Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (6) Өлеңдер (10) Жоспарлар (5) Мақал-мәтелдер (1) Ұлағатты сөздер (18) Әзіл, анекдоттар (1)

Іздеген кілт сөзіңізге (ілмекке) байланысты мәліметтер:


"жазу" тақырыбына байланысты Ұлағатты сөздер

"жазу" тақырыбына байланысты ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "жазу" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Жа­зу­шы айт­қы­сы кел­ген ой­ын айт­пай, жа­зуы ти­іс.

Ілмектер: жазушы, ой, жазу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, Ұлағатты сөздер Эрнест Хемингуэй
WhatsApp Telegram

Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.

Ілмектер: дәлел, жазу Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жазу процесінде əлдебір шексіздік бар.

Ілмектер: жазу, шексіздік Элиас Канетти
WhatsApp Telegram

Жазушыларға кеңес: белгілі бір уақытта жазуды тоқтату керек, тіпті бастамасаң да.

Ілмектер: жазушы, жазу, тоқтау Станислав Ежи Лец
WhatsApp Telegram

Кітаптың соңы — жазудың басы болмайды.

Ілмектер: кітап, жазу, соңы Жак Деррида
WhatsApp Telegram

Жазып отырғанда мығым-ақпын, жазып болып топқа түскенде жаңа түскен келіншекпін.

Ілмектер: жазу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин
WhatsApp Telegram

Позитивті ойлаудан тыс, өзгерек, дұрыс қадам жасаңыз және өз тағдырыңызды басқа біреу емес, өзіңіз жазыңыз.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, Позитивті ойлау, дұрыс, қадам, тағдыр, жазу Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Тағдыр сіздің миыңызда жазылған. Миыңызды қағаз деп елестетіп өз тағдырыңызды өзіңіз жазуға байқап көріңіз. Осыны мақсат қылып алыңыз. Бұл сіздің өмір не тағдыр атты кітабыңыз және ол әрқашан өзіңіздің қолыңызда.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, тағдыр, ми, жазу, Қағаз, мақсат, Өмір, кітап Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Айша Бибінің сағанасындағы жазуды аударса — «Сүмбіле». Су суыды. Өмір — сұмдық».

Ілмектер: Айша бибі, сағана, жазу, аудару, Сүмбіле, су, өмір, сұмдық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Асқар Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Жазу қиын, бірақ мүлдем жазбау одан да қиынырақ болар еді.

Ілмектер: жазу, журналист, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Тадеуш Бреза
WhatsApp Telegram

Ғылым үшін тіл мен жазу - қаймағы алынбаған мәдени игілік.

Ілмектер: игілік, ғылым, тіл, жазу, афоризм, нақыл Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Соқыр көретіндей, саңырау еститіндей етіп жаз.

Ілмектер: жазу, әдебиет, соқыр Ғабит Мүсірепов
WhatsApp Telegram

Жазу үрдісі де мәңгілік емес.

Ілмектер: жазу, мәңгілік Олжас Сүлейменов
WhatsApp Telegram

Адамзат ақыл-ойы талай ғажайыптарды ойлап тауып жатыр ғой. Алда да небір ғаламат жаңалық ашылар. Бәрібір ең ұлы жаңалық — жазу. Одан асқан жаңалық болған емес. Жазудың ойлап табылуы мәңгіліктің біржола мойындалуы. Жазу Адам нәсілін ақылды, айлалы етіп қана қойған жоқ, иманды да ибалы, парасатты да етті. Шын мәнінде Ғылым, Дін, Мәдениет жазудың арқасында пайда болды. Осы арқылы өткен ұрпақтардың құндылықтарымен сусындады, кемелденді.

Ілмектер: жаңалық, ғылым, жазу, жазушы Әбіш Кекілбаев
WhatsApp Telegram

Қазақ әлдеқашан тілінде қандай дыбыстар бар екенін айырған, әр дыбысқа белгілеп таңба арнаған. Оқуымызға онымыз жақсы, жазуымызға тағы жақсы, үйрету жағынан орыстікінен, немістікінен, француздікінен, ағылшындікінен оңай, оңтайлы.

Ілмектер: қазақ, тіл, дыбыс, оқу, жазу Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Жазушы айтқысы келген ойын айтпауы қажет, жазуы тиіс.

Ілмектер: жазушы, ой, жазу Эрнест Хемингуэй
WhatsApp Telegram

Сауатты адам жазғанда қол дағдысымен жазады.

Ілмектер: сауат, адам, жазу Ахмет Байтұрсынұлы
WhatsApp Telegram

Тастағы жазудан тағлым алғайсың.

Ілмектер: тас, жазу Білге қаған
WhatsApp Telegram