Ілмек бойынша іздеу

Қысқа кілт сөз (ілмек) жазып, «Іздеу» батырмасын басыңыз. Сол сөзге байланысты мәліметтер шығады. Мысалы: ана


Мақалалар (11) Өлеңдер (5) Жоспарлар (1) Мақал-мәтелдер (2) Ұлағатты сөздер (25) Әзіл, анекдоттар (1)

"өзгеріс" туралы Ұлағатты сөздер

"өзгеріс" туралы ұлағатты сөздер мен нақыл сөздер жинағы. Бұл бөлімде "өзгеріс" ілмегіне қатысты ойлар, даналық сөздер және мағыналы пікірлер топтастырылған.

Ұстаз айтты: Жақсы адам (жан-жақты, парасатты адам) өзгерісті өзінен бастайды, ал ойсыз адам басқаларды кінәлайды.

Оригинал мәтіні (қытайша классикалық тілде):
子曰:「君子求諸己,小人求諸人。」
(Zǐ yuē: "Jūnzǐ qiú zhū jǐ, xiǎorén qiú zhū rén.")
«Лунь юй» (論語, Аналектілер немесе Әңгімелер мен пайымдаулар) кітабындағы сөз.

Бұл сөз Лунь юйдің 15-тарауы (衛靈公 — Вэй Лин-гун, Wei Ling Gong) ішіндегі 21-ші афоризм (немесе 15.21 деп белгіленеді).

Түсіндірме қысқаша:

君子求諸己 — асыл адам қателікті, жетістікті, моральдық жауапкершілікті өзінен іздейді, өзін-өзі түзетеді, өзінен талап етеді.
小人求諸人 — төмен адам кінәні, себепті, жауапкершілікті басқалардан іздейді, басқаларды кінәлайды.

Ілмектер: Конфуций, Өзін-өзі тәрбиелеу, ішкі жауапкершілік, жауапкершілік, өзгеріс, Кінәлау, даму, өзгеру Конфуций
WhatsApp Telegram

Жағдайды өзгерте алмасақ, бізден өзімізді өзгерту талап етіледі.

Нақыл сөз (ағылшынша): “When we are no longer able to change a situation, we are challenged to change ourselves.”
Қайдан алынған: Man’s Search for Meaning (1946)
Нақты дереккөз: Viktor Frankl Institute — Quotation Archive

Ілмектер: психология, өмір мәні, жауапкершілік, Рух, жағдай, өзгеріс, өзгеру Виктор Франкл
WhatsApp Telegram

Өзіңді жойған күні жаңа өмірің басталады.

Ілмектер: Жаңа өмір, өзгеріс, өзгеру, өзіңді өзгерту, даму Жалаладдин Руми
WhatsApp Telegram

Барлығы әлемді өзгерткісі келеді, бірақ ешкім өзін өзгерткісі келмейді.

Ілмектер: адамзат, даму, өзгеріс, өзгеру, өзі, мін іздеу, соқыр Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар белгілі бір психотравмаға (өткен шақтағы оқиға немесе жағдайға) тікелей байланысты пайда болмайды.
Ең жойқын теріс эмоциялар мен деструктивті реакциялар — сол травманы бүгінгі күнге дейін қалай қабылдап келе жатқанымызға, және ол туралы не ойлайтынымызға байланысты туындайды.

Сондықтан біз бастан өткерген қиындықтар мен кедергілер жайлы көзқарасымызды қайта қарап, өңдеп, өзгертуіміз қажет.
Бұл үшін ішкі жан дүниеміз бен сыртқы ортаны кінәламай, шынайы қабылдауымызды, сондай-ақ рационалды, продуктивті және реалистік түрде ойлануымызды сонымен қатар конструктивті дамуды үйренуіміз керек. Бұл тек теория ғана емес — нақты дағдылар мен тәжірибе арқылы қалыптасатын қабілет.

Бұл үшін мынадай қадамдарды орындаңыз:

1. Ойларыңызды сырттай бақылаңыз және барынша шынайы бағалауға тырысыңыз.
Бұл — өзін танудың және ішкі тепе-теңдікті қалпына келтірудің алғашқы қадамы. Сіздің ішкі тыныштығыңыз — өз ойларыңызды дұрыс тани білуден басталады. Бірақ бір нәрсені түсіну қажет: ойларыңыз сіздің шынайы болмысыңыз емес, тек санаңыздың уақытша көрінісі (ой дегеніміз ішкі сөздер мен бейнелер). Кейбір ойлар — ескі жаралардың жаңғырығы болса, кейбірі — қорқыныш пен күмәннің көлеңкесі ғана. Сол себепті, әр ойыңызға (сыртқы психологиялық шабуыл кезінде) бейтарап көзқараспен қарап үйреніңіз.

Өзіңізден сұрап үйреніңіз:
– Бұл ой қаншалықты шынайы?
– Мен оны қандай дәлелге сүйеніп қабылдадым?
– Бұл ой маған көмектесіп жатыр ма, әлде керісінше шектеп жатыр ма?

2. Барлық жүрегіңізді мазалап жүрген сұрақтардың бәрін миыңызға қоя беріңіз — бұл сіздің ішкі әлеміңізге апаратын жол. Ойларыңызды ақиқат сүзгісінен өткізуге, сенімдеріңізді қайта қарауға, ішкі кедергілерді тануыңызға көмектеседі. Өзіңізге сұрақ қойғанда, асықпаңыз. Әрбір сұрақ-жауап — өзіңізбен шынайы әрі терең сұхбат болсын.

Мысалы:
"Неге мен бұлай ойлаймын? Неге басқаша емес?"
"Бұл ой маған не береді? Қуаныш па әлде қайғы ма?"
"Бұл ойларым шындыққа сәйкес келе ме, әлде тек менің ішкі үрейім бе?"
"Мені тоқтатып тұрған не / кім?"
"Мен кімге / неге сенуім керек?"

Осыған тектес сұрақтар сіздің санаңызды сергітеді, көзқарасыңызды кеңейтеді, ал шынайы жауаптар — ішкі тыныштық пен дамудың бастауы бола алады. Сұрақ — бұл ізденіс. Ал ізденіс — бұл өсудің алғышарты. Өзіңізге адал болыңыз, жауап табу ғана емес, түсінуге тырысыңыз. Тек сұрақ қою арқылы адам шын мәнінде өзін қайта танып, қайта қалыптастыра алады.

3. Автоматты, аяқ астынан пайда болатын негативті ойларды бақылаңыз. «Автопилотты» өшіріп, сол ойларды шынайы тұрғыда талдауды (психоанализ) үйреніңіз — бұл ойлау гигиенасын қалыптастырады. Саналы түрде ойларыңыз бен қиялыңызды бақылау — өзіңіздің ішкі әлеміңізге терең үңілуге жол ашады. Әр ойды байқаңыз, бағалаңыз және оны өзгертуге болатынын мойындаңыз. Себебі әрбір ой — сіздің эмоцияңыздың және әрекетіңіздің бастауы. Ал ойдың тазалығы — жан дүниеңіздің тыныштығы мен тепе-теңдігінің кепілі. Негативті ойлармен күресу ғана емес, оларды түсіну, қабылдау, және қайта қарау, ақиқатқа бағыттау — міне, шынайы рухани және психологиялық өсу осыдан басталады. Бұл — өзіңізбен серіктесе өмір сүру, өз санаңызбен үйлесім табу (келіспеушілік пен ішкі соғыс емес). Саналы өмір — автоматизмнен бостандық табу. Өзіңізге мейіріммен қараңыз. Әр ойыңызды дұшпан емес, дос ретінде тыңдаңыз. Себебі ішкі диалог — бұл өз-өзіңізді емдеудің алғашқы қадамы.

4. Күнделік жүргізу — бұл жай ғана жазба емес, ішкі әлеміңізбен шынайы байланыс орнатудың ең тиімді жолы. Әр жазған сөзіңіз — өзіңізбен сырласу, жаныңызды тыңдау, жүрегіңізге үңілу. Ол — ішкі тыныштықтың, түсіністіктің және рухани жетілудің айнасы. Күнделігіңіз сіздің сенімді серігіңізге айналады:
— қуанышыңызды бөлісетін,
— қайғыңызды тыңдайтын,
— ойыңызды жинақтауға көмектесетін,
— армандарыңызды шынайы жоспарға айналдыратын.

Тұрақты түрде жазу арқылы сіз:
— өзіңізді жақсырақ тани бастайсыз,
— ішкі дауысыңызды естисіз,
— шешімдер қабылдауда айқындыққа ие боласыз,
— әрі өміріңізді саналы бағытта құра бастайсыз.

Күнделігіңіз — сіздің жан айнаңыз. Онда шындық бар. Онда үміт, ем, жеңіс жатыр. Бүгін бір сөйлемнен бастасаңыз, ертең — өз тағдырыңыз жайлы өмір кітабын жазасыз.

Есіңізде сақтаңыз:
Күн сайынғы шағын әрекеттер — ертең үлкен ішкі трансформацияға жетелейді.


Ілмектер: жойқын, теріс, эмоция, деструктивті, реакция, психотравма, өткен шақ, травма, қабылдау, ой, ойлау, жан, дүние, рационалды, продуктивті, реалистік, қиындықтар, кедергілер, көзқарас, өзгеріс, конструктивті, теория, дағды, тәжірибе, бақылау, әділеттілік, баға, сұрақ, механизм, өзін-өзі тану, мүмкіндік, әлем, автомат, негатив, ақиқат, талдау, қиындық, кедергі, талдау, гигиена, артықшылық, даму, әл-ауқат, психика, эмоция, күнделік, әрекет, трансформация, оқиға, жағдай Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Адам баласы үшін ең қиын нəрсе — өзін-өзі танып білу жəне өзін-өзі өзгерту.

Ілмектер: адам, бала, тану, өзгеріс, өзгерту Альфред Адлер
WhatsApp Telegram

Сананың БЕЙСАНАЛЫҚ бөлігі бар, біз оны тікелей басқара алмаймыз, бірақ өзгеріс енгізе аламыз және сананың САНАЛЫҚ бөлігі бар, ол ақыл-ойды басқарады. Бейсаналықты түзетсең, саналық та түзеледі (сананы ерікті түрде басқара алатын бөлігіміз), оны қалай түзетуге болады, АҚЫЛ-ОЙ арқылы, ДҰРЫС сөзбен, оймен (аффирмациялармен), бейнелермен (визуализациялармен), эмоциялармен, әдеттермен.

Ілмектер: Сана, Бейсана, басқару, өзгеріс, ақыл, ой, сөз, аффирмация, визуализация, бейне, эмоция, әдет Narsha Bulgakbaev
WhatsApp Telegram

Қазіргі популярный кітаптардың көбісі, тренинг пен семинарлардың барлығы тұрақты өзгеріске жету туралы емес, адамның баға жетпес уақытын алатын әдемі шабыттандыратын ертегі ғана... Бұлай жалғаса беретін болса адамдардың барлығы попугайға айналады.

Ілмектер: Нарша Булгакбаев, кітап, тренинг сабақ, семинар, тұрақтылық, өзгеріс, уақыт, шабыт, ертегі, адам, попугай Нарша Булгакбаев
WhatsApp Telegram

Мен бірнеше сағат ішінде өмір толығымен өзгеруі мүмкін деп ойлағанды ұнатамын. Әйтпесе, мен өмір сүруден жалығатын едім.

Ілмектер: сағат, өмір, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Роберт Дауни
WhatsApp Telegram

Өзiң түзел, сонан соң өзгенi түзе.

Ілмектер: түзеу, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лао-цзы
WhatsApp Telegram

Ең даналар мен ең ақымақтар ғана өзгермейдi.

Ілмектер: дана, ақымақ, нақыл, өзгеріс, өзгеру, афоризм, қанатты сөздер Конфуций
WhatsApp Telegram

Адамның қажырлы еңбегі үшін ең үлкен сый — қол жеткізген табысы емес, оның бойындағы өзгеріс.

Ілмектер: адам, еңбек, сый, табыс, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Джон Рескин
WhatsApp Telegram

Тағдырды өзгерту үшін ойыңызды өзгертіңіз.

Ілмектер: тағдыр, нақыл, өзгеріс, өзгерту, қанатты сөздер, афоризм Джозеф Мерфи
WhatsApp Telegram

Өзгеріс жоқ, тіпті өзгерісті қажетсінбейтін жерде ақыл өледі.

Ілмектер: өзгеріс, ақыл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Уэллс Герберт
WhatsApp Telegram

Ерте ме, кеш пе, әйтеуір бір күні өзіміз белгілеген шекарадан шығуға тура келеді. Немесе қоршаған, тар, көкжиек шеңберімізді кеңейтеміз, немесе өзгеріссіз өлуге мәжбүр боламыз.

Ілмектер: шекара, шеңбер, кеңейту, өзгеріс, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Илон Маск
WhatsApp Telegram

Өзгерістен өзге мәңгілікті көріп тұрған жоқпын.

Ілмектер: өзгеріс, мәңгілік, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Гераклит
WhatsApp Telegram

Адамды алғаш көргенде қалыптасатын пiкiр әдетте көп ұзамай өзгередi, ал бұл өзгерiс болғанша, адам туралы не тым жақсы, не тым нашар ойлайсың.

Ілмектер: адам, пікір, жақсы, жаман, өзгеріс, нақыл, қанатты сөздер Лев Толстой
WhatsApp Telegram

Өзгерістің лебін сезген адам желден ықтайтын қалқан емес, жел диірменін тұрғызуы тиіс.

Ілмектер: өзгеріс, бейімделу, дағдылану, икемделу, үйрену Стивен Кинг
WhatsApp Telegram

Әлдекімнен көмек күтіп не басқа бір сәтті тосып отырсақ, өзгеріс өздігінен келмейді. Өзімізді ғана күту керек. Өзгеріс деген – мына өзіміз.

Ілмектер: өзгеріс, көмек, нақыл, афоризм Барак Обама
WhatsApp Telegram

Бүгін сен түзелсең, ертең ел түзеледі.

Ілмектер: өзгеріс, ел, түзелу Мырзатай Жолдасбеков
WhatsApp Telegram