Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
"афоризм" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "афоризм" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Адамды бойы емес, ойы өсіреді.
Ілмектер: адам, ой, ақыл, даму, нақыл, афоризм Азамат Төре
Менің ең сенімді алты қызметкерім бар. Олардың алдында міндетім зор. Олардың аттары: Кім? Неге? Қашан? Не? Қайда? және Қалай?
Ілмектер: ынталандыру сөздері, мотивациялық сөздер, мотивация, ынталандыру, мотивациялық нақыл сөздер, қызметкер, афоризм Редьярд Киплинг
Ең бастысы — мүмкіндікті жіберіп алмау. Егер сізге оны берсе, сіз толығымен кіріп, ва-банкке барып, келесіде не болатынын көруіңіз керек.
Ілмектер: мүмкіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Айсұлтан Сейітов
Асыл адам сөзге баяу, іске жылдам болғысы келеді.
Ілмектер: Конфуций, Лунь юй, көп сөйлеу, көп сөйлемеу, іс-әрекет, әрекет ету, әрекет, нақыл, нақыл сөз, өсиет, даналық сөздер, афоризм Конфуций
Оригинал (қытайша):
子曰:「君子欲讷于言而敏于行。」
Түсіндірме:
君子 – асыл адам, ізгі мінезді адам.
欲讷于言 – сөзінде асықпай, ойлы болу.
敏于行 – ісінде белсенді, шапшаң болу.
Конфуцийдің „Лунь Юй“ (论语 ) атты еңбегінен алынған.
PS: Адам көп сөйлемей, әрекетімен көрсеткені дұрыс.
Өмір — өзіңді табу емес, өзіңді қалыптастыру.
Ілмектер: тұлға, өзін дамыту, өмір ұстаным, еркіндік, Адам, тағдыр, афоризм, өзіңді табу, өзіңді қалыптастыру Бернард Шоу
Нақыл сөз (ағылшынша): “Life isn’t about finding yourself. Life is about creating yourself.”
Қайдан алынған: Шоудың эсселері мен сұхбаттарында бекіген афоризм
Нақты дереккөз: Oxford Reference — Bernard Shaw Quotes
PS: Адам тағдыры дайын күйде берілмейді, ол жасалады.
Өзің қаламайтынды өзгеге жасама.
Ілмектер: Әділдік, адамгершілік, афоризм, Конфуций, Адамгершілік туралы, адамгершілік құндылық Конфуций
Дереккөзі:
Конфуций, «Лунь юй» (论语, Analects), 15-бөлім, 23-афоризм
Теңіздің де тілі бар.
Ілмектер: теңіз, тіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Немістердің көпшілік қолды рəмізі — əскер болатын: бірақ ол əскерден əлдеқайда артық-тын — марштағы орман десе де болатын еді.
Ілмектер: рәміз, әскер, марш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік қалай тез жиналса, солай тез тарайды.
Ілмектер: Көпшілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік ешқашан қанағаттанбайды — бұл оның басты белгісі.
Ілмектер: көпшілік, қанағат, афоризм, қанатты сөздер, нақыл, қанағаттанбаушылық Элиас Канетти
Көпшілік тығыздыққа құмар, көпшілік бағыт-бағдар бергенді қалайды.
Ілмектер: Көпшілік, тығыздық, құмар, бағыт-бағдар, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Көпшілік қорыққан кезде қатты ұйысып, бірігуге ұмтылады.
Ілмектер: Көпшілік, қорқыныш, қорқу, бірігу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Адамдар қызу қанды əрі албырт келеді: анаған да, мынаған да ұмтылуға құмар, өзіне-өзі кумир жасап алады да, соның шашбауын көтеріп дедектейді де жүреді жəне басқа дүниенің бəрін ұмытып, тек соған деген құштарлықпен күйіп-жанады.
Ілмектер: қызу қандылық, құмарлық, құштарлық, кумир, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Адамдар бұйрықтың ырқына көнген кезде оның қаншалықты қауіпті екенін онша терең сезіне бермейді: бұйрыққа қарсы шығып, оның билігінің бұйдасын үзуге ерлік керек.
Ілмектер: бұйрық, қауіп, билік, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кез келген құпия — жарылғыш зат тəрізді.
Ілмектер: құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Қуғынға түскен кезде ғана бұл дүние қашан да қуғындалғандар мен жер аударылғандар əлемі болып келгенін терең сезінесің.
Ілмектер: қуғын, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлем, сезім Элиас Канетти
Əдебиет кəсіби тұрғыда алғанда — зиянды іс: сөзден қорқу керек.
Ілмектер: əдебиет, зиян, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Жайбарақат жату — адамды қарусыздандырудың ең төте жолы.
Ілмектер: жайбарақат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жол Элиас Канетти
Құдайға сенбейтін адам дүниенің күнəсінің бəрін өз мойнына алады.
Ілмектер: құдай, сенім, адам, дүние, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Зиялылардың ең басты кеселі — дүние тек зиялылардан ғана тұратындай көретіндігі.
Ілмектер: зиялы, кесел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Элиас Канетти
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі