Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым

Бұл бетте «Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым
Жүректегі пернелерді сөздерменен қозғадым.
Ақындықтың қай кезде кеп қонғанын
Айта алмаймын, неден қалай болғанын?

Кей күндері өзі келед толқындай
Сонда сайрап мен кетемін бір тынбай.
Кейбір мезет баяу келед жәйменен
Шабыт шаппай отырам ба, бұл қалай?

Өлеңдерім көңіл-күйім, ойларым
Мен сендерді қоямын деп, қоймадым.
Қиындықтан, басқасынан мен қашпан
Қадіріңді кетірем бе деп қорқам.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері