Өлең, жыр, ақындар

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (8) Өлеңдер (12) Мақал-мәтелдер (5) Ұлағатты сөздер (11) Әзіл, анекдоттар (2)

Ел силарлық бағаң болмаса, елге аға болдым деме.

Ілмектер: ел, аға, баға Әзілхан Нұршайықов

Біреуге қарап, өзіңе баға беруге болмайды.

Ілмектер: баға Сергей Довлатов

Кейбір адамдардың бағасын жауының санымен де өлшеуге болады.

Ілмектер: жау, баға, адам Асқар Сүлейменов

Әдебиетте саған көзіңнің тірісінде қоғамның берген бағасы – анық баға емес.

Ілмектер: әдебиет, қоғам, баға Қадыр Мырза Әли

Әр адамның бағасы оның ой-ниетiнiң құндылығымен анықталады.

Ілмектер: адам, баға, ой, ниет, құндылық, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Марк Аврелий

Мені жетістігіме бола құрметтемеңдер, құлаған жерімнен қайта тұра алғаным үшін бағалаңдар.

Ілмектер: жетістік, құрмет, бағалау, баға Нельсон Мандела

Адам жастықтың қызығын өз шағында көріп, бағасын кейін береді екен.

Ілмектер: жастық, жастық шақ, қызық, баға, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Ғабиден Мұстафин

Таң қаласың: кез келген адам қанша қойы бар екенін жатқа біледі, бірақ қанша досы бар екенін айта алмайды. Сонда достық бағасы қанша?

Ілмектер: дос, достық, баға, қой, адам, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Сократ

Бәріне ұнаймын деп ойлау бұл тұзақ, адамның өз-өзін жақсы көруге кедергі келтіретін. Ұнауға лайық деңгей-дәрежеге жетсек те, бізге шынайы бағаны бір Алла ғана бере алады. Сізді позитивті бағалайтын, қадір-қасиетіңізге жеткен адамдар қоршап алса да, оларға қатты сене бермеңіз, сынаққа тап болған кезде барлығы сатады, жалғыздық — бұл өмір заңдылығы, одан шығатын бір-ақ қана жол бар — өз-өзіңді толық өзің ғана қамтамасыз ететіндей деңгейге дейін жету, өз-өзіңе жеткілікті болу. Ешкімге тәуелді болмау. Құлдық санаға түсіп қалмау.

Ілмектер: ұнау, ой, тұзақ, адам, жақсы, лайықты, деңгей, тәуелдлік, Құлдық Сана, дәреже, шынайы, Алла, позитивті, баға, қадір-қасиет, сенім Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Мысалы мен өзіме төмен баға берейін десем құнсызданып кетем, өзімнің де басқаның да алдында. Жоғары баға берейін десем тым құнды болып кетем, бірақ мен шын мәнінде өмірде тым құнды емеспін, себебі менің самапал жерлерім көп. Ең дұрысы адекватты баға, сөзім ісіме сай, өзімді басқалардан төмен не жоғары санамаймын, мен бәрімізді бірдей бағада көремін.

Ілмектер: Баға, құнсыздану, төмен, жоғары, құнды, самапал, адекватты, сөз, іс Narsha Bulgakbaev Нарша Булгакбаев

Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды.
Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды.

Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:

1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз.
Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз.

Өзіңізден сұрап үйреніңіз:
– Бұл ой қаншалықты шынайы?
– Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым?
– Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма?

2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын.

Мысалы:
"Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?"
"Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?"
"Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?"
"Мені тоқтатып тұрған не / кім?"
"Мен кімге / неге сенуім керек?"

Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады.

3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы.

4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады:
— қуанышыңызды бөлісетін,
— қайғыңызды тыңдайтын,
— ойыңызды жинақтауға көмектесетін,
— армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын.

Тұрақты түрде жазу арқылы сіз:
— өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз,
— ішкі дауысыңызды естисіз,
— шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз,
— әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз.

Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз.

Есіңізде сақтаңыз:
Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді.


Ілмектер: жойқын, теріс, эмоция, деструктивті, реакция, психотравма, өткен шақ, травма, қабылдау, ой, ойлау, жан, дүние, рационалды, продуктивті, реалистік, қиындықтар, кедергілер, көзқарас, өзгеріс, конструктивті, теория, дағды, тәжірибе, бақылау, әділеттілік, баға, сұрақ, механизм, өзін-өзі тану, мүмкіндік, әлем, автомат, негатив, ақиқат, талдау, қиындық, кедергі, талдау, гигиена, артықшылық, даму, әл-ауқат, психика, эмоция, күнделік, әрекет, трансформация, оқиға, жағдай Нарша Булгакбаев