Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (8) Өлеңдер (13) Мақал-мәтелдер (161) Ұлағатты сөздер (23) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"туыс" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"туыс" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "туыс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ақылсыз болып жаралдым ба, туылдым ба, білмеймін. Ортаға жала жаппаймын. Ақыл жасқа қарамайды екен... Өй ақымақ басым, оларды қызғанғанша солардан үйренсеңші, мейлі менен кіші болсын, иттің күшігі болсын. Кіші деп менсінбеген атым құрсын!

Ілмектер: ақылсыз, жаратылыс, туыс, орта, ақыл, қызғаныш, кіші, менсінбеу, ит, күшік Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Біреудің қуанышына қуана алған, қайғысына қайғыра алған — туысынан ізгі адам.

Ілмектер: қуаныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қайғы, туыс, туысқан, ізгілік Үнді даналығы
WhatsApp Telegram

Ағайын арасына жік түссе, қас жаман сына қағар, қамқор азамат дәнекер болар.

Ілмектер: ағайын, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, туыс, қамқор, дәнекер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Ағайының бар болсаң көре алмайды, жоқ болсаң асырай алмайды.

Ілмектер: ағайын, туыс, көре алмаушылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Денсаулық — ұлы жеңiс, қанағат — ұлы байлық, сенiм — ең жақсы туыс.

Ілмектер: Денсаулық, жеңiс, қанағат, байлық, сенiм, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Будда
WhatsApp Telegram

Кей адам бүгiн тату, ертең қату
Тiлеуi, туыстығы бәрi сату.

Ілмектер: татулық, туыс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Абай Құнанбайұлы
WhatsApp Telegram

Балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады.

Ілмектер: бала, тәрбие, нақыл, афоризм, ата-ана, туыс Ыбырай Алтынсарин
WhatsApp Telegram

Арғымақ атқа көп міндім — садаға кетсін буданнан,
Азаматқа көп ердім — садаға кетсін туғаннан.

Ілмектер: арғымақ, садаға, туыс, азамат, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Абысынның арызы — ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы — елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: абысын, туыс, ағайын, ел, арыз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Бұқар жырау
WhatsApp Telegram

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі.

Ілмектер: дұшпан, туыс, туысқан, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Шалкиіз Тіленшіұлы
WhatsApp Telegram

Құт берекең - атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат.
Мейірімді апаң қымбат.
Асқар тауың - әкең қымбат.

Ілмектер: Қазыбек би, ата, апа, әке, ана, туыс Қазыбек Келдібекұлы
WhatsApp Telegram

Талабы таудай болғанмен.
Ағаның сәні - інімен.
Бірлігі болсын туыстың,
Ұйыған майдай күбіден...

Ілмектер: аға, іні, туыс Алмас Алматов
WhatsApp Telegram

Туысың дегенде суық қарап еді,
Қайын атаң дегенде құрақ ұшты.

Ілмектер: туыс, қайын ата
WhatsApp Telegram

Апасының киген тонын сіңлісі де киер.

Ілмектер: апа, сіңлі, отбасы, туыс, жанұя
WhatsApp Telegram

Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын.

Ілмектер: туыс, ағайын, отбасы, жанұя
WhatsApp Telegram

Андысқан мына дүниеде - біреуге-біреу табашы.
Жігіттің бағы қайтады - ағайын-жұртын алдаса.

Ілмектер: дүние, өмір, туыс, ағайын, алдау Майлықожа Сұлтанқожаұлы
WhatsApp Telegram

Біздің барлығымызда жақынымыздың қайғы-қасіретін көтеріп алар күш жатады.

Ілмектер: күш, туыс, қайғы, қасірет Франсуа де Ларошфуко
WhatsApp Telegram

Адамдарды қаны ғана емес, жақсы істері туыстырады.

Ілмектер: адам, туыс, қан, іс, жақсы Тоқсары
WhatsApp Telegram

Әйел алсаң қарап ал ақылдысын,
Сол болар басқалардан жақын кісің.
Ағайынға, туысқа қайырылса,
Дүниеде нағыз сол ғой мақұл кісің.
Ерге – аю, балаға – қасқыр болса,
Ондай қатын алғанның күні құрсын.

Ілмектер: әйел, ағайын, туыс Шал Құлекеұлы
WhatsApp Telegram

Абысының арызы – ағайын сәнін кетірер,
Ағайынның арызы – елдің сәнін кетірер.

Ілмектер: туған, туыс, абысын, ағайын, ел Бұқар жырау
WhatsApp Telegram