Тәуелсіздік - деген сөзді естігенде ең алдымен көз алдымызға байтақ әлем, ашық аспан, сол ашық аспан астында өмір сүріп жатқан халықты елестетуге болады. Тәуелсіздік сөзінің өзі үлкен абырой, көп күш - жігерді, қайсарлық пен батылдықты дәріптейтін дүние. Әрине, осы тұста ең алдымен қазақтың қайсар батыр бабалары есімізге түсері анық. Себебі осы тәуелсіздіктің ауасын жұтып сонымен өмір сүріп жүргеніміз батыр бабаларымыздың арқасында екені сөзсіз. Тәуелсіздік сөзін немесе ұғымын әр адам әртүрлі қабылдап әртүрлі ой мен көзқарас білдіруі мүмкін. Ал, менің түсінігіммен тәуелсіздік ол қандай?
Қазақ халқының тәуелсіз ел болуына дейінгі ғұмыры қандай қиын болды десеңші. Расында бұрын ата-бабаларымыз тәуелсіз халық болуды аңсап, сол тәуелсіздік жолында ештеңеге қарамастан күресіп өз жандарын құрбан етті. Себебі бұл тәуелсіздікті алу ешқашан оңайлықпен келмеген, бұл батыр бабаларымыздың төккен қанымен шайқастағы ерліктерінің нәтижесімен тең.
Тәуелсіздікті армандап кеткен бабаларымыздың өмірімен қазір біздер өмір сүрудеміз. Олардың басты арманы тек соғыста жеңіске жетіп, өздерінің басқаларға бодандығынан құтылу емес керісінше, сол тәуелділіктен мәңгі азат болу, ашық аспан астында мәңгі бірге ешкімнің ықтиярында жүрмей халқының тәуелсіз ел болуы еді. Сондай-ақ осы тәуелсіздікті бізге өздерінің асыл аманаты етіп қалдырды.
Аты аңызға айналған бұл тәуелсіздігіміздің тарихында небір батырлық дастандары мен оқиғалары мәңгі өшпес жазулармен жазылған. Олар біз үшін ешқашан өшпейтін мұра болмақ. Себебі бұл әрбір қазақ білуге тиісті үлкен тарих. Менің түсінігіммен тәуелсіздік бұл, тәтті арман, сол арманға жету жолындағы батырлық пен сәтті нәтиже. Мен осы тәуелсіздік ұғымын осындай теңеу сөздермен сипаттар едім. Өйткені тәуелсіздіктің сол замандарда ата-бабаларымызға арман болғаны жалған емес. Алайда аталарымыз бұндай оймен өмір сүріп жүре бермей әрекет етіп, өздерінің қасық қаны қалғанша шайқасқа түсті. Осы тұста «Таласқа түссе жан мен ту, жан емес маған керегі, көк тудың желбірегені», - деген өлең жолдары батыр бабаларымыздың жасаған ерліктеріне дәйек болары сөзсіз.
Қорытындылай келе, менің түсінігіммен тәуелсіздік ұғымы осы айтылған құндылықтармен өлшенеді. Тәуелсіздік ол- мәңгі бақыт, таусылмас жыр-дастан, өшпес тарих. Ал оның тұғыры мәңгі берік болып жалғасуы бізге байланысты. Атадан балаға тараған құнды сыйды сақтап оны әрі қарай жалғастыру бізге берілген парыз сондай-ақ асыл мұра.
Амангелді Зейнеп Бейбітқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Қарақат
Норм
Зейнеп
Керемет тамаша жазылған шығарма
Зейнеп
Тамаша
Мансур
Неше сөз
Нурай
Маган сыздын шыгарманыз катты унады.