Шығармын жауқазындай тасты жарып
Бұл бетте «Шығармын жауқазындай тасты жарып» атты Эльмира Омарбекова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жұрт сүймес сөйлегенді бостан-босқа,
Жақсылықты қайырсыз жаннан тоспа.
Дүниеде әр нәрсенің өз орны бар,
Жең деген етек емес артық қоспа.
Тірліктен көп із көрдім сен көрмеген,
Істерім де аз емес меңгермеген.
Тағдырдың талқысына түскеннен соң,
Жүрегін біздей бейбақ, емдер немен,
Ескерместің есігі ашылды ма?
Өңкей білмес сөзін бос асырды ма?
Көрінбейтін болып жүр шын асылдар
Қалың тобыр жүздерін жасырды ма?
Қолынан түк келмейтін болдық қаріп,
Бостан-бос өтіп жатыр уақыт қарып.
Келгенде көңіліме нұрлы көктем,
Шығармын жауқазындай тасты жарып.
- Эльмира Омарбекова
-
-
-
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі