Ризамын саған тағдырым – Досболат Санат

Бұл бетте «Ризамын саған тағдырым» атты Досболат Санат жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Өзегімнен тепсенде,
Бақытсыз етсенде.
Талай жерде сүрініп,
Құлап құздан кетсемде.
Ризамын саған тағдырым.

Қиындығынды көрсемде,
Соққымен жаза берсенде.
Топырағына сініп даланың,
Дəл қазір мейлі өлсемде.
Ризамын саған тағдырым.

Тартсамда ащы дəмінді,
Тартсамда мұңды зарынды.
Алсада тура дəл қазір,
Əзірейл келіп жанымды.
Ризамын саған тағдырым.

Сыйладың маған таң нұрын,
Көрсеттің байлық барлығын.
Тыңдадым сенің арқанда,
Бақыттың тəтті əн жырын.
Төрт мезгіл келіп басыма,
Қарсы алдым қарын,жаңбырын.
Кең жерде жүріп көрсемде,
Дүниенің тарлығын,
Сонда да саған ризамын,
Маңдайға біткен
Тағдырым!!!!


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (1)

Санаттын апасы

Санат, шыгармашылык бииктен корине бер!

Осы автордың басқа өлеңдері