Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана
Бұл бөлімде "дәлел" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.
Пифагорлықтардың өзі күннің қозғалмайтынын жəне жердің айналатынын болжап білген. Ал осы ақиқатты дəлелдеу үшін қанша алтын уақыт қор болды десеңізші!
Ілмектер: уақыт, күн, жер, ақиқат, дәлел Лев Шестов
Дəлелдеудің ең жақсы əрі ең сенімді əдісі – өз талдауыңды жұрттың бəрі мақұлдаған, ешкімге тиіп кетпейтін бейтарап пікірлермен бастау.
Ілмектер: дәлел, әдіс, жұрт, пікір Лев Шестов
Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана.
Ілмектер: Адам, мәселе, қиындық, ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілік, құбыла, күшті, бағындыру, ақиқат, Алла, Құран, мағына, өмірдің мәні, шынайы, ғылым, дәлел, жалған, күрес, дін, ислам, мәңгілік, зертхана, өмір, сынақ Нарша Булгакбаев
Дəлел — ойлаудың ең алғашқы жасаған күнəсі.
Ілмектер: дәлел, күнә Элиас Канетти
Жазғаныңды дəлелдеп жату қандай қиын десеңізші: құдды бір айтқаныңды қайтып алып жатқандай сезінесің.
Ілмектер: дәлел, жазу Элиас Канетти
Донжуандар — өздерінің «ерлігіне» өздері онша сене бермейтін, сондықтан да оны дəлелдеу үшін барған сайын көп жеңіске құлшынып əуре болатын ер адамдар.
Ілмектер: Донжуан, ерлік, сенім, дәлел, жеңіс, ер адам Альфред Адлер
Дəлелдеуді үйренген адам — енді ештеңеден де қорықпайды.
Ілмектер: дәлел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, қорқу Освальд Шпенглер
Нəтиже немесе дəлел, Құдайдың заңдарын қалай түсінетінімзге жəне қолданатынымызға байланысты.
Ілмектер: Нарша Булгакбаев, нәтиже, дәлел, құдай, Заң, түсінік, қолдану Нарша Булгакбаев
Тәжiрибе жинау жеткiлiксiз, одан мүмкiндiгiнше дәлелдер мен қорытындылар шығару үшiн оны таразылап, талқылау және екшеп, қорыту керек.
Ілмектер: Тәжiрибе, дәлел, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Мишель де Монтень
Үндемеу ақылдың бар екенiн үнемi көрсетпеуi мүмкiн, бiрақ ақымақтықтың жоқтығын дәлелдей алады.
Ілмектер: үндемеу, ақыл, ақымақ, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, дәлел Пьер Буаст
Қатты сөздер күшті дәлел бола алмайды.
Ілмектер: сөз, дәлел Василий Ключевский
Қызғаншақтықты түсінуге болар, бірақ дәлелдер жоқ.
Ілмектер: қызғаныш, дәлел Михаил Лермонтов
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Азамат Төре
- Салтанат Айдарбекова
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі