Қоғам неғұрлым қарапайым болса — оны құрайтын индивидтердің арасындағы ұқсастық та соншалықты көп болмақ.
Ілмектер: қоғам, индивид, ұқсастық Эмиль Дюркгейм
Сана — болмыстың терең түкпірінде болып жатқан құбылыстарға əділ қазы бола алмайды: өйткені ол онда жете алмайды.
Ілмектер: сана, болмыс, құбылыс, әділ қазы Эмиль Дюркгейм
Дамуы төмен деңгейдегі халықтардың балалары ата-аналарының келген жасын емес, өз балалығын жалғастырады.
Ілмектер: төмен, деңгей, халық, ата-ана, балалық Эмиль Дюркгейм
Егер соғыс жағдайында жүрсе, адам өзінің ең жақын серіктерінің арасында да мазасыз тірлік кешеді.
Ілмектер: соғыс, мазасыздық Эмиль Дюркгейм
Өркениет ірі қалаларда шоғырланған: өзін-өзі өлтіру де сонда.
Ілмектер: өркениет, қала, өзін-өзі өлтіру Эмиль Дюркгейм
Зорлыққа бой үйренген жерлерде — оған төзіммен қарайды.
Ілмектер: зорлық, төзім Эмиль Дюркгейм
Жеке жəне нақты ақыл түсініксіз келеді. Біз тек жалпылық жайлы ғана жақсы ойласа аламыз. Сəл кемшілікті сезбеген адам зорына да онша мəн бере қоймайды.
Ілмектер: жеке, нақты, ақыл, адам, кемшілік Эмиль Дюркгейм
Бақылауға бейімділік адамды романис те, драматург та, химик те, натуралист те, социолог та етіп шығаруы мүмкін.
Ілмектер: бақылау, адам, романис, драматург, химик, натуралист, социолог Эмиль Дюркгейм
Өзін-өзі өлтіру тек өркениет бар жерде ғана кездеседі.
Ілмектер: Өзін-өзі өлтіру, өркениет Эмиль Дюркгейм
Діни құқ қашан да жазаға негізделеді: ол — бүкіл болмысымен кертартпа.
Ілмектер: дін, жаза, болмыс, кертартпа Эмиль Дюркгейм
Сана инстинкттен босап қалған жерлерді ғана қоныстайды.
Ілмектер: сана, инстинкт Эмиль Дюркгейм
Қылмыс — беделді қорлау.
Ілмектер: қылмыс, бедел Эмиль Дюркгейм
Адамгершілік — ең қажет минимум жəне аса қатал қажеттілік, ол — онсыз қоғам өмір сүре алмайтын күнбе-күнгі нанымыз сияқты.
Ілмектер: адамгершілік, қажеттілік, қоғам, өмір, наным Эмиль Дюркгейм
Өздері бірлескен кезде пайда болған тұтастықты өздері жақсы сезінбей тұрып, осы тұтастыққа өздері кірікпей тұрып, оның мүдделелеріне жанашырлық танытпай жатып жəне оны өз мінез-құлықтарында ескермей адамдар бірге өмір сүруі мүмкін емес.
Ілмектер: мінез-құлық, адам, өмір, тұтастық Эмиль Дюркгейм
Ынтымақтасудың мақсаты — бəсекелестікті жою емес, көркейту.
Ілмектер: Ынтымақтастық, бәсеке, мақсат Эмиль Дюркгейм
Əмбебап нəрсе ғана тиімді.
Ілмектер: әмбебап Эмиль Дюркгейм
Жеке пайданың мүддесін ортақ пайда мүддесіне жеңдіру, қандай түрде көрініс тапса да, адамгершілік сипатта болады, өйткені оның өзегінде міндетті түрде өзін-өзі құрбандыққа шалу мен өзінен-өзі бас тарту жатады.
Ілмектер: пайда, мүдде, адамгершілік, көрініс, адамгершілік, міндет, құрбандық Эмиль Дюркгейм
Қоғам бар жердің бəрінде ынтымақтасу болатындықтан, қайырымдылық та болады.
Ілмектер: қоғам, ынтымақ, қайырымдылық Эмиль Дюркгейм
Алғаш жиналған қор көп қуанышқа кенелте қоймайды: ол жағдайды түзетуге жетпейді.
Ілмектер: қуаныш, қор Эмиль Дюркгейм
Кек қайтаруды тек пайдасыз қатігездік деп ойлау қате.
Ілмектер: кек қайтару, пайдасы, қатігездік Эмиль Дюркгейм
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі