Мұң

Бұл бетте «Мұң» атты Міржақып Дулатұлы жазған мұң туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Ғазиз басым құтыла алмай жаладан,
Жаудың қолы босамай тұр жағадан.
Жүректі жаншып, жанға түскен ауыр тас,
Ашу тасып, тамырды қуып тараған.
«Қара құлақ - қасқырдың шамы» дегендей,
«Мынау солай» - дегенге оғын қадаған.
Лаж бар ма болған соң заман осылай,
Шақ болып тұр сұңқарды құзғын талаған.
Жүйрік қиял дүниені айналып,
Дамыл таппай дәртке дәрмен қараған.
Мұңын шағып қалды «азамат» үміткер,
Түсінер деп көңілінде сәуле бар адам.


Пікірлер (1)

Ментай

Кушты

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұң өлеңінің авторы кім?

Міржақып Дулатұлы — осы өлеңнің авторы.

Мұң өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұң өлеңі не туралы?

Бұл шығарма мұң туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Мұң өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері