Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (1) Ұлағатты сөздер (3)

"шынайы" туралы Ұлағатты сөздер

"шынайы" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "шынайы" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Байлық — көп адам үшін жалғыз ғана құндылық, бірақ өмірдегі шынайы құндылық – байлықта емес адамдардың жан-дүниесінде, адамдар арасындағы адалдықта, қамқорлықта және қиындық бен сынақ кезінде бір-біріне жәрдемдесуінде, жанашырлық танытуында.

Ілмектер: байлық, адам, жалғыздық, өмір, құндылық, шынайы, адалдық, қиындық, сынақ, жәрдем, жан, дүние, қамқорлық, жанашырлық Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адам болу — бір мәселе. Адам боп қалу — қиын мәселе. Ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық — адамгершіліктің төрт құбыласы. Күшті адам – өзгелерді бағындыра алатын емес, өз-өзін ақиқатқа бағындыра алатын адам. Ал ақиқат дегеніміз: Аллаһ сөзі — Құран, оның шынайы мән-мағынасы, ғылыми дәлелі жоқ жалған сөздер емес. Ақиқат үшін күрес — дінді ғылыммен, ғылымды дінмен дәлелдеу жолындағы мәңгілік зерттеу. Өмір — сынақ жүргізетін зертхана.

Ілмектер: Адам, мәселе, қиындық, ізгілік, адалдық, әділеттілік, шыншылдық, адамгершілік, құбыла, күшті, бағындыру, ақиқат, Алла, Құран, мағына, өмірдің мәні, шынайы, ғылым, дәлел, жалған, күрес, дін, ислам, мәңгілік, зертхана, өмір, сынақ Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Бәріне ұнаймын деп ойлау бұл тұзақ, адамның өз-өзін жақсы көруге кедергі келтіретін. Ұнауға лайық деңгей-дәрежеге жетсек те, бізге шынайы бағаны бір Алла ғана бере алады. Сізді позитивті бағалайтын, қадір-қасиетіңізге жеткен адамдар қоршап алса да, оларға қатты сене бермеңіз, сынаққа тап болған кезде барлығы сатады, жалғыздық — бұл өмір заңдылығы, одан шығатын бір-ақ қана жол бар — өз-өзіңді толық өзің ғана қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін жету, өз-өзіңе жеткілікті болу. Ешкімге тәуелді болмау. Құлдық санаға түсіп қалмау.

Ілмектер: ұнау, ой, тұзақ, адам, жақсы, лайықты, деңгей, тәуелдлік, Құлдық Сана, дәреже, шынайы, Алла, позитивті, баға, қадір-қасиет, сенім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram