Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (110) Өлеңдер (545) Жоспарлар (4) Мақал-мәтелдер (237) Ұлағатты сөздер (642) Әзіл, анекдоттар (4)

Өмір — Ұлағатты сөздер жинағы

Бұл бөлімде "Өмір" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Неге осы адамдар қолда барды бағалай алмай, уыстан шығып кеткенде барып сандарын соғады? Ол кезде өкін, мейлі, өкінбе ештеңе өзгермейді. Бір емес, бірнеше рет сүрінген тасты жолыңнан алып тастай алмасаң, өз обалың өзіңе, омақаса құлап тыныш табасың. Өткеніңді ұмытпай, жаңа өмір бастаймын деу бекершілік, өткен өміріңдегі адамдарды қазіргі адамдармен салыстыру да дұрыс емес. Жас кезде білместікпен жасаған қателігің кешірімді шығар, ес кіргенде тағы да қателесу – ақымақтық!

Ілмектер: бағалау, өкініш, тас, жол, өмір, қателік, ақымақтық Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Осы күнде ешкімге ренжімеймін де, іздемеймін де, тіпті ешкімді сағынбаймын. Күйкі тірлікке көміліп, қарын тойып, ұйқы қанса одан өзге ешбір мұрат-мақсат жоқ тәрізді сиықсыз күндер. Мұндай «тыныштықтан» да жалығады екен адам... Күні кеше тағдырыма төңкеріс жасап, өміріме өзгеріс енгізгім келген. Бәрін тастап, Алматыға тартып кетіп, бақытты қолдан жасағым келді. Алайда, мен бақытсыз емес ем. Олай тәуекел ету қажет емес екенін түсіндім. Бәлкім дәм-тұзы Алматының тартпаған болар...

Ілмектер: реніш, сағыныш, мақсат, күн, тыныштық, тағдыр, өмір, бақыт, тәуекел Салтанат Айдарбекова
WhatsApp Telegram

Ауыз әдебиеті – бүкіл өмірімнің азығы.

Ілмектер: ауыз әдебиеті, өмір, азық Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Өмірде отты да – мен,текті де – мен,
Әруақты, арқалы да, епті де – мен.
Сырт көзге өтенім бар, бақыттымын,
Ендеше, неге ғана көп түнерем.

Ілмектер: Өмір, бақыт Әбілда Аймақ
WhatsApp Telegram

Күнін ойлаған күйбең тірлік кешер,
Жылын ойлаған егін егер,
Ал ғасырын ойлаған инвестициямен болашақ өсірер.

Ілмектер: Инвестиция, Болашақ, Мотивация, Қаржы, Өмір, Сауаттылық, Жоспарлау Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Адамдарды, өмірді, əлемді білсек деген құлшынысымыз – солай жасауымызға кедергі болып жүр.

Ілмектер: адам, өмір, әлем, құлшыныс, кедергі Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Күдік біздің бүкіл өмірімізге нəр беріп тұрақты шығармашылық күшке айналуға тиіс.

Ілмектер: Күдік, Өмір, шығармашылық, күш Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Біз өміріміздегі аса қиын сəттерде – көп ойланамыз, ал еріккенде – қолға қалам алып, жазуға кірісеміз.

Ілмектер: өмір, қиындық, сәт, ойлану, қалам, ерігу, жазу Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өзіндік пікірсіз, өз сенімінсіз адам қалай өмір сүрмек?!

Ілмектер: пікір, сенім, адам, өмір Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Басқа халықтардың өмір жолы басқа елдердегі жəне басқа уақыттардағы өмір – біздің мəңгілік деп жүрген идеяларымыздың бар болғаны өз мəңгілік жаңылысуларымыз ғана екенін түсінуге үйретеді.

Ілмектер: халық, өмір, ел, уақыт, мəңгіл, идея Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өмірге күдікпен қарауға толық негіз бар: оның бізді ең бір үмітті сəттерімізде сан рет сан соқтырып кетіп жүргені өтірік пе.

Ілмектер: өмір, күдік, үміт, өтірік Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Уақытында төгілген тер – ертеңгі өкініштің алдын алады.

Ілмектер: еңбек, уақыт, талпыныс, мақсат, жетістік, мотивация, өкініш, өмір, нақылсөз, даналық Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Өмір адамға беретін мүмкіндіктер, салыстырмалы түрде алғанда, өте шамалы.

Ілмектер: Өмір, адам, мүмкіндік, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Білімді, көп оқитын адамдар мынаны білгені жөн: əдебиет – бір басқа да, өмір – бір басқа.

Ілмектер: əдебиет, білім, өмір, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Басқа халықтардың өмір жолы басқа елдердегі жəне басқа уақыттардағы өмір – біздің мəңгілік деп жүрген идеяларымыздың бар болғаны өз мəңгілік жаңылысуларымыз ғана екенін түсінуге үйретеді.

Ілмектер: халық, өмір, идея, мәңгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Шестов
WhatsApp Telegram

Өмірде бәрін жоғалтып алу қорқынышты емес, өзіңді жоғалтып алу - қорқынышты.

Ілмектер: өмір, адам, болмыс, өзін тану, нақыл сөз Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Бұл өмірде екі тип бар:
ақылды болып көрінетіндер
және бәрін түсініп, ақымақ болып жүргендер.

Ілмектер: өмір, философия, адам, ой, психология, ақыл Азамат Төре
WhatsApp Telegram

Таза еңбек, адал жүрек – өмірдің сәні.

Ілмектер: еңбек, адал, Өмір, жүрек Шәкәрім Құдайбердіұлы
WhatsApp Telegram

Өмірдің мәні — оны мәнмен толтыруда.

Ілмектер: Виктор Франкл, өмірдің мәні, Өмірдің мағынасы, Өмір, мән, мағына Виктор Франкл
WhatsApp Telegram

Сен үшін маңыздсы – өміріңдегі жылдардың саны емес, сол жылдарддың қаншалықты өмірге толы болуы.

(1947 ж. Эдвард Дж. Стиглицтің [Edward J. Stieglitz] «The Second Forty Years» кітабының жарнамасында кездеседі)

PS: Өмірдің қанша жылға созылғаны емес, сол жылдардың қаншалықты мағыналы, белсенді және бақытты өткені маңызды.

Ілмектер: өмір, Мағыналы өмір сүру, бақытты өмір, #Өмір, Маңыздылық, НақылСөз, Даналық, Тәрбиелік, ӨзінДамыту, ЖылдарМенӨмір, Мотивация, ӨмірТолықтығы Эдвард Дж. Стиглиц
WhatsApp Telegram