Эльмира Омарбекова

Бұл бетте автордың қысқаша өмірбаяны, негізгі деректері және шығармашылығына қатысты бөлімдер мен туындылары жинақталған.

Автор туралы

Эльмира Омарбекова – 1970 жылы дүниеге келген. Ол – Бәйдібек ауданы-ның Ақбастау ауылының тұрғыны. Мүмкіндігі шектеулі болса да, өмірге деген құштарлығын жоғалтқан емес. Эльмира бала күннен-ақ оқуға, білуге, үйренуге өте зерек, құмар, ынталы болып өсті. Алғаш өлеңдері «Оңтүстік Қазақстан», «Алғабас», «Шаян», «Ұлан» газеттері мен «Ақ желкен», «Жа-лын» журналдарында жарияланған. Эльмира Омарбекованың алғашқы «Бастау» атты жыр жинағы 2003 жылы жарыққа шықты. 2009 жылы «Тасқа біткен жауқазын», «Өмірге ынтық өлеңім» атты кітаптары жарық көрді. 2010 жылы Жеңістің 65 жылдығына орай «Жеңіс» атты жыр жи-нағын шығарса, ал 2011 жылы Тәуелсіздіктің 20 жылдығы қарсаңында «Еліме, Елбасыға тарту еттім» атты жинағы баспадан жарық көрді. 2016 жылы Қош келдің, Ай-Рамазан атты кітабы жарық көрді.