Кез келген құпия — жарылғыш зат тəрізді.
Ілмектер: құпия, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Қуғынға түскен кезде ғана бұл дүние қашан да қуғындалғандар мен жер аударылғандар əлемі болып келгенін терең сезінесің.
Ілмектер: қуғын, сезім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әлем, сезім Элиас Канетти
Əдебиет кəсіби тұрғыда алғанда — зиянды іс: сөзден қорқу керек.
Ілмектер: əдебиет, зиян, сөз, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Жайбарақат жату — адамды қарусыздандырудың ең төте жолы.
Ілмектер: жайбарақат, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, жол Элиас Канетти
Құдайға сенбейтін адам дүниенің күнəсінің бəрін өз мойнына алады.
Ілмектер: құдай, сенім, адам, дүние, күнә, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Зиялылардың ең басты кеселі — дүние тек зиялылардан ғана тұратындай көретіндігі.
Ілмектер: зиялы, кесел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дүние Элиас Канетти
Бұйрықтың теперішін ең көп көретіндер — балалар. Олардың қалай төзіп жүргеніне, тəрбиешілердің игі ниетті имансыз илеуіне қалай шыдап жүргеніне таң қаласың.
Ілмектер: бұйрық, бала, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, тәрбиеші, ниет, имансыз Элиас Канетти
«Өзіңді өзің таны» деу — айтуға ғана жеңіл: шынында да осылай болып жатса — қандай қорқынышты болар еді.
Ілмектер: тану, Өзіңді тану, жеңіл, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кез-келген адам — дүниенің кіндігі: дүниенің қызығы да сол — мұндай кіндіктерден аяқ алып жүре алмайсың.
Ілмектер: адам, кіндік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кейбіреулер өзі өлмеуге тиіс дегенге құдайдай сенеді.
Ілмектер: сенім, өлім, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Кім болсын тамақ ішіп отырған кезде өзіне-өзі қарап көрсе артық болмас еді.
Ілмектер: тамақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Жануарлар болмаса дүние қаншалықты қауіпті боларын көз алдыңа елестетудің өзі қиын.
Ілмектер: Жануарлар, дүние, қауіп, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Қазіргі дүниенің ең ақиқат əрі ең қорқынышты бет-бедері — газет.
Ілмектер: дүние, газет, ақиқат, қорқыныш, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Шындық дегеніміз — күннің күркіреуі тəрізді: ауаны тазартады да, əрі қарай кете барады. Шындық найзағай тəрізді жай түскендей соғуы керек: қорқуға тиісті адам — қорықсын.
Ілмектер: шындық, қорқу, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, күн, ауа, найзағай Элиас Канетти
Испан жұрты — матадор, олардың əрқайсының өзінің жеке тек өзіне ғана басыбайлы бағынышты тобыры болады.
Ілмектер: испан, жұрт, матадор, бағыныш, тобыр, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Элиас Канетти
Бұйрыққа əбден мойын ұсынғандар аса жаман əрекеттерге баруға қабілетті екені белгілі.
Ілмектер: бұйрық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, әрекет, жаман әрекет, мойын ұсыну Элиас Канетти
Қалың бұқара ең көп қатысатын əрекет түрі — қашу.
Ілмектер: бұқара, әрекет, қашу Элиас Канетти
Мұнда, біздің жердегі тірлігімізде патшалық құрушы — өндіріс.
Ілмектер: патша, өндіріс Элиас Канетти
Біреуге ажал тілеуді алыстан іздеп жатудың, ол үшін адам жанына соншалықты терең үңілемін деудің қажеті жоқ — оны кез-келген жерден кездестіруге болады.
Ілмектер: ажал Элиас Канетти
Осыдан бір-екі ұрпақ бұрын «революция» деген сөзге кім болсын міндетті түрде «француздікі» деген сөзді қосып айтқан болар еді.
Ілмектер: революция, француз Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
- Элиас Канетти
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі