Өлеңдер Бөлімі

Орхон-Енисей жазбалары

Орхон-Енисей жазбалары – Түркі халықтарының көне дәуірдегі ұзақ ғасырлық мәдениетімен тарихы тұрғысынан баға жетпес құнды дүние. VII-VIII ғасырларда жазылған, Орхон және Енисей өзен бойларында табылған.

Қызыл (Тыва) қаласындағы тасжазба


 
Енисей жазбаларының жалпы саны – 85 айналасында. Олардың ішінде кіші-гірім жазбалармен қатар ірі мәтіндер кездеседі. Енисей ескерткіштері көлемі жағынан негізінен шағын болып келеді. Ең үлкен 10-15 жолдан, ең кішісі 1-2 жолдан ғана тұрады.
 
Түркі жазбаларының ішіндегі ең маңыздысы – Орхон жазба мұралары. Орхон өзенінің бойынан табылған бұл ескерткіштердің ішінде тасқа қашалып жазылған 3 тарихи  мұра ерекше аталады. Оның біріншісі - 732 жылы өлген хан інісі Күлтегінге, екіншісі – 735 жылы өлген Білге қағанға, ал үшіншісі – Тоныкөкке арналған ескерткіштер.
 
Орхон жазбаларында Түрік қағанаты дәуіріндегі елдің білім, дүние танымы, түркі халықтарының тарихы мен тағдыры, қарым-қатынастары, жеңістері мен өкініштері, отаншылдық, ерлік, бірлік, намыс туралы түсінігі, наным-сенімі тәуелсіздік аңсары, осы жолдағы атқарған қызметтері жазылған. Жырларының негізіне түрік руларын біріктіру, нығайту, сыртқы жаулардан қорғау идеясы алынған.

Білге қаған жазбаларының копиясы


 
Орхон жазуының мәдени мұраларының бірі – Күлтегін ескерткіші. Биіктігі -3,5 метр, төменгі ені -1,32 метр, жоғарғы жағының ені –1,22 метр. Биіктеген сайын жіңішкере береді, жоғарғы бөлігі өрнектелген. Тастың төрт жағы бірдей жазылған. Батысқа қараған бетінде қытай жазуы, қалған қабырғасы бірдей көне түркі жазумен толған. Жырлары түркі ұлтының тарихымен Күлтегіннің батырлығын бейнелейді. Күлтегін ескерткіші Түркі халықтарының баға жетпес мәдени байлығы. Ескерткіштің моделінің 2001 жылы 18 мамырда Астанадағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия Мемлекеттiк Университетiнiн бас ғимаратына орналастыруы Қазақ халқының арғы аталары Көне Түріктердің төл жазбаларының қаншалықты құнды мұра екендігін дәлелдей түседі.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (26)

Аноним

Коп рахмет)))

Алия♡♡♡♡♡♡♡☆

РАХМЕТ!!!!!!!!!!!!!

Аноним

РАХМЕТ КҮШТІ САИТ ЕКЕН

Акбота

Рахметттт

Зируза

Рақмет Өте жақсы екен маған қатты ұнады

Акбар

Рахмет

Оңғарбек

рахмет☞♡☜

Кызгалдак

Рахмет керемет маган унады

азалия

рахмет улкен,керегме жаратм

Арайлым

Орхон жадигерлери кай гасырда табылган

Алия

Рахмет

Зоя

Рахмет

Жансая

Керемет керек ақпаратты тауып алдым рахмет здерше

Аяука

Рахмет

Аяулым

Рахмет

Роналду

Жақсы екен рахмет

Красавчик бала

Әдемі мәлімет рахмен бро или тәте

Красавчик бала

Мәәә жақсы екен енді мәліметтерді осы сайттын алам

Нурлыайым

Зор жазылган

Әли Нұрқуат

Рахмет керек қатты біліп алдым

GGG

Рахмет

Асем

Култегын жыры керек еды , соны косу керек. Рахмет

алинур братан

рахмет кушти екен маган унады

Айару

Көп рахмет

Алихан братан

Зын

Клактама шлактама фамана сет

Орхон-Енисей жазбасы — Орхон және Енисей өзен бойларында табылған көне түркі жазуымен жазылған жазбалар. Оның ішінде әйгілі Білге қаған, Күлтегін, Тоныкөк құлпытастарындағы жазбалар. Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде "рунь" сөзі "сыры ашылмаған", "құпия" деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым В.Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті. Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер. «Күлтегін» жырының басты идеясы – Күлтегін батырды Түрік қағанатының құдіретті тұлғасы етіп көрсету. «Күлтегін» жырының авторы – Йоллығтегін.Түрік қағанаты тарихында Тоныкөк тұлғасы ерекше орын алады. Ол Елтеріс қаған және Білге қағандарға кеңесші болған. Тоныкөк ел қамын ойлаған ақылгөй, дана қарт. Түрік қағанатына төрт жағынан жау қаптағанда, Тоныкөк ақыл кеңесімен де, тапқыр сөзімен де, батырлық істерімен де қағандарға көмектесіп отырады. Орхон жазба жәдігерліктері ішінде «Тоныкөк» жыры ерекше орын алады. Бұл жырдың авторы бөлек, оны Тоныкөктің өзі жазған деген болжам бар. Екіншісі – руна жазуындағы бұл жәдігерліктерді поэзиялық туындыға тән барлық белгілері бар, ежелгі түркілердің өзіндік әдеби дәстүріне негізделген көркем туынды деп таныды.

Пікір қалдырыңыз

×