найзаң тимесе, Жұрттан алабөтен үйің күйсін! — Әйтеке би бай, пайда
Адамның басшысы - ақыл, шолушысы - ой, жетекшісі - талап, қорғаушысы - сабыр, сынаушысы - халық, таусылмайтыны - арман, ең қымбаттысы - ар сақтау, бәрінен ардақтысы - өмір сүру, соның ішінде ең тәттісі - сыйластық. — Төле би Әлібекұлы ақыл, ой
Ер жігітке жарасар, Қолына алған найзасы. Би жігітке жарасар, Халқына тиген пайдасы. — Бұқар жырау ер, найза
Халықтың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім қажет — Шоқан Уәлиханов халық, кемел
Уайымсыз салғырттық деген нәрсе бар, ол Алланың, халықтың, дәулеттiң, ғибраттың, ақылдың, ардың дұшпаны, бiрi бар жерде бiрi болмайды. — Абай Құнанбайұлы уайым, салғырт
Елдің тұрмысын, тілін, мінезін білмеген кісі көш басын да алып жүре алмайды. — Әлихан Бөкейханов тұрмыс, тіл
Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін нәрсе - білім. — Мұхтар Әуезов халық, адам
Батыр боп жауға найзаң тимесе, Батырлықтан не пайда. Бай болып халқыңа пайдаң тимесе, Байлығыңнан не пайда… — Әйтеке би батыр, бай
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі