Өлеңдер Бөлімі

Ілмек бойынша іздеу


Мақалалар (7) Өлеңдер (1) Ұлағатты сөздер (13)

Мен өз жұмысымда сөз жоқ, Совет жазушыларының тәжірибесін пайдаландым.

Ілмектер: жазушы, тәжірибе Мұхтар Әуезов

Егер менен педагогикалық тәжірбиеңізге бір сөзбен анықтама беріңізші деп сұраса, былай дер едім: адамға мүмкіндігінше көбірек талап қойыңыз, адамды мүмкіндігінше көбірек сыйлаңыз.

Ілмектер: педагогика, тәжірибе, адам, талап, сыйлау Антон Макаренко

Әркім өз қатесін тәжірибе деп атайды.

Ілмектер: тәжірибе Оскар Уайльд

Бизнес әлемінде табыстың тек екі ғана түрі бар: ақша мен тәжірибе. Бірінші кезекте тәжірибе жинаңыз, ал ақша кейінірек келеді

Ілмектер: бизнес, табыс, тәжірибе, ақша Гарольд Дженин

Тәжірибе де қателіктен жаралған,
Даналар да кері ағыстан нәр алған.

Ілмектер: тәжірибе, қателік, дана, нәр Александр Пушкин

Өмірдің қуанышы көп алуыңда емес, басқаларға көп беруіңде, білім мен тәжірибеңді халыққа таратуыңда.

Ілмектер: өмір, қуаныш, білім, тәжірибе, халық, тарату Бауыржан Момышұлы

Табиғатты танудың ең сенімді құралы – бақылау мен тәжірибе.

Ілмектер: табиғат, бақылау, тәжірибе Галилео Галилей

Істейтін ісіңді бұрын мұны сынап көрген, тәжірибелі кісімен ақылдас. Өйткені ол, өзіне қымбатқа түскен нәрселерді саған тегін береді.

Ілмектер: ақыл, тәжірибе, ақылдасу, кеңесу Лұқман Хакім

Мақсатқа тек қателік жасап, тәжірибе жинау арқылы жетесің.

Ілмектер: мақсат, тәжірибе, нақыл, афоризм Томас Эдисон

Ғылым - капитан, іс-тәжірбие- жауынгерлер.

Ілмектер: ғылым, тәжірибе Леонардо да Винчи

Адам қашанда жаратылыс көрсеткен тәжірибе үлгісі бойынша өмір сүреді.

Ілмектер: жаратылыс, тәжірибе, нақыл, афоризм, қанатты сөздер, нақыл Артур Шопенгауэр

Бiз даналықты үш жолмен үйренемiз: ойлану — ең iзгi жол; елiктеу — ең жеңiл жол; және үшiншi, тәжiрибе жолы — ең ауыр жол.

Ілмектер: даналық, үйрнеу, ой, ойлану, еліктеу, тәжірибе, ауыр, жеңіл, нақыл, афоризм, қанатты сөздер Лев Толстой

Ақыл - парасат тәжірибеден туады.

Ілмектер: ақыл, парасат, тәжірибе Леонардо да Винчи

×